Арман орындалатын дүние ме?

0
997

Қанатсыз құс болмайды, армансыз адам болмайды. Бала кезімізде қолымыз жете алмаған дүниеге көзіміз жәутеңдей қарай қалатын. Көрген сәттен бастап ол- арманға айналатын. Уақыт өте келе есейдік, бірақ сол әдет әлі қалмаған. Айтады емес пе “ауру қалса да,әдет қалмайды”,-деп. Бұл оймен толық келісуге болады.Әрине бір арманың орындалса, екіншісі пайда болады немесе бәрі де тізбегімен армандалады.

Мазалайтын уайым-қайғы жоқ, ары тартсаң да , бері тартсаң да жетпейтін, сары уайымға салдыратын ақша да жоқ, ойда тек қана балмұздақ пен ойыншық- міне, балалық шақтың нағыз арманы. Ал бесінші-алтыншы сыныпқа келгенде, өзіңді тіпті үлкен адам сезініп “менің арманым- журналист болу, дәрігер болу, жо-жоқ әскери адам болу” деп армандай бастаймыз. Ол арман бір қалпында тұрмайды, заңдылық бойынша бірнеше рет ауысады. Сонымен 11-ші сыныпқа да жетеміз, осы кезде адаса бастаймыз, кімнің арманы маңызды екенін түсіне алмай әлек боламыз. Басымызда: “ әке-шешемнің арманын орындап дәрігер болайын ба, әлде өзім қалайтын, жан-тәніммен сүйетін мамандықты таңдайын ба?”,- деген сұрақ маза бермей қояды. Әр адам өздігімен ерекше болғандықтан, таңдаулар да ерекше болады. Шешуші сәтте біреу арманымен қошайтысып жатса, біреу оған қолын созып жатады. Арада ұзақ уақыт өтіп, өмірдің алдымызға қойған талай қиыншылығын көріп, ойға алған армандар мен алға қойған мақсаттардың көбісі орындалып жатқанына көзіміз жетеді. Оның бірін байқасақ, бірін байқамаймыз.

Ойлар қалай материалданады? Қағазға ойымыздағы кереметті жазайық. Мысалы, сізде ұялы телефон бар, бұл материалдық нысан, бірақ ол сіздің өміріңізде қалай пайда болды? Мүмкін, сіз жай ғана барып, оны сатып алдыңыз, яғни әрекет жасадыңыз. Әрекет алдында бір нәрсе болды ма? Адам-әлеуметтік жан , сондықтан телефон сатып алу алдында, сіз біреуге бұл ниетіңіз туралы айтып бердіңіз, ал сіздің сөздеріңіз немен негізделді? Кез-келген сөздер ойдан туады: сіз бір нәрсе туралы ойладыңыз және оны айттыңыз. Демек, материалдық заттың пайда болу процесінде бастапқы ой болып табылады, ал процестің өзі ой — сөз — әрекет — нәтиже схемасы бойынша жүреді. Біздің ойымыз осылай материалданады.

 

Бұл қарапайым алгоритмді түсіну үшін, сіздің кез келген іс-әрекеттеріңіз неден басталады және барлық дене қимылдарында ойдың әрекет ететінін түсініңіз. Сүт сатып алу идеясы пайда болды-дүкенге бардық; босаңсуды қаладық -фильм көрдік; өзіміздің жетілмеген денемізді туралы ойладық, айнаға қардық , — жаттығуға бардық.

Жоғарыда келтірілген мысалға сүйене отырып, тартылу Заңын үш деңгейге бөлуге болады:

 

1. Идея, яғни ой.

2. Сөз немесе айтылған ой.

3. Іс-әрекет, яғни, жүзеге асырылатын ой.

Іс-әрекеттерден кейін нәтиже, яғни нақты әлемде көрсетілген ой керек. Бұл жерде кездейсоқ әрекеттер жоқ екенін түсіну маңызды. Жер бетінде алдымен жасайтын, содан кейін ойлайтын адам жоқ. Кездейсоқ әрекеттер жай ғана қысқа уақыт аралығынан ой мен әрекет арасындағы ерекшеленеді. Сондықтан ойлар әрбір адамда материалданады, тек біреуі саналы, ал басқалары — бейсаналық.

Кейде өзіміді кінәләп, өмірге налыйтын сәттерде болады. Өмірден түңілудің, налудың мүлде қажеті жоқ. Өйткені шын жүрекпен армандап жүрген арманыңыз әлеммен, ғарышпен байланысқа түседі де, уақытысы келгеде міндетті түрде орындалады — бұл ғалымдардың зерттеуімен дәлелденген. Сондықтан арманыңызды елестетіңіз, қағазға шимайлап жазыңыз, жанына суретін салыңыз, бірақ ешқашан тоқтатпаңыз, басыңыз салбырамасын. Әрине оның орындалуы үшін сіз талпынып, тер төгуіңіз қажет. Бірақ берілуге болмайды! Ең бастысы- өзіңізге және арманыңызға сеніңіз! Армандаңыз! Арманға жете біліңіз!

Диара Қалдыбек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ