«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы

0
1751
Freepik.com

Мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, жетілдіру, жылдам ойлау мен нақты айтуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тапсырмалар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика, шет тілі, тарих.

І. Ұйымдастыру кезеңі: қатысатын оқушылармен таныстыру. Әділқазылармен таныстыру

ІІ. Сайыстың шарттары:
1 кезең « Бәйге»,
2 кезең « Көкпар»,
3 кезең « Тіл өнері»,
4 кезең «Тапқырлар»,
5 кезең « Жорға».

ІІІ.Қорытынды.Барысы.

Халық айтса қалт айтпайды , Әрқашанда нанымды,-дей келе сайысымызды бағалайтын
әділ-қазылар алқасымен танысыңыздар. Б
ілім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер.
Білімді деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

І кезең «Бәйге»

1. Евразия материгінің ең биік тау жүйелері (Гималай )
2. Жер шарын айналып шыққан кім (Магеллан)
3. Абайдың неше қара сөзі бар? (45 сөз)
4. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Кімнің өлеңі (Махамбет)

5. Кел, балалар оқылық! (ЬІ. Алтынсарин)
6. Жасымда ғылым бар деп ескермедім! (Абай) и
7. Дүниежүзінде неше құрлық бар? (6)
8. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)

9. Судың химиялық формуласы. (Н2О).
10. Өзеннің басталатын жері (Бастауы).
11. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).
12. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал).

13. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде).
14. Ең ірі су балығы ? (Кит)
15. Су қабаты ? (Гидросфера)
16. Евразия нешеге бөлінеді? (Европа Азия)
17. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл ? (Каспий теңізі)

18. Евразияның оңтүстігінде қандай мұхитпен шектеседі? (Үнді мұхит)
19. Ең үлкен материк ? (Еуразия)
20. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен ? (Ніл)
21. Жердің қатты қабаты ? (Литосфера)

22. Жердің серігі ? (Ай)
23. Экватор ұзындығы ? (40 000 км)
24. Ауа қабаты ? (Атмосфера)
25. Жер шарының кішірейтілген моделін қалай атайды ? (Глобус)

ІІ кезең «Көкпар»
20 20 20
30 30 30
40 40 40

20 оң жағындағы – математика
Басы бар аяғы жоқ түзу?
а)Түзу ә)Кесінді б) Сәуле

20 сол жағындағы – қазақ тілі
Үстеудің неше түрі бар?
а) 7 б) 5 в) 2

20 ортасында география
Ең кіші материк ?
а) Австралия ә) Гренландия в) Африка

30 оң жағындағы –информатика
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
а) Кбайт ә)Мбай в) Бит

30 сол жағындағы – математика
(-2,5)-тің модулі неге тең?
а) -2.5 ә) 2.5 в) 25

30 ортасында – биология
Қан тоқтататын элемент
А) магний в)марганец с) иод С) Иод

40 оң жағындағы — қазақ әдебиеті
Ахмет Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді? а)1889 ә)1873 б)1983 в)1846

40 сол жағындағы -қазақ тілі
Орфография қай елдің сөзі?
а) грек ә) ағылшын в) француз

40 ортасындағы география
Солтүстік Американың ауданы?
а) 24,2 млн км ә) 510 млн км в) 98 млн км
(-25)-тің модулі неге тең? а) -2.5 ә) 2.5 в) 25

ІІІ кезең «Тіл өнері».
1. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктеп кайта түскенде
Өңі кірер даланың. (жаңбыр-дождь)

2. Бір зат бар дүниеде кұшағы кең,
Ұшкан кұс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (жер-земля)

VІ кезең «Тапқырлар»
Бұл жерде сіріңкенің он талын алып, екі сіріңке талынан аттатып отырып Х жасап отыру керек, яғни ( І І І І І І І І І І ) он талдан бес Х жасау керек (Х Х Х Х Х ).

V кезең «Жорға»
1. Мұхит суының қандай қасиетін білесіндер ? ( температурасы мен тұздылығы)
2. Ежелгі материктің пішіні не деп атайды ? (пангея )
3. ең биік тау шыңы? (Джамолунгма)
4. Қыс мезгілінің екінші айы (Қаңтар )

5. Евразия солтүстігінде қандай мұхитпен шектеседі? (Сол-к мұзды мұхит)
6.Евразия батысында қандай мұхитпен шектеседі? (Атлант мұхиты)
7. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ? (Жаңа түскен келін)
8. Қиылыспайтын екі түзу (Параллель)
9. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (Шаңырақ)
10. Оңтүстік Американың ауданы? (18,3 млн км)

ІІІ Қортынды:
Міне, біз « Мыңнан тұлпар , жүзден жүйрік» озық шыққан үздікті анықтайтын кезге жеттік. Енді, сөз кезегін әділқазыларға берсек.

Сәйкестігін табыңдар.
1.Арал                 а)Биіктен төмен қарай құлай аққан су
2.Арасан              ә)Құрлық үстіне жинақталған мұз.
3.Архипелаг         б)Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім бөлігі.
4.Шұңғыма           в)Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.
5.Сарқырама        с)Минерелды немесе жылы сулар

 

Тақырып Грен -ландия Байкал Саргасс Үнді Ертіс Беринг Мада-гаскар Қара Солтүстік мұзды
Теңіз
Мұхит
Өзен
Арал
Көл

Венн диаграммасы.
Ауаның маңызы        пайдасы       Ауаның ластануы

тіршілік үшін қажет
табиғаттағы өрт, машина, зауыт түтіндері
тыныстайды, өмір сүреміз

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ