«Жас математик» интеллектуалдық сайысы

0
4524
Freepik.com
Күні:  Үйірме жетекшісі:   2-4 сынып 
Тақырыбы «Жас математик »  интеллектуалдық  сайысы
Жалпы мақсаты:

 

2-4 сынып оқушыларының математика пәні бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетерін дамыту,  жан-жақты білімділікке баулу.
Күтілетін нәтижелер:

 

Шапшаң ойлауға, өз ойын ашық айтуға,жүйріктілікке  дағдыланады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын  арттырады  Логикалық  ойлауға дағдыланады.
Түйінді идеясы: Математика – ғылымдар патшасы.
Ресурсы:

 

 интерактивті тақта, судоку,синхронды суреттер,есепшоттар
Өтілу   барысы:
Жоспары:

1.       Таныстыру
2.       «Аламан –бәйге»   (әр қатысушыға 10 сұрақ.  )
3.        «Қисынды ойлар»  логикалық тапсырмалар   (бұл кезең   оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттерін шыңдайды
4.         «Кім жүйрік?»  менталды есептеу (есепті тез шығаруға, менталды есептеуге, есте сақтау қасиетін күшейтуге септігін тигізеді
5.       Судоку (балалар үшін қызықты әрі тартымды  )
6.       Синхромды сурет салу  (екі  қолмен бір мезгілде сызу)
7.Математикалық жеті есеп

       Психологиялық ахуал қалыптастыру.  Сайысқа  қатысушылар өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.     Менің көңіл –күйім қандай?
-Жиылған  ылғи дарындар,
Жүректе от,көздерінде жалын бар.
«Жас математик» сайысына қатысушыларды,
Қол соғып қошеметтеп алыңдар.Жоспармен таныстыру!
Әділ-қазы алқасымен таныстыру

1. Мырзатаева-оқу ісі жөніндегі орынбасары

2. Г. Бекетаева –бастауыш класс мұғалімі

3. Г.Ермағанбетова- «Бастауыш кластар» әдіс-бірлестігінің жетекшісі

Сайысымызды бастаймыз кезекті таныстыру  бөліміне  береміз.

1. Таныстыру

2.  «Аламан бәйге»  (әр қатысушыға 10 сұрақ.  )

№1. 2класс

1.Санға  нөлді  қосқанда  не шығады?  Санның өзі

2.Қосудың қандай қасиеттерін білесің?  Ауыстырымдылық терімділік,үлестірімділік

3.Ең кіші екі таңбалы сан  -10

4.Үш қабырғасы,үш бұрышы бар фигура —  үшбұрыш

5.  Азайтудың   амалының компоненттерін   ата  (азайтқыш,азайғыш,айырманың  мәні)

6. 1 сағатта неше минут бар? 60

7. 1 жылда неше ай бар? 12

8. Ұзындық өлшем бірліктері  м,мм,см,дм

9. Дүйсенбі аптаның нешінші күні?  Бірінші

10. 4 -ке 4 қосқанда неше  болады? 8

№2  2-класс

1.Көбейтудің компоненттерін ата  (көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің  мәні)

2.Төрт қабырғасы төрт бұрышы бар фигура   төртбұрыш

3. Ең үлкен екі таңбалы сан  99

4.1 минутта неше секунд бар? 60

5. 1 аптада неше күн бар? 7

6. 10-нан 4 азайтқанда қанша қалады? 6

7.6+в  қандай өрнек деп аталады?  әріпті

8.Белгісізі  бар теңдік не деп аталады?  теңдеу

9. 58 санының бірлігі неше? 8

10. Сәрсенбі күні нешінші күннің сабағы өтеді?  3-үшінші

№3  2-класс

1.Қосудың компоненттерін ата  қосылғыш,қосылғыш қосындының мәні

2.Барлық қабырғасы тең фигура  -шаршы

3. Кесіндінің неше ұшы бар?  2

4.Масса бірліктері  кг,г,т,

5.8-ге 8 қосқанда қанша болады? 16

6. Аптаның неше күнінде сабақта боласың? 5

7.Кез келген саннан нөлді азайтқанда не шығады?  Санның өзі

8.12+5  өрнегі қалай аталады? Санды өрнек

9. 1 тәулікте неше сағат бар? 24

10 32 санының ондығы неше?  3

№4  3-класс

1.Ұзындықты немен өлшейміз? сызғыш

2. 3 жердегі 6 неше? 18

3. 2 сағатта неше минут бар? 120

4. Санды нөлге көбейткенде не шығады? 0

5. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?  Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз

6.56   8ге бөліне ма?  иа

7. 42-ні 7-ге бөлгенде қанша болады?  6

8.Бөлуге кері амал — көбейту

9.  Масса бірліктерін ата   кг,г,т,ц

10 Бөлу амаланың компоненттерін ата  бөлінгіш,бөлгіш, бөліндінің мәні

№5  3-класс

1.Ең кіші төрт таңбалы сан  1000

2. Қосуға кері амал —  азайту

3. 7 жердегі 5 неше  ? 35

4. Көбейту амаланың компоненттерін ата   көбейткіш ,көбейткіш,көбейтіндінің мәні

5. 2 тәулікте неше күн бар? 14

6.Санды бірге көбейткенде не шығады? Санның өзі

7.Уақыт бірліктерін ата   сағ,мин,сек,

8. 63 9-ға бөліне ма? иа

9. Ұзындық өлшем бірліктерін ата  см,м,мм,дм,км

10  32-ні 4 ке бөлгенде қанша болады?8

№6  4-класс

1.1 ғасырды неше жыл бар? 100

2 Мың санында неше нөл бар? 3

3.7 жердегі 7 неше? 49

4. 500-ді 100 ге бөлгенде қанша болады? 5

5.Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Ұзындығы мен енін көбейтеміз

6.Миллионда неше нөл бар? 6

7.1 центнерде неше кг бар? 100

8. 862 санының жүздігі қай сан? 8

9. Бесбұрышта неше қабырға бар? 5

10 555 саны  111ге бөлінема?  иа

№7  4-класс

1. 400-ді 20-ға бөлгенде қанша болады? 20

2. Жылдамдықты қалай табамыз?  Қашықтықты уақытқа бөлеміз

3. .Ең кіші үш таңбалы сан   100

4. 546 санының ондығы қай сан? 4

5. Төртбұрышта неше бұрыш бар? 4

6. 9 жердегі 5 неше ? 45

7.  6666 саны 6 ға бөлінема?  иа

8.8000ды 800 ге бөлгенде қанша шығады?  10

9. 1 кг-да неше грамм бар?  1000

10 5 сағатта неше минут бар?  300

№8  4-класс

1. 987 санының жүздігі қай сан? 9

2.Ең үлкен үш таңбалы сан  999

3.  5 тәулікте неше сағат бар?  120

4.Қашықтықты қалай табамыз? Уақыт пен жылдамдықты көбейтеміз

5.1 тоннада неше центнер бар? 10

6.  77777  саны 7 ге бөліне ма? иа

7.600-ді 3-ке бөлгенде қанша болады? 200

8.Алтыбұрышта неше бұрыш бар? 6

9.8 жердегі 6 неше? 48

10   Жыл мезгілі нешеу? 4

3.  «Қисынды ойлар»  Логикалық тапсырмалар.

  №1  1.Ағаштың үстінде 10  торғай отыр еді.Аңшы оның екеуін атып түсірді.Қанша торғай қалды?  (2)

2.. Үстелде 4 алма жатыр. Бір алманы 2-ге бөлсе, үстелде неше алма бар деп саналады? /4

  №2  1.Алманың жартысы неге ұқсайды?  (өзінің жартысына)

2.Үстелдің үстінде 7 майшам жанып тұр. Оның төртеуін сөндірсең  нешеуі қалады?  (4)

№3  1…Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?  (бос ыдыстан)

2.Киноға бес бала келе жатты. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше адам келе жатыр? /5/

№4  1. .10 үйрек ұшып бара жатты, аңшы 1 үйректі атып алды. Неше үйрек қалды?/1/

2.Отбасында 2 бала бар. Марлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Марленге іні емес. Сонда Ардақ кім? /қарындасы/

№ 5  1..Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады? /немересі/

2.Бұзау бір аяғымен тұрғанда 50 кг тартады, егер 4 аяғымен тұрса, ол қанша кг тартар еді? /50кг/

№ 6  1..Жолға екі бала шығып,2 теңге тауып алды. Олардан соң және 4 бала шықты. Олар неше теңге тауып алады? /0/

2 . Пойыздың 10 вагоны 15 км жол жүрді. Сонда олардың әрқайсысы неше км жол жүрді? /15 км/

№7    1. 8 картоп 4 минутта піседі. Ал 10 картоп неше минутта піседі? /4 мин./

2 . Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? /5/

№8    1.. 31 ақпан күні не болып еді?/ 31 ақпан болмайды

2..Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин бар. Үстел үстінде барлық көкөніс қанша? /7

4.  «Кім жүйрік?»  менталды есептеу

Қиын пәнді бәрі де меңгереді,
Қосу менен  басқаны теңгереді.
Ауызша есептеуді әп-сәтте ақ,
Қиналмай-ақ жылдам шеше береді, -дей  келе  кезекті абакпен  есептеуге береміз.Онда   менталды  есептегенде оң және сол қолды бір мезгілде ассинхронды қолдану арқылы мидың екі жарты шарын дамытамыз.

2-класс
№1 Данияр

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
8 2 9 8 6 3 8 9 6 6
-3 3 -7 -1 1 3 -2 -4 1 -3
3 -3 3 -3 -3 -3 -3 -3 -3 -3
8 2 5 4 4 3 3 2 4 0

№2  Ислам

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
8 8 3 6 2 2 5 2 9 4
-4 -3 3 -3 3 5 -3 3 -3 3
3 3 -3 1 3 -3 3 3 -3 -3
7 8 3 4 8 4 5 8 3 4

№3   Ерхан

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
8 1 7 1 3 5 3 7 1 4
-3 8 -3 5 -3 -3 5 -3 3 -2
-3 -3 -2 -3 6 4 -3 3 3 1
2 6 2 3 6 6 5 7 7 3

3-класс

№4  Елеусін

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
5 6 6 9 9 5 9 2 6 3
-2 -2 -2 -3 -4 -2 -4 6 -3 3
3 2 5 -2 -2 5 -2 -4 2 -2
-5 -5 -5 -4 2 -3 -3 1 -2 5
1 1 4 0 5 5 0 5 3 9

№5  Мағжан

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
4 8 4 7 6 3 6 5 7 1
2 -4 1 -3 -2 1 -2 -2 -4 5
-2 1 -2 1 4 1 5 1 2 -2
5 3 2 -5 -3 -2 -4 -4 -1 -2
5 8 5 0 5 3 5 0 4 2

 4-класс

№6  Бибінұр

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11 22 55 65 64 23 45 91 58 78
18 -12 20 24 30 25 54 -80 -57 -26
70 15 -15 -86 -84 -48 -79 22 25 -52
99 25 60 3 10 0 20 33 26 0

№7  Айару

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
80 25 90 24 21 78 85 36 78 77
11 -15 -50 55 26 -21 -70 52 -56 22
-50 38 54 -26 52 -50 14 -37 15 -55
41 48 94 53 99 7 29 51 37 44

№8  Еркебұлан

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
22 44 66 12 29 35 61 25 88 59
66 -12 13 12 -17 60 25 61 -18 20
-25 66 -65 55 -12 -75 -76 -81 25 -67
63 99 14 79 20 10 5 95 12

 

5.  Судоку тапсырмалары:

-Жарыс десе алғырлықты ұштайды,

Қиялдарға самғап ұшқан  құстарға.

Біліммен қаруланған   жүйріктер,

Судокуды  шешіп лезде тастайды.-деп судоку тапсырмасына кезек береміз. Бұл  судоку тапсырмаларын орындағанда   оқушыларға тартымды, әрі қызықты әсер етеді.

6. Синхромды сурет салу. Мұнда оқушылар бір мезетте екі қолмен сурет салады.

7.  Жеті  есеп  әр оқушының деңгейлеріне қарай есептер беріледі.

( қосу,азайту,көбейту,бөлу амалдарына ,теңдеуді шешуге  т.б)

 

 

Тест тапсырмалары: 

 1.Ағаштың үстінде 10  торғай отыр еді.Аңшы оның екеуін атып түсірді.Қанша торғай қалды?

2. Үстелде 4 алма жатыр. Бір алманы 2-ге бөлсе, үстелде неше алма бар деп саналады?

1.Алманың жартысы неге ұқсайды?

2.Үстелдің үстінде 7 майшам жанып тұр. Оның төртеуін сөндірсең  нешеуі қалады?

1.Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?

2.Киноға бес бала келе жатты. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше адам келе жатыр?

  1. 10 үйрек ұшып бара жатты, аңшы 1 үйректі атып алды. Неше үйрек қалды?

2.Отбасында 2 бала бар. Марлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Марленге іні емес. Сонда Ардақ кім?

1..Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады?

2.Бұзау бір аяғымен тұрғанда 50 кг тартады, егер 4 аяғымен тұрса, ол қанша кг тартар еді?

1..Жолға екі бала шығып,2 теңге тауып алды. Олардан соң және 4 бала шықты. Олар неше теңге тауып алады?

2 . Пойыздың 10 вагоны 15 км жол жүрді. Сонда олардың әрқайсысы неше км жол жүрді?

  1. 8 картоп 4 минутта піседі. Ал 10 картоп неше минутта піседі?

2 . Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады

1.. 31 ақпан күні не болып еді?/

2..Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин бар. Үстел үстінде барлық көкөніс қанша?

Дереккөз: matematik.kz

Басқа материалдар:

  1. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  2. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  3. «Білімді информатик» сайысы
  4. Жасанды интеллект деген не?
  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  7. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ