Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі

0
4362
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Қаржы термині латын тілінен аударғанда ақша төлемі деген сөзді білдіреді. Ал, мемлекет өзінің қызметін атқаруға арналған қаржыларды мемлекеттік қаржы деп атаймыз.

Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысына қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты.

Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете алады.

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

-әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;

-кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

-өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.

Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;

-егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міңдеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан — кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтріжелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды беліілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады.

Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер қызметтердің өндірілген массасы — қоғамдық өнімнің — натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай кәрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады.

Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.

Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар — ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит жоне басқалары пайдаланылады.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәнінің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты одістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қаржы басқа тым жалпы категориядан — ақшадан туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында — ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы — шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің обьектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субьектілер болып келеді.

Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық сфераларында — материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр түрлі түрлерін — ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.Алғашқы белу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық — заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.

Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен — бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы — қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен — кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық жоне сала-аралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі.

Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететің (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражатгарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.

Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.

Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс цикліның басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.

Баға — жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын қүннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі.

Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға — монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.

Алайда бағаның іс-әрекеті қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының тетігі болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату (біреу үшін) мен сатып алу (басқа үшін). Тауарларды баламасыз сату кезінде «т»-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауардың «с» және ‘V ауқымы мен үйлесімі өзгереді.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі сипатты қамтамасыз етеді.

Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардьщ жекедара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.

Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құнан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.

Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.

Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығанның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы коры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өрідірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпы мемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. «Жас қаржыгерлер» сайысы
  2. Қаржы және валюта нарығы
  3. Мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi

ПІКІР ҚАЛДЫРУ