«Аруна» баспасы туралы мәлімет

0
4710

«Аруна» баспасы 2000 жылдың мамыр айында ашылды. Баспаның ашылуына демеуші болған адамдар — Иманәлиев Бауыржан және Райымбеков Қазбек. Жаңадан ашылған кезде қазақ тіліндегі кітаптар аз болды. Қазақ тіліндегі кітапты шығару мақсатымен құрылды. Аруна баспасының негізгі бағыт-бағдары балаларға арналған кітаптар.Соңғы жылдары мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кітаптар шығарылуда.Заман талабына сай кішкене бүлдіршіндеріміз ерте жетіліп, олардың сұраныстары, білім алуға деген құлшыныстары артып қана қоймай, талғампаздық қасиеттері де күн өткен сайын өсіп келеді.

Жалпы, балалардың кітапқа деген қызығушылығы ерте жастан байқалады. Ең алғаш қолдарына тиген кітаптары олардың есейген шақтарына дейін естерінде қалады. Сондықтан баланың тұңғыш рет қолына алып отырған кітабы қызғылықты, көркем суретті, сапасы жоғары болғаны дұрыс. Егер алғашқы кітап баланың көңілінен шықса, онда оның бала өміріне тигізетін ықпалы да мол болмақ. Мысалы, кітапты сүюге, қадірлеуге баулып, кітап оқуға деген талпыныстарын арттырады.

«Аруна» баспасының ашылуына екінші себеп- балаларға арналған мағынасы және маңызы зор өзіміздің мемлекетімізде шығаратын төл кітаптардың аздығы. Ал баспаның ең басты мақсаты көркем суретті жоғары сапалы полиграфия үлгісіне орындалған танымды және қызғылықты, отаншылдық сезімді оятар әдеби шығармалар шығарып отыру.

Оқырмандар Қазақстан тарихының тақырыбын қамтитын қазақ тіліндегі балалар әдебиетіне сусап-ақ отыр. Болған күннің өзінде олардың саны өте аз. Осы кемшіліктердің орнын толтыру мақсатымен «Аруна» баспасы көркем суретті, энциклопедиялық, қызықты балалар әдебиетін шығарып жатыр. Тарихымыз бен мәдениетімізге, ұлттық дәстүріміз бен салтымызға көңіл бөлу, балалар әдебиетін тартымды етіп шығару — баспаның алға қойған мақсаты. Кітаптардың балалардың жас ерекшеліктеріне сай, жеңіл жазылған танымдық мәтіндер мен бояуы қанық көркем суреттері бір-бірін толықтыра отырып, баспа өз өнімдерінің сапасын жоғарғы деңгейге жеткізді.

Он жылдың ішінде баспадан шыққан кітаптардың саны 1000-ға жуық болды. Осыншама көлемдегі кітаптар «Аруна» баспасының көмегімен жарық көргенімен, қазіргі таңда «Аруна» баспасының жеке баспаханасы жоқ. Сондықтан да кітаптарды Қазақстанда тұрақты келіскен баспахана да бастырады.

Баспаның шығаратын кітаптары балаларға арналғандықтан, оның безендірілуі мен дизайні өте маңызды рөл атқарады. «Аруна» баспасында Иманалиев Бауыржан, Козлова Елена, Королек Елена сынды суретшілер қызмет атқарып, әртүрлі идеяларды туындатып отыр. Мысалы, «Наркомания қасіреті» атты кітапта әрбір әңгіменің басы үлкен қаріппен беріліп, ал келесі жолда ол одан кішірек, ал келесі жолда одан да кішірек қаріппен жазылған. Мұндай тың идеяны бас көркемдеуші редактор Козлова Елена бұл баланың назарын аудартып, шығарманы тез оқып оған тез еніп кеткізуі үшін жасалған деп түсіндірді. Расында да бұл оң нәтиже берді, өйткені аталған кітап 80 мың данамен таралды. Бұл баспа үшін қомақты та-быс болып табылады. Кітапты безендіруде баспа дизайнерлері оның қарпіне байқағанымыздай үлкен мән береді. Көбінесе баспада дайын қаріп пайдаланылады.

«Аруна» баспасы соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға ат- саласып, тендерде жеңіп алған лоттар бойынша бірнеше энциклопедиялық анықтамалықтар шығарды.

«Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығында қазақ әдебиетіне қатасты ұғымдар, барлық ақын, жазушы, жыршы, жыраулардың, әдебиеттанушы ғалымдардың қысқаша ғұмырнамасы жүйеленді. Сонымен бірге қазақ ауыз әдебиетінің поэзиясының сан ғасырлық тарихи даму сатыларын паш ететін ежелгі әдеби нұсқаларға, XV-XVIII ғасырлардағы жыршы-жыраулар шығармаларына, ертегі- аңыздарға, батырлық, ғашықтық жыр дастандарға, түркі поэзиясының нұсқаларына да назар аударылған.

«Аруна» баспасының «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық анықтамалығында өткен үлкенді-кішілі оқиғалар қазақ халқының мүддесіне тарихи тағдарына қатысты жүйелі баяндалады. Кітапта түркі тайпалары құрған мемлекеттер, Қазақ хандығының тарихы, қазақ халқының өз жеріне көз алартқан жат жерлік басқыншылармен шайқастары, Ресей империясының бодандығында болған жылдары, тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы түгел қамтылған.

Назар аударарлық энциклопедиялық анықтамалықтың бірі- «Жерінің аты – елінің хаты» онда Қазақстан аумағындағы топонимдер тұңғыш рет толық көлемде топтастырылады. Республиканың 14 облысы бойынша тізілген 17 мыңнан астам табиғи нысандар мен елді-мекендердің жалқы атаулары қысқаша тарихи — географиялық мол мағлұматтармен өрнектеле берілген.

Баспа балаларға арналған үш томдық «Ежелгі Қазақстан мифтері», «Ежелгі Қазақстан аңыздары» және «Ежелгі Қазақстан әпсаналары» басылымы оқырманға ұсынылып отыр. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан бұл кітаптарда ерте

заманнан атадан — балаға мұра болып, халық жадына сақталған, ертедегі бабаларымыздың арман-қиялынан туған аңыз-әңгімелер топтастырылған. Ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтардың өмірі мен мәдениетін, салт-дәстүрін баяндайтын, аты аңызға айналған жерлермен, адамдармен таныстыратын осынау томдарда халық ауыз-әдебиеті бір жүйеге келтіріліп, балалар дүниетанымына лайықталып баяндалған. Авторы – «Алаш» сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаров.

«Шығыстың ұлылары» топтамасы балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде шығып жатқан бұл топтама күні бүгінге дейін көркем әдебиетте нақтылы айтылмаған ұлы тұлғалар туралы дерек береді. Балалардың туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабалардың асыл мұраларын құрметтеуге баулиды.

Топтамада ірі тарихи оқиғалар, мемлекетаралық қарым-қатынастар және қағандардың, батырлардың,ғалымдардың, ұлы ойшылдар мен ақындардың өмірі, іс-әрекеттері қамтылған. Атап айтқанда, бұларда атақты қолбасшы Әмір Темір, қазақ даласында исламның нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама Қожа Ахмет Яссауи, ғұндардың алып империясын құрып,тарихта өшпес атын қалдырған тұлға Мөде қаған, аса ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы ханы Абылый, әлемдік тарихта өзіндік орнын иеленіп,есімін өшпес даңққа бөлеген толағай тұлға Шыңыс хан, көшпелілердің көне мемлекеті – Түрік қағанатын және оның бірінші билеушісі болған Бумын қаған және басқалардың бейнелері әсерлі сомдалып, оқырманға жол тартты.

Қазақ халқының елімен, жерімен, тарихымен және атақты тұлғаларымен таныстыратын 20-томдық «Қазақстан балалар энциклопедиясы» топтамасының алғашқы «Ежелгі Қазақстан», «Алтын орда», «Қазақ хандығы, Қазақстанның ежелгі қалалары, Қазақстанның мифтері мен аңыз-әңгімелері» томдары жарық көрген.

Тарихи – этнографиялық тақырыпты қамтитын мектеп жасындағы балаларға қазақ және орыс тілінде жазылған 160 кітапты қамтитын «Сен білесің бе?» топтамасы жинақталып, толықтырылып үлкен энциклопедия түрінде жарыққа шықты. Ол жасөспірімдер әлеміне аттанып, көптеген құпиялардың сырын ашады. Көркем тілмен қысқа әрі нұсқа жазылған мәтіндер олардың ой-өрісін дамытып, Отанына деген сүйіспеншілігін оятады. Ата тарих, салт-дәстүр, мәдениетімізбен әрі ұлы тұлғалармен таныстырады.

Кішкентай балдырғандар үшін баспадан «Әліпби. Анаммен оқып үйренемін» топтамасының алғашқы «Үй жануарлары», «Қоршаған орта», «Құстар»,

«Ғажайып буындар», «Ойыншықтар», «Ата-бабам мұрасы», «Әйбәт әліппе» кітаптары жарық көрді. Бұл кітаптар 42 әріппен таныстырып қана қоймай, буынға бөлініп берілген мәтінді жаңадан оқып үйреніп жүрген балалар үшін оқу дағдысын үйренуге септігін тигізеді. Сонымен қатар өз беттерімен оқуға арналған «33 мысал», «Бақыт құсы», «Қызғылықты қылықтар» атты оқулық кітаптары да өз оқырмандарын қуанышқа бөлеуде.Баланың оқыған кітаптарын дұрыс түсініп қабылдауына көмектесетін «Әңгімелеу өнері» топтамасына енген «Ақ көбелек», «Еркеме-ертегім», «Туған топырақ», «Наурыз көже», «Бауырлар» кітаптары шықты. Бұл кітаптар баланың оқыған мәтіндерінің мазмұнын өз бетімен дұрыс айтуына мүмкіндік туғызады.

Баланы мектепке жан-жақты дайындау -әрбір отбасы үшін жауапты іс. 5-6 жастағы балдырғандарға әріптерді тану, оқу және жаза білу қиын да қызықты. Сондықтан сауаттарын ашуға көмектесетін «Сиқырлы әріптер», «Дыбыстар әлемі», «Ғажайып буындар» кітаптары ойлау белсенділігін арттырумен қатар, әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы мағлұмат береді. Буынға бөліп оқуға, үзбей оқуға жаттықтырады. «Қазақ ертегілерінің антологиясы» топтамасы да өз жалғасын табуда. Топтамаға енген «Өнегелі ертегілер», «Ерте, ерте, ертеде… » томдары жуық арада жарыққа шығады. Сонымен қатар «Ерлік ертегілер», «Ертегім неткен… мұратына жеткен» томдары жарық көрген. Бұл топтаманың негізгі өзегі адамгершілікті бағалау, тарихи тағылым және имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Ертегілер балалардың ой-өрісін дамытып, белсенділігін, есте сақтау қабілетін арттырады, жаман мен жақсыны ажы-ратуды үйретеді. Баспаның жоба жоспарынан әлем ертегілері де тыс қалмаған. 2007 жылдың басында жарық көрген «Ең қымбат нәрсе» томына қосымша даярланған орыс халық ертегілерінің екі томдық жинақтары жарық көрді. Балалар ақын-жазушыларының шығармалары, оның ішінде «Менің әлемім» — баланың тіліне сай жазылған жануарлар туралы өлеңдер жинағы. Олар жасөспірімдерге жануарлар әлемі туралы мағлұмат береді. Қоршаған әлеммен, табиғаттағы кездесетін жұмбақтармен таныстырады. Ал «Ормандағы оқиғалар» ертегілерін қолына алған оқырман бала кейіпкердің іс-әрекетін таразылап, жақсылық пен адамгер-шіліктің сабақтарын алады. Сонымен қатар «Аруна» баспасы оқулықтар, оқу бағдарламасына енген шығармаларды, көмекші құралдарды да шығарды. Оқушыларға арналған сөздіктер, оқу-әдістемелік кешендер, 5-6 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы туралы әңгімелер», «Ежелгі Қазақстан», бастауыш сыныптар үшін «Ақпарат мәдениетінің негіздері», «Жазбаша сөйлеу өнері», «Өмір қауіпсіздігін сақтау негіздері» мен жұмыс дәптерлері жарыққа шығып, Білім және ғылым министрлігінің қолдауына ие болды. «Самоучитель казахского языка» — қазақ тілін өз бетінше үйренемін деушілерге арналған көмекші құрал.

Кітапқа 45 сабақ енген. Әр сабақ ауызекі сөйлесуге жетелейтін ережелермен, кестелермен, бекіту тапсырмаларымен, жаңа сөздермен және фразеологиялық сөз тіркестерімен толықтырылған. «Аруна» баспасының оқулықтары, көмекші құралдары мен оқу-әдістемелік кешендеріне тоқталып кететін болсақ: «Саралап деңгейлеп оқытудың педаго-гикалы технологиясы» топтамасы негізгі оқулыққа көмекші құрал. Бұл жұмыс дәптерлері өз бетімен білім деңгейлерін көтеруіне көп көмегін тигізеді. Оларды оқуға ынталандырады. Ойларын жинақтап, тұжырымдауға дағдыландырады. Алған білімдерін рейтинг жүйесінің көмегімен әділ бағалауға мүмкіндік береді. Оқу — әдістемелік кешен 1-4 сынып оқу- шыларына арналған «Ақпараттық мәдениет негіздері» — балалардың ойлау, тұжырым жасау қабілеттерін дамыту мақсатымен информатика сабағына нені және қалай үйрету туралы өзекті мәселелерді қарастырады. Пәнде ғылым саласы ретінде зерттеу ақпарттық технологияларды оқытумен негізделген. Оқу кешеніне енген әрбір бөлім белгілі бір жобаны зерттеп, оқушының өз бетінше де, топпен де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. «Қоңырау» топтамасы — сапалы оқытудың жаңа әдістерін қамтып, бүлдіршіндерді мектеп-ке даярлаудың негізгі құралы. Оның мазмұны дидактикалық ойындар мен балалардың ақыл-ойын, танымын дамытатын тапсырмаларға бай. Кешен балалардың отан, тарих, мәдениет, ата дәстүр туралы деректермен сусындап өсуіне ықпал етеді. Отбасында да пайдалануға қолайлы осы кітаптардың тәрбиелік мәні зор. Кешендер әліппе-дәптерден, дидактикалық материалдан, хрестоматиядан және әдістемелік нұсқаудан тұрады. «Көркем әдебиет» бұл оқу кешені бала-ларды көркем әдебиеттің ғажайып әлеміне саяхатқа шақырады. Ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ақын-жазушылардың шығармалары оқырманды өзіне тарта түседі. «Алақай» — орыс тілді балалардың қазақ тілін жеңіл игеруіне көмектесетін құрал. Негізгі мақсаты ауызекі сөйлеуге үйрету, дыбыс және әріптермен таныстыру. Олар танымын дамытатын ойындар арқылы жүзеге асырылады. «Бейнелеу өнері» бейнелеу өнерінің оқу- әдістемелік кешені балалардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілетін арттырып, ой- қиялын дамытады. «Тіл дамытудың ғажайып әлемі» балалардың тілін дамыту үшін сөздік қорын байыту, дұрыс сөйлеуге, ойын толық жеткізуге дағдыландырады. Олар өлең, әңгіме, ертегі ойындар мен танымдық жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. «Боямақ» топтамасында әсем суреттер мен балалардың танымдық қабілетін арттыратын тәрбиелік маңызы бар ертегілер, санамақтар, өлеңдер жинақталған. «ӨҚСН» — бұл елімізде тұңғыш рет жарық көрген Өмір Қауіпсіздігін Сақтау Негіздері кітабы. Кітапта баланы табалдырықтан не күтіп тұр.Тіпті үйдің ішінде қандай қауіп бар:Тазша баланың басынан кешкен оқиғалар арқылы авторлар осы мәселелердің алдын алуға, қауіп бола қалған жағдайда дұрыс шешім табуға үйретеді. «Балақай» топтамасы. Бұл —

бүлдіршіндерге арналып шығарылған қазақ тіліндегі танымдық кітапшалар.Топтамаға енгізілген өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, қысқаша ертегілер балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жинақталған. Топтама көркем безендірілген. «Әй-Әй» топтамасы(картон-кітапшалар) — атына сай бүлдіршіндерді әсем әрі қанық бояуларымен, көркемдігімен, әсерлі мазмұнымен қуантады. Балалар жұмбақ дүниеге саяхат жасап, кітап әлемінің сиқырлы сырына қанық болады. Бала қоршаған ортамен танысып, көптеген сұрақтарына жауап алады. «Сыр сандық» топтамасы. Бұл топтама халық ауыз әдебиетіндегі танымал кейіпкер Алдар Көсенің басынан кешкен қызықты оқиғаларына толы. Мұндай ертегілер жақсы мен жаманды, қайырымдылық пен қатыгездікті ажырата білуге баулиды. «Ғажайыптар әлемі» — балаларға арнап құрастырылған орыс тіліндегі хрестоматия. Бұл оқулық бүлдіршіндерді мектепке даярлау ісінде көп көмегін тигізеді. Xрестоматия ата-аналарға және тәрбиешілерге арналған. «Аруна» көптеген кітаптар мен оқулықтар, көмекші құралдар мен оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді.

Осы жақында жаңадан шыққан кітап Шимай-шимайдыңдың бастан кешкен оқиғалары. Алтын қалам деген байқау болған. Сол байқауға қатысқан кісілердің еңбектерінің ішінен Шимай-шимай шығармасын таңдап алып кітап қылып шығарған. Бірінші кітаптың аты «Шимай шатпақ» деп аталады. Бұл кітап бастауыш сыныптарға өз бетімен оқуға арналған.

«Аруна» баспасының директоры: Райымбеков Қазбек

Бас редакторы: Қарлығаш Байғабылова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ