Аралас сандарды қосу және азайту. Математика пәнінен сабақ жоспары

0
7300
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты жөні:
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау

Аралас сандарды қосу және азайтуды орындау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: натурал саннан жай бөлшекті азайтады;

Аралас сандармен қосу мен азайтуды орындайды

Оқушылардың көпшілігі:Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыра алады

Кейбір оқушылар: Өз беттерінше есептер құрастыра алады

Бағалау критерийі:
  • Натурал саннан жай бөлшекті азайтады
  • Аралас сандардың қосындысын табады
  • Аралас сандарды азайтады
Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен термонология:

Жай бөлшекті қосу және азайту

  • Бүтін бөлік, бөлшек бөлік;
  • Алымы мен бөлімі бірдей болатын бұрыс бөлшек

Аралас сандарды қосу және азайту;

Диалогқа\жазылымға қажетті тіркестер:

— бөлімдері бірдей екі бөлшекті қосу (азайту) үшін,….керек

— бөлімдері әр түрлі екі бөлшекті қосу (азайту) үшін,….керек

— толықтауыш көбейткішті табу үшін, …керек

— бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу және азайту үшін ,… керек;

— бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу және азайту үшін ,… керек

Құндылықтарға баулу Жақсы қарым-қатынас орнату, ыңтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды
Пәнаралық байланыс информатика
Алдыңғы білім
Жай бөлшектер мен аралас сандар туралы түсініктері; «дұрыс» бөлшек және «бұрыс» бөлшек ұғымдарын білу бөлшектерді қысқарта алу; бөлшекті ортақ бөлімге келтіру; аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде және керісінше жазу; натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы:

10 минут

Сәлемдесу.Журектен жүрекке тренингі арқылы бір-бірімен амандасады. «Пазл» әдісі бойынша оқушылар өздерінің бөліктерін тауып, пазл құрастырады екі топқа бөлінеді.Пазл бөліктерінде ұсынылған тапсырмаларды ауызша орындау арқылы өткенді пысықтау.

Ауызша орындайтын тапсырма:

  1. Топ Бөлшектің дұрысы мен бұрысын атаңдар:

; ;; ; ; ; ; ; ; ;

  1. Топ Бөлшектердісалыстырыңдар:

а) б)

в) с)

д)

Үй тапсырмасын тексеру?

«Ой қозғау» тәсілі

Өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін, қайталау сұрақтары қойылады:

1.Квадраттын қандай бөлігі боялған

2.Жай бөлшек дегеніміз не?

3.Жай бөлшекті қысқарту дегеніміз не?

4. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

5.Қандай сан аралас сан деп аталады?

6.Бұрыс бөлшектерді аралас санға қалай айналдырамыз?

Пазл бөліктері.

Тапсрмалар

Қайталау сұрақтар

Сабақ ортасы:

30 мин

Жаңа сабақ

Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу (аралас сандардың бөлшек бөліктерінің бөлімін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек, бүтін бөліктерінің және бөлшек бөліктерінің қосындысының жеке жеке тауып, нәтижесін аралас сан түрінде жазу керек). Аралас сан мен натурал санды қосқанда, аралас санның бүтін бөлігіне натурал сан қосылады.

«Кім жылдам?»әрі сәйкестендіру әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпта жеке топтық тапсырмалар орындайды.

Есептеулерге берілген мысалдар жазылған үлестірмелер дайындалады.

Ойын барысы: екі оқушы ойнайды. Бірінші ойыншы оң жақтағы баспалдақ есептерін . екінші оқушы сол жақтағы баспалдақ есептерін шығарады. Әр мысалда есептеу нәтижесінде алынған санды бөлек жолда жазылған жауаптарға сызықпен сәйкестендіреді. Жоғары баспалдаққа тез жеткен оқушы жеңеді..Ұпайлар саны тең болуы да мүмкін.

Бағалау критерийлері: Дескриптор
Аралас сандарды сандарды қосу және азайтуды орындайды. Бөлімдері бірдей аралас сандардың қосындысын табады.
Бөлiмдері бірдей аралас сандардың айырмасын табады
Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосады және азайтады

«Бірін-бірі оқыту» әдісі бойынша топтық жұмыс (топпен талқылап, постер арқылы қорғайды).

оқулықпен жұмыс:

№544

І топ. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептеңдер:

а) 3 + 1+ 5 б) 2 +3 + 4,

ІІ топ

а) 2+4 +4 б) 4 +5 + 5

Бағалау критерийлері: Дескриптор
Аралас сандарды қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қсудындысын орындайды. Терімділік және ауыстырымдылық қасиеттерін пайдаланады, аралас сандарды қосады

«Айнымалы бекет әдісі» №546. Әр топтың өздерінің таңдап алған маркердің түстерімен айналып жүріп тапсырмаларды орындайды.

І топ:

 

ІІ топ:

3.

4.

Бағалау критерийлері: Дескриптор

Аралас сандарды сандарды қосу және азайтуды орындайды.

Натурал саннан аралас санды азайтуды, қосуды орындайды.

бөлімдері әртүрлі бөлшектерді , аралас сандарды қосу және азайту алгоритмін біледі;
Натурал саннан аралас санды азайтады .
Натурал санға аралас санды қосады .

Оқулық бойынша анықтамалар

үлестермлер

Флипчарт, маркерлер

оқулық

Сабақ соңы:

5 мин

Білімді тексеру.

«Жалған және шындық әдісі»

Әр топқа сұрақтар беріледі сол сұрақтардың ішінен әр топ оқушылары дұрыс және қате жауаптарды табу керек.

Бөлімдері бірдей аралас санның қосындысын(айырмасын) табу үшін:

1.бүтін бөліктерін бөлек қосу керек;

2.бөлшек бөліктерін бірге(бөлек) қосу керек;

3. шыққан нәтижені бұрыс бөлшек түрінде жазу керек.

4.бүтін бөліктерін бірге(бөлек) азайту керек

5.Бөлшек бөліктерін бөлек азайту керек

Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін:

6. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең үлкен(кіші)ортақ бөлімге келтіру керек

7.бүтін бөліктерінің және бөлшек бөліктерінің қосындысын жеке-жеке табу керек.

Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін:

8.аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кішіортақ бөлімге келтіру керек

9.бүтін бөліктерінің және бөлшек бөліктерінің айырмасын бірге табу керек.

Кері байланыс:

Мен не білемін?

Мен жаңаша нені білдім?

Менің білімім қалай өзгерді?

Мен осы біліммен не істей аламын?

Үй жұмысы: № 536, № 538

Сұрақтар
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар таратылады

Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледі

Әр топқа бағалау критерий бойынша бағаланады.

«Пазл», «Кім жылдам?», «Бірін-бірі оқыту», «Жалған және шындық», «Айнымалы бекет» әдістері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту үшін тапсырмаларды беремін

Осы сабақта қолданылатын

қауіпсіздік

Рефлексия
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ