Су — тіршілік көзі (балабақша жоспары)

0
163
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру салалары: Денсаулық, қатынас

Бөлімдері: Дене шынықтыру, тіл дамыту

Мақсаты:

Білімділік: Суда әртүрлі жаттығуларды ширақ орындау икемділігін бекіту.

Тәрбиелік: Жаттығуларды дұрыс орындау барысында жақсы жетістіктерге жетуге талпынуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың қол бұлшықеттерін жаттықтыру, қимылды ойындар, жаттығулар арқылы денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа баулу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертеңгілік жаттығу кезінде өздерін қалай сезінгендерін сұрап әңгімелесу, судың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы айту.

Әдіс–тәсілдері: Көрсету,ғажайып сәт, қимылды ойын, мадақтау, қорытындылау.

Қажетті көрнекі құралдар: Су, қармақ, балық, шелек.

Қостілділік компонент: Су- вода, балық – рыба

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың ісәрекеті
Себепті қызығушылы н ояту кезеңі 1. Балаларды саппен залға кіргізу.

2. Шеңбер бойымен жай жүру, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, жартылай тізе бүгіп жүру. Самал жел бізді желдетші Күн нұры бізді жарқырат Таза ауа бізге дем берші Мөлдір су бізді салқындат

Өлең сөздерін қайталап, қиылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі — Балалар адамның дені сау болу үшін адамға не қажет деп ойлайсыңдар?

-Ал адамдар ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? -Жарайсыңдар, балалар сендер өздеріңнің денсаулықтарыңды сақтау үшін керекті бар ережелерді біледі екенсіңдер.

-Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс-әрекетімізде судағы жаттығуларды орындайтын боламыз. Судағы жаттығуларды орындамас бұрын денемізге су тигізіп алайық. (бетіне, мойынға, қолға)

-Балалар суды орысшаға аударғанда вода. Су – вода. Денсаулық орталығы

1. Оң қолдарын суға салып, алға 4-рет айналдыру.

2. Сол қолдарын суға салып, алға 4-рет айналдыру

3. Оң қолдарын суға салып, кері артқа 4-рет айналдыру.

4. Сол қолдарын суға салып,кері артқа 4-рет айналдыру. Қатынас орталығы

— Қолдарын суға салып, саусақтарын ойнату. Сылдырлайды мөлдір су Мөлдір суға қолыңды жу Саусақтарың әйбат Былай – былай ойнат. (Теңіздің толқыны жайлы әуенін қосу) -Балалар қандай дыбыс естідіңдер? -Дұрыс айтасыңдар, судың дыбысы шығады.

 Тосын сәт: Су патшасы келіп, балалармен амандасады.

-Балалар бізге қонаққа су патшасы келді.

Су патшасы: Шынықтыру шарасы. «Жүзуді үйренеміз» Сылдырлайды теңіз су. (Орында тұрып айналу) Теңіз суға денеңді жу. (Денені жуу) Қолды екі жаққа созайық, (Екі қолды екі жаққа созу) Балыққа ұқсап жүзейік. (Қолдарын ирелеңдету) Жоғары – төмен қарайық, (Жоғары – төмен қарау) Біз жүземіз теңізде. (Екі қолмен алға қарай сермеу) Үйрендік мұны лезде. — Балалар жүзуді үйрендік пе? Рахмет сізге су патшасы. — Қане, бәріміз көзімізді жұмып, көл жағасындағы үнді тыңдайық. Қолдарыңды күнге қарай созыңдар, жылылығын сездіңдер ме? Гүлдердің хош иісін иіскейік. Балалар ненің дыбысын естідіңдер? Құстардың дауыстарын естідіңдер ме?

Тағы ненің дыбысын естіп тұрсыңдар? Су бетіне секіріп, шолпылдап нелер ойнап жүр? Ал енді, көзімізді ашайық. Суда нелер жүзіп жүр? Сонда балықтар қайда тіршілік етеді? Олар немен қоректенеді деп ойлайсыңдар? — Дұрыс айтасыңдар. Олай болса «Балық пен балықшылар» ойынын ойнайық.

 Қимылды ойын: «Балық пен балықшылар»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу. Ойын шарты: Балалар қармақпен балық аулайды. Ұстаған балықтарын шелектеріне салады. — Балалар балықтың түсі қандай? Балықты орысшаға аударғанда рыба. Балық – рыба.

 Су патшасы: Балалар барлығың да өнерлі екенсіңдер. Сендерге көпкөп рахмет, көңілімді көтеріп тастадыңдар. Менің тағы баратын жерлерім бар. Бір-бірлеріңді ренжітпей, сүйкімді азамат болып өсіңдер. Өнерлерің өрлей берсін!

Ауа,рық. Жуынып  жүру керек. Тісімізді тазалап, таңертең және кешке жаттығулар жасап, спортпен айналасулары керек.

 

Балалар қолдарына, беттеріне, Мойындарын а су тигізеді. Су – вода. Балалар судағы жаттығулард ы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Судың дыбысы

Балалар амандасады.

 

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Ия.

 

Балықтар. Суда тіршілік етеді. Суда өсетін өсімдіктермен, арнайы жемдермен қоректенеді.

 

 

 

 

Балық — рыба Сау болыңыз!

 

 

 

 

Іс -әрекетті бақылау кезеңі Балалар түзу тұрамыз. — Сонымен балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінде сендерге не ұнады? Сендер судан не ауладыңдар?

Су –вода, балық –рыба. Жылулық шеңбері. Қардай ашық, ақ болыңдар! Бұлттай биік болыңдар! Мұздай мықты болыңдар! Судай таза, мөлдір болыңдар! — Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

-Маған суда жаттығу жаса ған ұнады. -Ал маған жүзуді үйренген ұнады. -Ал маған «Балық пен балықшылар» ойыны ұнады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Судағы жаттығуларды орындайды. Қандай түсініктерді игереді: Су табиғаттағы тіршілік көзі. Балықтар сусыз өмір сүре алмайды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суда жүзуді, балықты қалай аулау керектігін ұғынды.

Дереккөз: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Әдістемелік жинақ / Жалпы ред. басқ.
С.С. Измуханбетова

Басқа материалдар: 

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  7. Қонжыққа сыйлық (балабақша жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ