Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру (ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
3222
Дене шынықтыру

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: 5 саны және цифры. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды 5 санымен және цифрымен таныстыру, 5 санының пайда болуы,оның құрамымен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Балалардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: геометриялық пішіндер туралы білімдерін толықтыру, бір-біріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: 5 саны, цифры.

Көрнекілік: суреттер, сандар.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Қостілділік компонент: бес — пять

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбер:

Балалармен бірге шеңберге

тұрып, өлең шумақтарына сәйкес

қимыл-қозғалыстарды орындау.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

— Балалар қазір математика сабағы, 5 саны мен цифрымен танысамыз.

 

— Балалар біз математика сабақтарында не үйрендік?

— Біз қалай санаймыз сандарды?

— Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

— Балалар қане маған 5-ке дейін санап беріңдерші.

— Ал енді кері санаймыз 5,4,3,2,1.

— Енді біз 1,2,3,4 сандарымен толық танысқанбыз. Ал , қазір 5-санының құрамымен танысамыз.

— Балалар біз санды естиміз , айтамыз, ал сол санды цифрмен белгілейміз. Тақтаға 5 санын жазып көрсету.

— Ал енді 5 цифрын ауада жазайықшы.

— 5-ке дейінгі санамақты айту

1 дегенім – бірлік,

2 дегенім – еңбек,

3 дегенім – үміт,

4 дегенім – талап,

5 дегенім – білім

Білім жарық күнің.

— Балалар мұқият тындайды.

— Санауды, геометриялық пішіндерді, уақытты бағдарлауды үйрендік.

— Сандарда тура және кері санаймыз.

— Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, сопақша.

-1,2,3,4,5.

— 1-ді 1-ге қосу керек.

— 1-ді 1-ге қосқанда 2 болады.

— 5 саны бірліктерден тұрады.

— 5 саны 5 бірліктен тұрады.

— Балалар бәрі бірге санайды.

— Ауада жазады.

— Балалар тәрбиешімен қайталап, жаттайды.

Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Сергіту сәті:

Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

Балалармен бірге қимыл-

қозғалыстарды орындау.

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Сандарды, сандар бірліктен тұратынын білулері керек.

Түсінігі: 5 санын, цифрын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 5 санын, цифрын және 5 саны бірліктерден тұратынын меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі Гүлайым Аубакирқызы.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ