Артур Шопенгауэрдың философиялық тұжырымдары

0
3162

 

  • Ақылды адам жалғыздыққа құмар емес, ол тек ақымақтардың ырду-дырдуынан бойын аулақ салуға ұмтылады.
    • Жастық шақпен өлшесең – өмір мәңгілікке созылатын келешек, қарттықпен өлшесең – зымырап өте шыққан өткен шақ.
    • Хайуанға қатыгездік көрсеткен жан адамға мейірім көрсете алмас.
    • Бір ғана туабітті қателік бар – біз бақытты болу үшін жаралғанбыз деген сенім.
    • «Мен мұны өзгерте алмаймын, ендеше бұдан сабақ алуым керек» дегенді іштей жиі қайталап үйренген абзал.
    • Айналаңдағы надандықпен күресе алмайсың. Бірақ текке алаң болмаңыз, сазға түскен тас тез батып кетеді.
    • Әйелсіз күнің: басында – қорғансыз, ортасында – рахатсыз, соңында – жұбанышсыз болмақ.
    • Ортаңқол сана уақытты қалай өлтірсек деп уайымдайды. Дарынды адам уақытты қалай жеткізсек деп алаңдайды.
    • Лихтенберг: «Бас пен кітап соғылса, ылғи кітаптың ғана дыбысы шыға ма?» дегенді қалай ғана байқаған…
    • Кім жалғыздықты жақсы көрмесе, сол еркіндікті сүймейді. Өйткені, тек жалғыздықта еркін болуға болады.
    • Адам бақытты болуы үшін қалтасындағы байлығы емес, бойындағы қасиеті маңыздырақ.
    • Әр адамды тыңдауға болады. Бірақ әрбірімен сөйлесу міндет емес.
    • Байлық тұзды су сияқты. Ішкен сайын шөлдей түсесің. Атақ та сондай.
    • Кейде бір жерді сағынған сияқты боласың. Ал, шын мәнінде сол жерде өткізген жастық шағыңды сағынасың. Осылай уақыт кеңістік бетпердесін киіп алдайды…
    • Аузын қу шөппен сүртетін жарымес мақтануға дым таппағандықтанда қай ұлттың ұлы екенін айтып мақтанады.
    • Өзгенің абыройы мен жетістігін еркін әрі лайықты бағалау үшін өзіңнің де арлы болуың шарт.
    • Адамдар тағдыр деп атайтын құбылыс шын мәнінде өздері жасаған ақымақтықтың жиынтығы ғана.
    • Дананың сөзі жай адамның сүзгісіне шыдас бермейді.
    • Әр бала белгілі бір деңгейде дана, әр дана белгілі бір деңгейде бала.
    • Дұшпаның білмеуге тиістіні досыңа айтпа.
    • Адамзат баласының дамуын тежеп келе жатқан бірден бір себеп, адамдар ақылдыларды емес, айғайшыларды көбірек тыңдайды.
    • Әлем – бейдауа дертке шалдыққандардың ауруханасы.

Аударған Шынар Әбілдә

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ