«Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі

0
2431

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Міне, жаңа жыл да таяп қалды. Ендеше,келе жатқан жаңа жыл жер бетіне қуаныш шаттық, ырыс  бақ береке ала келесін! Қошеметпен  Аяулы  балаларымызды қарсы алайық!

Жаңа  жылдың таңы   неткен  арайлы

Ақ мамыққа  бөлеп   алды  маңайды

Жаңа  жылмен  құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық,  молшылық әкелсін

Бәрімізге  мына  жыл  арайлы!

Құтты  болсын  ағайын !

Жаңа  жылың  тағы  да   

Кәусарбек: Аспан   жерге  төгеді,

Ақ күмісін  уыстап,

Жаңа  жыл да  келеді,

Бізге  қарай  жылыстап

Асылай:  Жүзімізде  күлкі  ойнап

Қанаттанды  жанымыз.

Жаңа жылды  біз тойлап,

Шаттанамыз  бәріміз.

Назерке: Тамаша,  тамаша

Шыршамыз  тұр  жараса

Басында  әсем  жұлдызы.

Көз тоймайды қараса

Айшабибі: Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады.

Жылтырап жатады.

Саят: Қандай әсем шартарап                                      Ақниет: Аяз келді қаһарлы

Шаттық,күйге бөлеп тұр                                              Айналаны қар жапты

Кәмпиттерін арқалалап,                                                Ақ тон киіп орман тұр

Аяз ата келіп тұр.                                                        Дәл атадай салмақты.

Жүргізуші: Балалар ,бүгін біздің мерекемізге қоян қонаққа келемін деп еді.Ол қайда жүр екен сағат болса біршама уақыт болды./Осы кезде түлкі келеді/

Түлкі; Сәлеметсіздер ме, балалар!

Орманда қоянды көріп едім сендерге қонаққа келемдеп еді. /тіліскілеп шыршаны айналып шығады.Мені неге қонаққа шақырмадыңдар,Шақырмасаңдар да өзім келдім .

Жүргізуші: Түлкіжан қонаққа келсең ендеше төрлет жаңа жылды бірге қарсы алайық.

Қоян: Сәлематсіздер ме, балалар!

Түлкі :Сәлем ,қоян!

Қоян: Кешіктім бүгін қонаққа,

Жол-жөнекей қасқырға,

Кезіктім мен қасқаға.

Айыпқа бұырмаңыздар!

Түлкі  Айтылған еді?

Құлап қалдың ба?

Қоян:Жоқ! Үлкен шаршаның астына .Жасырындым қасқырдан.

Жүргізуші: Қоянжан қасқырдан қорқып бойыңды үрей билеп кеткен шығар?

Қане  ендеше  көңіл көтерейік.

Түлкі : Ендеше аңдар болып мың бұралып билейікші.Қоянжан серігіп қалсын.

Қоян : Тамаша! Алақай!   «Аңдар биі»

Жүргізуші: жарайсыңдар жайғасыңдар, бір сергіп қалдық қой

Сыйқыршы: Амансыңдар ма балақайлар!  Бұл  жерде жаңа жыл мерекесін көңілді қарсы алып жатқандарыңды біліп келдім! Сендердің шырша шамы жағылмай тұрғанын біліп келдім.Кане балалар шыршамыз көңілсіз болып тұр ғой кане шырша шамын жағайық.

Балалар: Шырша,шырша ,таңырқат шамдарыңды жарқырат!

Жүргізуші: Сәнді шырша ортамызда,

Қоршап оны баршамыз!

Ән саламыз тамсанып! «Шырша шамы »әні

Сиқыршы: Міне керемет болды енді.

Жүргізуші: Шыршамыздың шамы жарқырап ерекше сән берді

Мыстан кемпір: Сәлеметсіңдер ме балалар,қонақтар.Мені неге  шақырмадыңдар?

Мені танымай тұрсыңдар ау!  Мен Аяз атамын ғой:

Балалар: Жоқ,жоқ. Аяз ата емессіз.

Жүргізуші: Балалар дұрыс айтады.Сен Аяз ата емессің.

Мыстан кемпір: Егер сендер  сенбесеңдер,онда мен шыршаларыңды жоқ қыламын,ашуыма тимеңдер .Сиқырлы  сыпырғышымен бәрін жойып жіберемін.

Сиқыршы:  Әй,мыстан сен біздің балаларды қорқытпа .Мен сені сыйқырлы таяқшаммен қатырып мұз қылып тастаймын.Сонда сен шыршамызды жоқ қылы алмайсың мерекеміздің сәнінде бұза алмайсың.

Жүргізуші: Қане  балалар мыстанның үйін шақырып оны орманға аттандырайық.

 Мыстан. Сонда мен қызық көрмей мына мерекенің шырқын бұза алмаймын,қап мына періште менен бұрын келіп  мына шыршаның шамын жағып  оны қорғап қойған екен Онда мен сендердің ата аналарыңмен ойнап өшімді алып кетейін тектен текке кетем бе,қу басымды арқалап кане аналар  ортаға  шығып  ойын ойнайық

Жүргізуші: Кане ата аналар ойынға шыға қойайық мына мыстан тезірек кетіп қалсын.

Мыстан:«Музыкалық калейдаскоп» ойыны  Шартын айтайын: Шеңбер құрып  тұрайық.

  1. «Ат шауып келеді» /аналар аттың жүрісін келтіреді/
  2. «Ұлпа қарлы ауада қалықтап ұшады» Аналар айналады/
  3. «Қояндар секіреді» / Аналар қоянша секіріп тұрады/
  4. « Үйректер серуендейді» /Аналар үйректің жүрісін келтіріп жүреді.
  5. «Маймылдарша»дыбыстаңдар
  6. «Әтештерше» билеңдер.

Мыстан: Ох,қандай ақылды аналарлар! Бәрін дұрыс істеді»

Жүргізуші: Ал мыстан орманға орал тез детіп боран борамай тұрғанда. Жарайды кетсем кетейін./Кетіп қалады/

Жүргізуші: Міне  балалар біздер періштенің арқасында  мыстан құтылдық. Балалар періште бізге тек қана қуаныш пен мейірім сыйлайды  екен!

Сиқыршы: әрине,менімен және Аяз атамен,Ақшақармен өте көңілді болады!сезіп тұрмын,Аяз ата келе жатыр.

Жүргізуші: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Қанекей, балалар аяз атаны шақырайықшы!  Аяз ата,аяз ата ,Аяз ата

Аяз ата: О,қандай әсем ,бұл жер! Қандай сүйкімді балалар!О,қандай керемет мереке!

Құтты болсын ,балалар! Келген Жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,Еркелеп  қыз,ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем, Бәріңдіде көріп ем

Жыл өткесін келем деп,

Уәдемді беріп ,ем

Ақшақар: Сәлеметсіңдер   ме ,қонақтар балалар!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-Жұлт  еткен жүзімнен.

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнімін,жырымын,тақпақпын.

Жүргізуші: Әсе әні де, биіде бар,

Отырып ата сәл демал

Жанеркем: В длинной шубе, сбородой.

Это кто пришол такой?

Это Дедушка Мороз,

Он подарки нам принес

Жанқожа: В Новый год нам Дед Мороз

Всем  подарки принес

И  игрушки,и конфеты.

Жалко,он не ходит летом

 Медина : Новый год уже идет,

Всем подарки он несет.

По сугробам он шагает

И всем счастья он желает.

Ізгінұр: А за елкой Дед Мороз,    Мне мешок конфет поринес

Будем петь и танцевать,   Будем Новый год встречать!

Айару: Дедушке Морозу

Стих я расскажу,

Свой наряд красивый

Гордо покажу.

Азиза: Получу за это

Много  я конфет

Для меня подарка

Лучше в мире нет.

Жүргізуші: Кел,тұрмайық балалар,Жандырайық ортаны. Би билейік аязбен «Санта клаустар»

 Аяз ата: О-хо-хо! Қандай сүйкімді балалар!

Жүргізуші: Кане балалар сұлу шыршамыз  арнап « Маленькие елочки» әнін салып берейік.

Ақшақар: Тамаша рахмет балалар !

  Рамазан: Кел , билейік  сенімен

Деймін  тартып  жеңінен

Ертіп кетпе Ақшақар

Адамдардың   демімен

Бауыржан: Міне тағы  келіп  тұр

Жаңа бір  жыл  балалар

Жадыратып  жер  үстін

Төрімізге  ол  шыққан.

Аяулым: Далада қар  борайды,

Ақ  маммыққа  орайды

Мұз   болады  қатады.

Жып –жалтыр  боп  жатады.

Есімжан: Тауда  туып,  тауда   өскен                                                                                      Шырша  келді  ортаға,

Бәріміз   бір   дауыспен

Дейміз  енді  шыршаға

Ж: Кане балалар тағы бір ойын ойнап жіберейікші

Біздің балалардың биі де бар дайындаған: «Жұлдыздар биі»

Аяз ата: керемет! Жер бетінде қанша жыл өмір сүрсем де, дәл осындай  ғажапты көрген емеспін!Жарайсыңдар балалар !

Бердібек: Өткен  жылға  ризамыз,

Өсе  түсті   бойымыз

Өсе түсті  ойымыз

Шырқатады   ойымыз

Қанағат:   Бізді  байтақ   далада

Асқар  тауда қалада

Биыл  ғажап   іс   болды,

Таң ғажап  қыс   болды

Нұрқанат: Жасыл  шырша  орманнан

Бізге  арнайы  келіпті

Ойыншықтарын  балалар

Шыршаға  әсем   іліпті.

Айда:Жаңа жылға сәніміз.                        Алихан: Шыршамызда қаншама

Біздің айтар әніміз.                                      Түрлі түсті шырақтар

Келдің бе аман алыстан                              Күлгін түсті тоқаштар

Сәлем,Аяз атамыз                                       Жарқыраған алтын бар.

Данагүл: Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар біздің балалардың дайындаған «Қызыл телпек» ертегісі де бар.Соны қонақтарменбірге тамашалайық.

Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар !  Енді барлығымыз бірге Елочкам не холодно зимой! жырлайық шыршамызды айнала.  

Назерке  биі

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме!Мен Мешін жылы мен Тауық жылы мерекеге  қош келдіңіздер.Сіздерде қонақтарға ата аналарға жылы тілектеріңді айтыңыздар.

Мешін:  Менің де қоштасатын уақытым  болды.

Келешегі халқымның

Ашық болсын аспаның,

Аман болсын жас кәрің

Аманат қып барамын

Тауық жылына сіздерді

Жаңа жылда балалар,

Тек жақсылық көріңдер!

Сау болыңдар балалар!

Тауық: Амансыңдар ма балалар мен қонақтар!

Жаңа жылға бәріңіз,

Жаңа үмітпен қараңыз.

Мешін жылы өзіңнен,

Қабыл алдым аманат.

Жасамаймын мен әркез

Аманатқа қиянат.

Жүздеріңде қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт.

Келген мынау Жаңа –жыл,

Әкелсін тек жақсылық,

Жаңа –жыл құтты  болсын!

Жүргізуші: Сөз әдіскер  С Базарбайқызына беріледі.

Аяз ата: балалар сендерге арнап ала келген сыйлығым  бар .Соны Ақшақар қызым тарту етеді сендерге.

Ал балалар сау болыңдар мені басқада балалар күтіп қалды.Мен жүрей      ін.

Жүргізуші: САУ БОЛЫҢЫЗДАР!

 

Ұйымдастырған: Козыбакова Аккенже Орынбаевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ