Ардагер ұстазбен кездесу

0
774
Гүлмәрия Барманбекова

«QAZAQSTAN» телеарнасының ардагері  қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Гүлмәрия Барманбековамен «Тұран» университеті журналист мамандығы бойынша оқып жүрген студенттермен кездесу өтті.

Гүлмәрия Барманбекова 1975 жылы С.М.Кирова атындағы ҚазМУдың Журналистика факультетін тәмәмдағаннан кейін еңбек жолын  Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер болудан бастап, республикалық радиодағы «Шалқар» бағдарламасының Бас редакциясында тілші қызметің атқарған.

Өз өмірін журналистикаға арнаған Гүлмәрия апай Қазақ теледидарында тілші, редактор, комментатор, Қазақ теледидары «Парасат» шығармашылық бірлестігінің жауапты хатшысы, Қазақстан ұлттық арнасының редакторы, ҚР Жоғарғы Кеңесіндегі Қазақ теледидарының арнаулы тілшісі болып та лауазымды қызметтер атқарған.

Бүгінгі кездесуде болашақ журналистердің Гүлмәрия апайларына қойған сұрақтары да өте тартымды болды. Аталмыш кездесу барысы болашақ журналистер үшін көптеген пайдалы кеңестерге, шеберлікті шыңдау жолындағы еңбек жолындағы әңгімелерге толы болды. Ардагер журналист бар білгенін студенттерге түсіндіруден аянбады.

Журналистің «Денсаулық», «Салауатты өмір салты»«Көкнәрдің көз жасы»  циклдік хабарларын ұйымдастырып, эфирге шығарғаны туралы, «Сапа» , «Экология бекеті» циклдік телебағдарламасының авторы, редакторы, режиссері және жүргізушісі болғандығы туралы толғау, естеліктерге толы өте мәнді әңгіме өрілді.

Студенттер тележурналистің шеберлігі туралы көп мағлұматтар алып және журналист-жазушының «Ғажайып ғалам» атты кітабымен танысты. Кездесу еліміздің түкпір-түкпіріндеге білім алып жатқан студенттер өз мамандығының шеберімен кездесіп онлайн форматта сұрақтарына жауап алуларына еш кедергі болмады.

Студенттер газет, радио, телевидение, мультимедиа сынды журналистиканың ел мен биліктін арасындағы алтын көпір екендігін тағы да бір мәрте түсінді. Бар болғаны бір сағатқа жетер-жетпес уақытта Гүлмәрия апай журналистиканың қыр-сырына, тәрбие мен өнегеге толы айтылған әңгімесі мен студенттер  тарапынан қойылған сұрақтарға  берген сүбелі жауаптары барша студенттің көңілінен шықты.

 Құрманбаева А.А.
«Тұран» университеті»


ПІКІР ҚАЛДЫРУ