Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)

0
941
Гомотетия және оның қасиеттері

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары. Ұстазға әдістемелік көмек ретінде ұсынылып отыр. 

Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық

Құндылық:  ақиқат

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өз мүмкіндіктерін ақиқат жолымен танудың мәнін ашу

Міндеттері: Оқушыларға  ізгілікті қарым-қатынас жасаудағы парыздың мәнін түсіндіру;

-Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс — амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

-Жағымды қарым-қатынас жасауға,сенімділікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

5 Т ережесі, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді тік ұстап,көзімізді жұмамыз.Аяқ-қолдарымызды айқастырмай еркін ұстаймыз.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап,жылуын таратуда.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып,әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,әр эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастады. Ол біртіндеп күшейіп келеді. Осы нұрды қолыңызға түсіріңіз. Қолыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашып,жақсы істер жасауға ұмтылады. Нұр сәулесі аяқтарыңызға тарап,жақсы әрекетке қадам басады.

Енді сіздің тіліңізге тарап,тек шындық пен ізгі сөздер айтады.  Нұр сәулесі екі құлағыңызға бағыт алды, ол жақсы сөз бен әсем әуенді ести алады. Екі көзімізге жетті. Көзіңіз енді тек жақсыға қарап,жақсыны ғана көруге ұмтылады.

2.Үй тапсырмасын тексеру

№3 сабақ Менің атым Қожа үзіндіні өз ойларымен аяқтап, сұрақтарға жауап беру

·  Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі болды ма?

· Өз мінез-құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті?

·  Қожаның орнында сендер болсандар не істер едіндер?

Оқулық
3.Дәйексөз.   

«Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарыізденген мәңгі сана

Өзіңді-өзің танысаң-істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана».

Өзінді-өзің танысаң қандай жетістіктерге жетесіңдер?

Жан құмары дегеніміз не?

Өмірінді өзгерту үшін  не істеу керек?

Әл-Машани

(Хормен айту, жаттау, мәнін ашу.)

 

Әңгiмелеу «Әдеп»    Ы. Алтынсарин

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді дейді.

Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып, сәлем береді.  Қасындағы бай:

— Тақсыр, осынша жұрттың әкімісіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деді

Сонда әкім:

—     Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілік көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба?- депті

Сұрақтар:

—     Мәтіннен кімнің әрекетін дұрыс деп ойлайсындар?

—    Әкімнің бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді көреміз?

— Сен мұжықтың орнында болсаң қандай көңіл күйде қалар едің?

 
1.     Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Оқушыларды 3 топқа бөлу

1-топ.     

Ы. Алтынсарин «Әдеп» әңгімесін сахыналау

2-топ

«Зиянды әдеттерден аулақ болу» тақырыбында сурет салу

3-топ

Әдеп  тақырыбында өлең жолдарын құрау

 
2.     Топпен ән айту.

Өмірөзен    (Замантобы)

1.     Асып тасып, төгіледі

Алқынып ұшатын көніл ай.

Өзгерместей көрінетін,

Баянсыз бес күндік өмір ай.

Тасқын болып, тасып тұрған

Жастық шақ алдады аңдамай.

Әлде неге асықтырған

Желігі басылмас жалған – ай.

Қ-сы:

Өмір өзен ағады, әттең.

Өкініштің алауы,

Жанымды өртеп барады.

Өмір өзен ағады, әттең.

Менің жаным жаралы,

Кай жагада калады.

 
3.     Үй тапсырмасы.

№4 сабақ Адам мүмкіндігін білеміз бе? Л.С.Рувинскийдин үзіндісін оқу

 
Соңғы тыныштық сәтi. 1 мин.

—  Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші….. (сәл кідіріс жасаймын) оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғандарыңды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын).

Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

 

Дереккөз: zkoipk.kz

Басқа материал:

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  7. Қонжыққа сыйлық (балабақша жоспары)
  8. Су — тіршілік көзі (балабақша жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ