Мектепке дейінгі кезеңде қолданылатын ойындар топтамасы

0
1937
Freepik.com

Ойынның құндылығы –олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлауға мүмкіндік туғызады. Ойын түрлері өте көп.  Соның ішінде мектепке дейінгі кезеңде жиі қолданылатындарын ұсынып отырмыз. 

Ән салған кім?

Өленің жазған.А.Асылбеков
Музыкасын жазған А.Райымқұлова

Тембрді/бояуды/ айыру үшін

Балалар шеңбер жасап жүріп әндетеді. Шет жатқа, балаларға сыртын беріп отырған бала, тембріне бояуына байланысты, ән салған балаланың дауысын тануы керек. Отырған бала ән салған баланы даусынан таныса, олар орын ауыстырады.

Көп бала бар бөлмеде,
Бір ғана ән салды.
Ал сырттағы Пернебек,
Кім екен деп тамсанды:
«Мен бақытты бөбекпін,
Алатаудай талабым,
Ән мен күйге зерекпін,
Бірден қағып аламың.

Ойын: « Мысықпен марғау»

Ойынның шарты: Дыбыстың биіктігін айыру үшін ойын.Музыкалық баспалдақ,ойыншықтар немесе мысықтардың суреті (үлкен және кіші) пайдаланылады.

Тәрбиеші әнді орындайды,бір бала текстінің мазмұнына байланысты мысықайдың қимылын баспалдақта жоғары қарай көрсетеді де,биік дыбыспен «мияу» десе, ал мысық (басқа бала)төменде тұрып жуан дауыспен «мияу»дейді. Содан кейін
тәрбиеші кімнің әндетіп тұрғанын табуды ұсынады, мысық па,әлде мысықай ма (біресе жоғары,біресе төмен дыбыспен әндетеді),балалар қайталайды.

Ойын: «Светофор айрықшам»
Музыкасын жазған :Ю.Чичков

Музыкаға сай қимыл сипатын анықтау үшін ойын.

Ойыншылардан реттеуші /регулировщик/ таңдалынып алынады. Қалған балалар екі топқа бөлінеді: Жаяушылар және машиналар. Реттеуші жасыл дөңгелекті көтереді – музыканың сипатына байланысты көшеде «машиналар» немесе «жаяушылар» жүреді.

Ойын: « Төлдер».
Ойынның шарты: Балалар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады.

Барлық балалар төлдер бейнеленген(лақ,қошақан,торпақ, Құлын,ботақан) қалпақтар киген. Бастама.Музыканы тыңдайды.

10-17 тактілер.Шеңбер бойлай жүріп,әндетіп сұрақ қояды,

18-25 тактілер.Балалар ортаға шығып жауапты айтады, ән текстіне сай төлдің қимыл-әрекетін салады.

26-29 тактілер.Төлдің қылығына байланысты қимылдар ойлап табады.

-Лағым-ау,лағым,                           -Қалбаңдаса қалпағың,
Неден шұнақ құлағың?                    Содан қатты қорқамын.
Ля-ля,ля-ля ля                                Ля-ля,ля-ля ля
Ля-ля,ля-ля,ля                                Ля-ля,ля-ля,ля
-Селтеңдеп көп құладым,                -Құлыным-ау,құлыным,
Содан шұнақ құлағым.                    Неден сұлу тұлымың?
Ля-ля,ля-ля ля                                 Ля-ля,ля-ля ля
Ля-ля,ля-ля,                                    ля  Ля-ля,ля-ля,ля
-Қошақан-ау,қошақан,                      -Сіміріп су тұнығын,
Неден болдың шошаған.                   Содан сұлу тұлымым.
Ля-ля,ля-ля ля                                 Ля-ля,ля-ля ля
Ля-ля,ля-ля,ля                                 Ля-ля,ля-ля,ля
Таудан-тастан секіріп,                     Ботақан-ау,ботақан,
Содан болдым шошаған.                   Неден болдың момақан?
Ля-ля,ля-ля ля                                 Ля-ля,ля-ля ля
Ля-ля,ля-ля,ля                                 Ля-ля,ля-ля,ля
-Торпағым-ау,торпағым,                  -Мен де өзіңдей балақан,
Неден болдың қорқағым?                  Момындықты жаратам.
Ля-ля,ля-ля ля                                  Ля-ля,ля-ля ля
Ля-ля,ля-ля,ля                                  Ля-ля,ля-ля,ля

Ойын: « Қоянды ұстандар».

Ойының түсінігі: Бұл ойынды үй ішінде немесе далада ойнауға болады.

Тәрбиеші бір баланы «қоян» етіп белгілейді де қалған балаларды үлкен шеңберге тұрғызады. Музыка басталысымен шеңбер жасап тұрған балалар шеңбердің ішінде жүгіріп жүрген «Қоянның жүрісін,секіруін салады. Бұл жүрістерді қоян болып
жүрген бала көрсетеді, қалған балалар қол соғып қошеметтеп, барлығы да қоянның қозғалысын жасап,бірге ойнайды.

Музыка біткен кезде шеңберде тұрған балалар қоянды шеңберден шығармау әрекетін істеп,қол ұстаса қалулары керек.Ал қоян болып жүрген бала шеңберден шығуға
ұмтылады.Егер қоян шеңберден шығып кете алса,онда ол өзі қалаған бір баланы орнына сайлайды.Ал шыға алмаса қоян-бала айыбын тартады:билейді не ән салады.Ойын осылайша жалғастырыла береді.

Ойынның тәрбиелік мәні: Музыка ырғағына ілесіп еркін қимылдар жасау арқылы балалардың бұлшық еттерінің ширауына,денелерінің шынығуына әсері мол,музыканың
соңын,аяқталсын аңғара білуге үйретеді.

Ойын: «Қос дабыл»
Өленің жазған: А.Асылбеков
Музыкасын жазған: А. Райымқұлов

/Дыбыстың биіктігін айыру үшін ойын/

Балалар екі шеңбер жасап тұрады. Сыртқы /үлкен/ және /кіші/. Ойын басталғанша тәрбиеші өзінің қалауы бойынша үлкен немесе кіші дабылда ойнайды. Үлкен дабылда ойнағанда сыртқы шеңбердегі балалар айналып жүріп әндетеді, кіші дабылда
ойнағанда ішкі шеңбердегі балалар айналып жүріп ән салады.

Гүрілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Там-та-ра-там. Там-та-ра-там-2 рет

Шіңкілдеей кеп қағылды:
Ти-та-ра-ти. Ти-та-ра-ти — 2 рет

«Соқыр теке» /бірінші түрі/

/музыкалық-дидактиқалық ойын/
Бұзау,
Бота,
Құлыншақ
Тоқты,

Серке,
Тай,
Торпақ,
Тана,
Тайлақ,

Құнан,дөнен,бесті бар,
Малдың жасын айыра біл, естіп ал.
Бұқа,
Бура,
Айғыр,
Қошқар,
Теке бар.

Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.
Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ», Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балалардың әрқайсысын жоғарыдағы жан-жануарлардың атымен арап шығады. соңғы аталған бала «Тентек теке» болады. «Тентек текенің көзін таңады. Ол музыканың бірінші бөлімінде жайлап
қозғалады да былай дейді:

Әй, қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсем, сөзім жоқ.
Маған жақын келіңдер,
Бала ұстап беріңдер! — деп балаларды іздей бастайды.

«Соқыр теке»
/Екінші түрі/

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер жасап тұрады, үштөрт бала шеңбердің сырт жағында тұрады.

Ортада «Соқыр теке». Балалар шеңберді айналып жүріп, әннің бірінші шумағын
айтады. Екінші шумақты «Соқыр теке» айтады. Екінші шумақ басталғанда балалар бекіткен қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп, «Соқыр текеге» ұстатпаймыз деп жан-жаққа жүгіреді. «Соқыр теке» біреуді ұстап алуға
тырысады.

Егер ұстап алса әннің төртінші шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала «Соқыр теке» болады. Егер де ұстай алмаса, әннің екінші шумағын айтып, қайтадан «Соқыр теке» болып қалады.

Соқыр теке, бақ, бақ.
Біз айтамыз, тақпақ.
Мықты болсан кәнеки,
Бірімізді тап,тап.ү

Мен текемін, бақ, бақ,
Қимылдар сақ, сақ.
Ал ұстадым, мінекей,
Шығып кетті-ау, қап,қап.

«Соқыр теке», бақ, бақ,
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсан кәнеки,
Бірімізді тап, тап.

Мен текемін, бақ, бақ,
Қимылдаңдар сақ, сақ.
Ал, ұстадым, мінеки,
Ауызына қақпақ.

Ойын: «Балақан да алақан»
Өленің жазған: Ө. Ысқабаев
Музыкасын жазған. Ө. Байділбаев

Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Сол қолының үстіне оң қолың салып, алақандарын беттестіріп, шапалақтауға ыңғайлайды. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады.

Алақандарын басқалардан бөлек, жанылыс соққандар, не басқадай бір қылығымен ойын тәртібін бұзғандар «кінәлі бала» болып табылады. Оларды ортаға жеке шығарып, кінәсін ақтау үшін өлең, тақпақ айтқызып, би билетеді.

1.Кел балалар шапалақтап,
Алақанда ұрайық.
Жаңылғанды ортағ ап,
Бір өнерін сұрайық.

Қ-сы: Ля-ля-ля-ля,
Балақан.
Ля-ля-ля-ля,
Алақан.

2.Айып тартсақ саспайық,
Қысылмайық қиналып.
Кел, ойынды бастайық,
Келді достар жиналып.

Қ-сы: Ля-ля-ля-ля,
Балақан.
Ля-ля-ля-ля,
Алақан.

Бәрі қол шапалақтап, өлең қайырмасын айтып тұрып, «кінәлі» баланы қырағы бақылайды. Оны тапқан кезде, бәрі соған бұрылып тұрып, былай дейді:

3. Соғылғанда алақан,
Жаңылдың сен, балақан.
Шаю үшін кінәнді,
Айтып жібер бір әнді.

Қ-сы: Ля-ля-ля-ля,
Балақан.
Ля-ля-ля-ля,
Алақан.

«Кінәлі» бала айыбын өтеген соң, ойын одан әрі қарай жалғасады. Ортаға екінші «кінәлі бала» шығады. Оған балалар мынандай талап қояды:

4.Соғылғанда алақан,
Тәртіп бұзып, балақан,
Неге босқа күлесің,
Қандай тақпақ білесің?!

Қ-сы: Ля-ля-ля-ля,
Балақан.
Ля-ля-ля-ля,
Алақан.
/Ойын онан әрі жүргізіледі/

5.Соғылғанда алақан,
Селқос тұрлдың, балақан.
Сол үшін кел, сұралық,
Билеп берсін бұралып.
Қ-сы: Ля-ля-ля-ля,
Балақан.
Ля-ля-ля-ля,
Алақан.
Ойын осылайша әлденеше рет қайталап ойнауға болады.

Ойын: «Қандай аспап?»

Балалар аспаптардың үнің ажырата білу үшін бұл ойын.

Жетекші:/әндетіп/
Алдымен сен күй тыңда,
Тартқан күйді дәл тыңда.
Қайсы аспапта ойнады?
Таба қойшы қалпында.
/Осы жерде домбырада орындалған күй үнтаспада қойылады.
Балалар тыңдап әндетіп жауап береді/

Балалар: Тартқан күйді тыңдадым,
Қиын емес жұмбағың.
Танымайды дейсің бе,
Домбыраның ырғағын.

Жетекші:/әндетіп/
Алдымен сен күй тыңда,
Тартқан күйді сәл тыңда.
Қайсы аспапта ойнады?
Таба қойшы қалпында?
/Қобыздың сазды күйі ойналады, не болмаса күйтаспада естіледі/

Балалар: Сазды күйді тыңдадым,
Қиын емес жұмбағың.
Танымайды дейсің бе,
Қыл қобыздың ырғағын.
/Осындай тәсілмен музыкалық ұрмалы ж.т.б. аспаптарды балаларға таныстыруға болады/

Ойын: «Көлеңке»
Өленің жазған:М.Әлімбаев
Музыкасын жазған: К.Куатбаев

1. Көлбең- көлбең көленкем,
Көлбендеген көленкем!
Кәне, қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.

Тәрбиеші осы өлеңді әндетіп айта жүріп, бір үлкен, бір кіші баладан қатар- қатар тұрғызады. /Кішісі –«көлеңкең/. Барлығы шеңбер жасайды.

2. Көлбең- көлбең көленкем,
Көлбендеген көленкем!
Бүркіт қалай бүреді?
Кім көрсете біледі?

Балалардың бәрі осы сөздерді айта жүріп, қолдарын жазып, жанындағы көленкелеріне көрсетеді.

Бүркіт былай бүреді,
Көлеңкем де біледі.
Ән ырғағымен балалар бүркітше қанат қағады, еңкейіп саусақтарымен жер тірейді «Көлеңкелерін» қайталап қимыл жасайды.

3. Көлбең- көлбең көленкем,
Көлбендеген көленкем!
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
/Қасқырдың жүрісің бейнелейді/

4.Қасқыр, қасқыр жолама!
Кірме біздің қораға.
Аңдап келген қасқырды.
Қойшы былай басқа ұрды.
/Музыка ырғағымен қасқырды ұрған қимыл бейнеленеді/

5.Көлбең- көлбең, көлеңкем,
Көлбендеген көлеңкем!
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
/Балалар «көлеңкелерінең аюдың жүрісін көрсетеді/ Барлығы қосылып.

6.Қорбаң-қорбаң, қорбаңбай,
Біз тұрмаймыз қорғанбай.
Келе жатқан аюға,
Кәне, таяқ дайында.
Қатар-қатар тұрайық,
Былай-былай ұрайық

Ойын: «Қоянды ұстаңдар»

Ойының түсінігі: Бұл ойынды үй ішінде немесе далада ойнауға болады.

Тәрбиеші бір баланы «қоян» етіп белгілейді де қалған балаларды үлкен шеңберге тұрғызады.Музыка басталысымен шеңбер жасап тұрған балалар шеңбердің ішінде жүгіріп жүрген «Қоянның жүрісін,секіруін салады.Бұл жүрістерді қоян болып
жүрген бала көрсетеді,қалған балалар қол соғып қошеметтеп,барлығы да қоянның қозғалысын жасап,бірге ойнайды.

Музыка біткен кезде шеңберде тұрған балалар қоянды шеңберден шығармау әрекетін істеп,қол ұстаса қалулары керек. Ал қоян болып жүрген бала шеңберден шығуға ұмтылады. Егер қоян шеңберден шығып кете алса, онда ол өзі қалаған бір баланы
орнына сайлайды.Ал шыға алмаса қоян-бала айыбын тартады:билейді не ән салады.Ойын осылайша жалғастырыла береді.

Ойынның тәрбиелік мәні: Музыка ырғағына ілесіп еркін қимылдар жасау арқылы балалардың бұлшық еттерінің ширауына, денелерінің шынығуына әсері мол, музыканың соңын, аяқталсын аңғара білуге үйретеді.

Дереккөз: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Әдістемелік жинақ / Жалпы ред. басқ.
С.С. Измуханбетова

Басқа материалдар: 

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  7. Қонжыққа сыйлық (балабақша жоспары)
  8. Су — тіршілік көзі (балабақша жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ