Қонжыққа сыйлық (балабақша жоспары)

0
1126
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру салалары: Денсаулық, Таным, Қатынас, Әлеуметтік орта, Шығармашылық.
Бөлімі: Шығармашылық: Жапсыру

Тақырыбы: «Қонжыққа сыйлық»

Мақсаты: БМ: Дайын пішіндері қағаз бетіне ұқыпты жапсыруға үйрету.

ДМ: Қылқаламды ұқыпты пайдалану, желіммен, сүрткішпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

ТМ: Жануарларға қамқорлық қарауға, оларға көмектесуге, бірігіп іс-әрекет жасауға тәрбиелеу. Балаларды тәрбиешінің сұрағына толық жауап беруге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: күтпеген сәт, түсіндіру, көрсету, ойын жаттығу, мадақтау.

Керекті құралдар: жапсыруға: бала санына қарай қылқаламдар, желім, сүрткіш, қиылған дайын үлгілер, ақ қағаз;
ойыншықтар: қасқыр, түлкі, қоян, ақ тиін, шыршалар, ағаштар, үнтаспа.

Билингвиалды компонент: ақ тиін-белка, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса.

Балаларға қонаққа қонжық келеді. Балалардың назарын қонжықтың бет-әлпетіне аударамыз. Балалар қонжықпен амандасады.

-Қараңдаршы, балалар! Қонжықтың түрі көңілсіз, мұңды, өзі кішкентай, неге олай екен? Қане қонжықтың көңілін көтерейікші.  Олмен бірге ойын ойнайықшы!

Ойын жаттығу: Балалар алақандарымен қимылқозғалыстарды көрсетіп, ойын жаттығуды бірге қайталайды.

— Алақандар-алақандар, қайда болдыңдар?
— Әжемде болдық.
— Не іштіңдер?
— Сүт іштік.
— Не жедіңдер?
— Ботқа жедік.
— Іштік, жедік
— «Чу-чу» деп ұштық. 2 рет

Балалар ойын ойнадық, бірақ қонжық бәрібір көңілсіз ғой, қанекей сұрап көрейікші.
-Қонжық неге көңілсізсің?

-Мен адасып кеттім, мамама барғым келеді.
-Балалар, қонжық қайда тұратын еді?
-Орманда
— Ал орманда тағы қандай аңдар тұратын еді?
-Қасқыр, ақ тиін, түлкі, аю, қоян.
— Қане, қонжықтың көңілін көтеріп көрейікші, бұл үшін «Қыс қызығы» әнін айтайықшы.

Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетіп өлеңді орындайды.

Далада күн суық, қыс мезгілі,аяз, боран.
— Балалар, неге көп, қалың киінеміз? Ендеше орманға қонжықты апарайық. Балалар бірінің артынан бірі музыканы тыңдай жүре күртік қармен, боранмен орманға жақындағанда тоқылдақтың дауысын, бозторғайдың үнін тыңдап орманға
жетеді.

Балалар залдың ортасына келгенде ормандағы ағаш түбінде отырған әртүрлі жануарларды көреді. Балалар отырғыштарға отырады.

-Біздер ұзақ көп жүрдік, аздап шаршаған боларсыңдар, қане кішкене отырып демалайықшы.
-Қонжық, сенің достарың бар ма? Қонжық: -Қасқыр, ақ тиін, түлкі, аю, қоян. – деп достарыңның атын айтады?
-Қоянның баласын қалай айтады? -көжек
-Көжекті орыс тілінде қалай аталады? -зайчик

— Ақ тиіннің баласын қалай айтады? -белчата
-Ақ тиінді орыс тілінде қалай аталады? -белка-тиін
-Қасқырдың баласын қалай айтады? -бөлтірік-волчонок
-Қасқырды орыс тілінде қалай аталады? -волк-қасқыр
— Аюдың баласын қалай айтады? -медвежонок-қонжық
-Аюды орыс тілінде қалай аталады? -медведь-аю

-Қонжық сенің мамаң қайда? Қане дауыстап шақырайықшы.
-Аю паң АУУУ!!!

Осы кезде апаннан аю паң шығып, қонжығын көріп қуанып, құшақтап:

-Қайда жүрсің? Қыста аюлар қыдырмайды, ұйықтау керек. Сенде өз апаныңа барып ұйықтауың керек,-деп түсіндіреді.
-Балалар қонжықтың ұйықтауына көмектесеміз бе? Қане оған жұмсақ көрпеше сыйлайықшы. Балалар дайын құралжабдықтар әзірленген столға жақындайды.
«Қонжықтың көрпешесін» балалар әдемілеп жапсырып, қонжыққа ұсынады.

Балалар жапсыру үшін қалай жұмыстануды түсіндіріп, көрсетемін: Дайын пішінді төсенішке қойып, теріс жағынан желімді ортасынан бастап тегіс жағамыз. Желім жағылған пішінді қағаз бетіне ретімен жапсырамыз. Тегіс жабысу үшін губкамен бастырамыз, осылайша келесі пішіндерді ретімен қойып жабыстырып шығарамыз.

Желім үшін пайдаланған қылқаламды сүрткішпен сүртіп, қылын жоғары қаратып арнаулы ыдысқа салып қоямыз.Балаларды мақтап, жұмсақ көрпені қонжыққа сыйлауды ұсынамын. (жәй әуен ойнап тұрады).

-Қане балалар қайтатын уақыт болды, балабақшамызға оралайық. Орман жануарларына кедергі келтірмей, жаймен қайтайық. Балалар әуенмен оралады.
-Айтыңдаршы балалар, бүгін бізге не келді? -Қонжық
-Ол келгенде қандай болды? -Көңілсіз,мұңды
-Ол неге көңілсіз болды? -Ол адасып қалды.Мамасына барғысы келді.

-Біз қонжыққа не істедік? — Оны анасына апардық, әдемі, жұмсақ көрпе сыйладық.
-Қонжық мамасын тапқанда қандай болды? — Көңілді, бақытты, мейірімді.
-Ал қазір қонжық не істеп жатыр? — Апанында анасымен ұйықтап жатыр.
— Бүгінгі іс-әрекетіміз сіздерге ұнады ма? — Ұнады.
— Жарайсыңдар!

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қағаз бетіне ұқыпты жапсыруды біледі.

Меңгерген дағдылары мен іс-әрекеті: қылқаламмен, желіммен, сүрткішпен жұмыс істей алады.

Қандай түсініктерді игерді: жануарларға қамқорлықпен қарау, оларға көмектесу.

Дереккөз: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Әдістемелік жинақ / Жалпы ред. басқ.
С.С. Измуханбетова

Басқа материалдар: 

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ