Әңгімелеу мәтіні (Сабақ жоспары)

0
6725

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№180 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Абдуллина Назерке Серікқанқызы

 

4 сынып Қазақ тілі              
Тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні  
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың  іс-әрекеті

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сынып тазалығына мән беру.

2. Оқушылармен сәлемдесу.

3. Оқушыларды түгелдеу

 

 

 

 

2 мин

«Уақыт шеңбері»

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Қайырлы таң достым,

Қайырлы таң құрбым

Бейсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағаң,

Кілең бестік болсын!

«Түстерді сәйкестендір»

Қобдишадан суретті алып, суреттердің түсі бойынша үш топқа бөлініп отырайық:

І топ: көк  ІІ топ: жасыл ІІІ топ: сары

Мұғалім:

—          Балалар, қолымыздағы ненің суреті?

—          Балалар, бүгін біз кемеге отырып, теңізді саяхаттаймыз. Ол үшін кемені жүргізетін капитандарымызды сайлап алайық.

Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалімнің сөзін қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Суретті таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылар суреттегі бейнені анықтап, топ капитандарын сайлайды.

5 мин

Үй тапсырмасын пысықтау

Мұғалім:

—          Кемеміз алға жүзу үшін, бірнеше кедергілерден өтуіміз керек:

1 – кедергі: акула

Акуланың тапсырмасы:

3 – жаттығу.

1.      Көшіріп жаз

2.      Сөйлемдерді бір – бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз.

3.      Мәтінде не туралы айтылған?

4.      Кестені пайдаланып, дәлелдей білуге үйрен.

2 – кедергі: Тас

Тастың тапсырмасы

«Тест сұрақтары»

Әр оқушыға 1 сұрақтан беріліп, 12 сұрақты тест тапсырмасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Әр топтан екі оқушы тұрып, байланыстырып тұрған сөздерді оқиды.

—          Балалар, мәтін не туралы екен?

—          Бұның мәтін екенін қайдан білдіңдер?

Тест сұрақтарын әр оқушы жеке тұрып, интерактивті тақтаға дұрыс жауабын белгілейді.

Балалардың белгілеген тапсырмаларын интерактивті тақтадан дұрысын көрсетіп, тексертемін.

7 мин

Жаңа материалды меңгерту.

3 – кедергі: Дельфин

Дельфиннің тапсырмасы

—          Ал енді, балалар,  интерактивті тақтадан мұқият тыңдап көрейік.

—          Ал, бұл тыңдағандарың қай мәтін түрі екен?

—          Оның әңгімелеу мәтіні екенін қайдан білдіңдер?

—          Бұл мәтіннің атауы бар ма екен?

—          Жарайсыңдар, балалар!

Оқушылар мұқият тыңдап, мәтіннің түрін анықтап, ережесін шығарады.  Тақырыбын табады.

Оқушы:

—          Әңгімелеу мәтіні

—          Бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылып тұр. «Не істеді?                                                                                                                                                     не істейді?» деген сұрақтарға жауап беріп тұр.

—          Иә, бар. Бұл мәтіннің атауы – Күз

 

 

Жаңа материалды бекіту.

Топпен жұмыс

4 – кедергі: Сегізаяқ

І топ: 6 – жаттығу.

5 – кедергі: Ақ аю

ІІ топ: 8 – жаттығу

6 – кедергі: Итбалық

ІІІ топ: еркін тақырып

Тақтада мәтінмен жұмыс барысында талқылайтын тапсырмалар берілген.

  1. Мәтіннің атауы
  2. Мәтіннің түрі
  3. Мәтіннің мағынасы

7 – кедергі: Пингвин

Көптілділік

Жұптық жұмыс

—          Балалар, осы мәтіндеріңнен таңдап алған бірнеше сөздерім бар.

—          6 – жаттығу:

  1. Оң аяқ
  2. Сол аяқ

8 – жаттығу:

  1. Қант
  2. Тас

Еркін тақырып:

  1. Балалар
  2. Құстар

—          Берілген сөздерді 3 тілге аударып, тақтаға жазамыз.

Оқкшылар топпен ақылдасып, берілген тапсырмалар бойынша талқылап, ақ парақшаларға түсіріп, дәптерге көшіреді.

Тақтаға шығып, өз мәтіндерін қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тақтадан алып оқиды.  Жұбымен ақылдасады. Тақтаға жазады.

І топ:

  1. Оң аяқ  —  правая нога   —

right leg

  1. Сол аяқ   —   левая нога    —   left leg

ІІ топ:

  1. Қант – сахар – sugar
  2. Тас – камень – stone

ІІІ топ:

  1. Балалар – дети – children
  2. Құстар – птицы – birds
2 мин

Сергіту сәті

—          Балалар, бізге көмекке бақа келіпті. Бақа бізге қандай ойын дайындап келіпті?

«Бақа, бақа, балпақ»

Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлініп айтады.

Қыздар:

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Қыздар:

-Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неден тостақ?

Қыздар:

-Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талтақ?

 

 Оқушылар тақтаға шығып, екіге бөлініп тұра қалады. Бірінші қыздар мұғалімнен қайталайды. Келесі ұлдар қайталайды. Өлең аяқталғанша кезек – кезек солай жалғасады.

Ұлдар:

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Ұлдар:

-Көрінгенге көп қарап,

Көзім содан тостақ.

Ұлдар:

-Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

 

3 мин

 

 Сабақты қорытындылау

«Ұшақпен тілдесу»

Оқушыларға ақ парақшалармен жасалған ұшақтарды таратып беремін.

Оқушылар топпен ақылдасып, ұшақтың бір қанатына тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды. Қойған сұрақтарын  қарсы топтарға ұшырады:

І топ – ІІ топқа

ІІ топ – ІІІ топқа

ІІІ топ – І топқа

Ол сұраққа топпен ақылдасып жауабын екінші қанатына жазып, сол топтарға қайта ұшырады.

 

Үй тапсырмасы

9 – жаттығу. Суреттерге қара. Оқиға неден басталды? Оқиға қалай өрбіді? Ары қарай не болды? Немен аяқталды? Мәтінің қалай болып шықты?  Ат қой және құрастырған мәтініңді жаз.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
2 мин

Кері байланыс

Оқушылар бүгін теңізді саяхаттап келіп, «Қандай әсер алдыңдар? Көңіл – күйлерің қандай? Сабақта қиындықтар  болды ма?» деген сауалдыға жауапты смайликтеріңді көтеріп белгі беріңдер.

Әр оқушы сабақтың түсіну, түсінбеуіне орай смайликті көтереді.
2мин

Жекелей бағалау:

Әр кедергі сайын жинаған балықтары арқылы бағалаймын.

Топтық бағалау:

Тақтаға ілінген топтардың кестелеріне қарсы топтар өз балдарын беру арқылы бағаланады.

Күнделіктеріне бағаларын қояды.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ