Ақпараттық сауаттылық деңгейін қайтсек көтереміз?

0
2288

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әл-Фараби» кітапханасында «Қазақстан Республикасында қоғамның ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында медиалық және ақпараттық сауаттылықты ілгерілету» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияға ЮНЕСКО, БҰҰ, қоғамдық ұйымдарының өкілдері, кітап баспалары, «Электрондық-кітапханалық жүйе» компаниясы және 46 ЖОО, 5 колледж, 2 мектеп кітапханасының өкілдері қатысты. Түске дейін өткізілген секциялық мәжілістерде БАҚ-тағы медиалық және ақпараттық сауаттылық, студенттер мен оқытушылардың медиалық мәдениетін қалыптастырудағы университеттік кітапхананың рөлі, кітапханаларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қозғалды.Түстен кейінгі пленарлық мәжілісте БҰҰ Ақпараттық бюросының өкілі Властемил Самек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен БҰҰ арасында тұрақты даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы баяндама жасаса, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы кластерлік бюросы, коммуникациялар мен ақпарат жөніндегі ассистенті Г.Балғарина Қазақстан республикасындағы медиалықжәне ақпараттық сауаттылыққа ЮНЕСКО тарапынан көзқарас білдірді.  Назарбаев университеті кітапханасының бас менеджері П. Лапо кітапханалық мамандық алдында тұрған заманауи сын-тегеуріндер туралы қатысушыларға құнды ақпараттар берді. Сондай-ақ, конференцияда smart library кітапханалық жүйесі, Oxford university press баспасының ЖОО арналған ресурстары, Финдік мектептің жаңа оқу жоспарындағы медиасауаттылық туралы баяндамалар оқылып, ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудағы кітапхананың рөлі сөз болды.\r\n\r\nКонференция барысында «Атамұра», «Экономика» баспаларының сатылымға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шарадан соң конференция қатысушыларына кітапхана ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Конференцияға арнайы келген кітапхана өкілдері жаңа кітапхананың мүмкіндіктерін көріп, таңданыстарын білдірді.Әл-Фараби кітапханасының директоры  Қ. Туенбаеваның айтуынша мұндай конференциялар Қазақстан өңірлеріндегі кітапхана өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына үлкен септігін тигізеді әрі ақпараттық сауаттылық мәселелері талқыланып, ұсыныстар ортаға салынады. Қоғамдағы ақпараттық сауаттылық жоғарғы деңгейде болған жағдайда қоғам санасы өседі.\r\n\r\n \r\n\r\nСақтан Еңлік\r\n\r\nСтуденттік баспасөз Орталығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ