Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)

0
1997
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

8 наурыз мерекесіне байланысты өткізілетін жұлдызды жұптар байқауы (Ересектер топ қатысады).

Мақсаты: Қазіргі заман балаларының талаптарына сай мерекеге өткізу. Балалардың бойындағы қабілеттерді дамыту, сахналық мәдениетін қалыптастыру. Өнерге деген талпынысын жетілдіру.

Тәрбиеші: Құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, апайлар, қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8-наурыз – аналар күнімен құттықтаймыз! Көктем күніндей көңілдерің шуақты, жүздерің нұрлы бола берсін!

Аналардың мерекесі құтты болсын,
Басыңа баршаңыздың бақыт қонсын.
Көмкеріп ән – жырымен осы кешті
Жүзіңіз қуаныш пен күйге толсын!

Бүгін сендердің назарларыңызға ересек тобының «жұлдызды жұп» атты байқауын ұсынғалы отырмыз. Бүгін сайыскерлеріміз сіздердің алдыңызға жұптасып шығады. Ендешежұлдыздарымызды қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.

«Вальс» ырғағымен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Байқау үш бөлімнен тұрады.

1. Өзін-өзі таныстыру.
2. Сән үлгісі.
3. Өнер сайысы.

Байқауды бағалаушы қазылар алқасымен таныстырып өту.

Тәрбиеші: Байқауымыздың 1 бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер. Әр жұп ортаға шығып өзін-өзі таныстырады.

1.Данияр:
Ей жараңдар ,жараңдар
Бәрін бізге қараңдар.
Топты жарып келіп тұр,
Айым менен Данияр.

Айым:
Көбелектей гүлге барып қонамын,
Алла қосса алтыға мен толамын.
Руым шеркеш, ұлтым қазақ,
Бауыржанқызы Айым деген мен боламын.

2.Бейбарыс:
Валерия деген әнші қыз
Менің атым Бейбарыс.
Ал екеуіміз қосылсақ,
Бізден асқан биші жоқ.

Валерия:
Қош келдіңдер қонақтар
Қошеметпен қолдаңдар.
Сайысқа бүгін асыққан
Айдана қызың мен болам.

3.Елнұр:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Сайыстан орын алам деп
Амина бүгін келіп тұр.

Амина:
Армысың қадірменді халқым менің
Иіліп сәлем берем салтымменен .
Аналар,сұлу қыздар құттықтаймын,
Келе жатқан 8-наурыз мерекеңмен!

4.Мансур:
Қыз еркесі Айдана,
Осы топта ол дара.
Мансур менің есімі,
Жұп боп келдік байқауға.

Айдана:
Сайыстың аштым есігін
Шалқайтып қойып бесігін.
Қызы болам Бауыржанның
Айдана атты есімім.

5.Диляра:
Тұңғышы ата-анамның мен дарамын
Балалбақша тәлімін мен аламын.
Білім алып, тәрбиелі қыз боламын,
Ата-анамның еркесі Дилярамын.

Артем:
Күндей күліп жүреді,
Әп-әдемі бір өзі.
Айдай ару сұлу қыз
Артемменен келеді.

Арыстан:
Арыстан менің есімім
Қасымда тұрған Александра
Мерекемен құттықтап,
Екеулеп келдік сайысқа.

Саша:
Келтірер шаңырақтың берекесін
Қыз бала ғой жайнаған ел еркесі
Өз өнерін алдарыңа тарту етер,
Атасы мен әжесінің жан еркесі

Би: «Морячка»

Тәрбиеші:
Сән мен сымбат келісіп үйлескенде
Көкірегің керімсал күй кешкенде
Дүниені төңкерер сұлулықты
Табылмайды көз тігіп сүймес пенде,- деп ақын жырлағандай байқауымыздың келесі бөлімі «Сән мен сымбатқа» береміз.

Жұлдызды жұптар ырғақты әуенге сән үлгісін көрсетеді.

Тәрбиеші:
Бишілер бар даярлықтан құралған
Сымбатты да, майысқан қол, бұраң бел.
Шықты алға жұлдыздары бақшаның,
Мың бұралған бишілердің биін көр.

Байқауымыздың 3 бөлімі «Өнер сайысы».
1. Би: «Самбо». Орындайтын: Айым мен Данияр .
2. Би: «Полька». Орындайтын: Валерия мен Бейбарыс.
3. Би: «Қара жорға». Орындайтын: Амина мен Елнұр.

4. Би: «Қуыршақ биі». Орындайтын: Айдана мен Мансур.
5. Би: «Твист». Орындайтын: Диляра мен Артем.
6. Би: «Орыс». Орындайтын: Саша мен Арыстан.

Тәрбиеші: Байқауымыздың үш кезеңі де аяқталды. Қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша құттықтау кезегін біздің топтың ұлдарына береміз.

Бейбарыс: Достықты біз ойлаймыз.
Бірге күліп ойнаймыз.
Мерекемен құттықтап.
Сыйлықтарды сыйлаймыз.

Ұлдар қыздарға сыйлық сыйлайды.

Ән: «Көктем келді». Қазылар алқасы байқауға қатысушы жұлдыздарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етеді.

Дереккөз: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Әдістемелік жинақ / Жалпы ред. басқ.
С.С. Измуханбетова

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ