«Жас қаржыгерлер» сайысы

0
1034
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:
а) оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

б) есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

в) шапшаңдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

— Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, әділ-қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
— Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
— Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отырып, оның ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап, оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

— Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
— Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
— Ойынды бастайық!!!

Ал, кәнеки, қаралық
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Қарсылық егер болмаса
Кешіміз басталар, — дей отыра, 8-9 сынып оқушылары арасында өткізгелі тұрған «Жас
қаржыгерлер» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыс барысы:

«Өзге емес өзім айтам өз жайымды» (Таныстыру). Есепшіні, топты таныстыру
-«Халық банк» тобы
-«Каспий банк» тобы

ІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру
Сайыстың шарты 4 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Зымыран сұрақтар» (алғырлықты байқау)
ІІ кезең. «Блиц турнир»
ІІІ кезең. «Интеллектуалды казино» (әр топ өздері сөзжұмбақ дайындайды)
IV кезең. Сынақ хат (әр топ «П», «С» әріпімен басталатын математикалық атауларды
жазбаша түрде жазып береді)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

І кезең. «Зымыран сұрақтар» (әр дұрыс жауап – 200 теңге)

1.Жазықтықтың шегі барма? Жоқ
2.90 градустан кіші бұрыш. Сүйір
3.Квадрат түбірдің астындағы өрнек қандай болу керек? Оң
4.60-тың 50 %-ы. 30

5.Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға. Гипотенуза
6.Толық бұрыш неше градусқа тең? 360
7.Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы? Периметр
8.Геометрия терминінің мағынасы? Жер өлшеу
9.Екі қатынастың теңдігі? Пропорция

Әр топтың жинаған ақшалары (ұпайлары) өз есеп шоттарына түседі.

ІІ-кезең «Блиц-турнир»

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылған танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп датқандай аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып
Біреу мығым , біреулер шалыс басып,
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

Шарты. Таблода көрсетілген бағаның астында сұрақ жасырылған, сол сұраққа
қай банк дұрыс жауап берсе , сол банкінің есепшотына түседі.

Арифметика 1000 2000 5000
Логика 1000 2000 5000
Жұмбақ 1000 2000 5000

 

Арифметика
1000. Бүтінді төртке бөөлгендегі бір үлесі. Ширек
2000. Бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы өлшем. Сүйем
5000. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?
( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы: 5 пен 7)

Логика.
1000. Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі. Онда біз бала кезімізден білетін фигура туралы айтылады. Мектепке келгенде ол туралы кеңінен оқимыз.Пифагор
2000. Бұны орындағың кемесе де орындайсың, оны білмейтін сияқтасың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың. Теңдеу
5000. Адамдар қатты мазасызданғанда кей кезде дәрігерге барғанда да осы сөзді қолданады. Ол өсімдіктерге қажетті нәрсемен аталады.Түбір

Жұмбақ.
1000. ―Ас-адамның арқауы, ал компьютердің асы ? (электр тогы)
2000. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
5000. Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (циркуль)

ІІІ кезең. «Интеллектуалды казино» (әр топ өздері сөз жұмбақ дайындап, оны келесі топпен алмастырады)

Құрметті оқушылар және көрермен қонақтар! Сайысымызға уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға рахмет айта тұра, әр топқа жанкүйер болғандарыңызға алғыс айтамыз! Ендігі сөз кезегін әділқазы есепшілерге береміз. Бүгінгі сайысымызға қатысып тамашалағандарыңызға көп рахмет, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ