«Математик-кәсіпкер» сайысының сценарийі

0
1057
Иллюстрация: Freepik.com

Ойынның өтілу тәртібі:
1.Ойынға 3 топ қатысады,әр топ банк басқармасы болып табылады.
2.Банктің президенті,атауы болады.
3.Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.
Әр тапсырманың қиындығына байланысты құны болады.
4.Әр банктың бастапқы капиталы 50 000 теңге болады.
5.Дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотына
Тапсырманың қиындығына сәйкес қаржы түсіп отырады.
6.Топ дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың
құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.

Жоспар:
1. Таныстыру
2. Кім жылдам?
3. Логикалық есептер
5. «Математика мақал- мәтелде»
6. Жорға

Сайысымызды бастайық:
Алдымен әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

Бірінші кезең:: Таныстыру үш топ өздерін таныстырып өтсін.
Таныстыру ұпайы:2000 тг

Екінші кезең: «Кім жылдам?» деп аталады. Сайысқа топ басшылары қатысады.Сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Бір сұрақ бағасы 500 тг.

Жауап бере алмаса шотынан ақша алынады.Жауабын білмеген жағдайда келесі деп айтулары керек. Әділ қазылар алқасы есептеп отырады.

Сұрақтар: I-топқа

Республика күні (25 қазан)
64 қай санның квадраты (8)
100 жылдың басқа атауы (1 ғасыр)
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180º)
5 санына кері сан (1/5)
Ең кіші 3 таңбалы сан (100)
Таңбалары әртүрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
9*7 (63)
Түбір астындағы 49-ң мәні неге тең? (7)
Қазақстанда неше қорық бар? (9)

II топқа

Мұсылмандардың қасиетті айы (Рамазан)
Еліміз жер көлемі бойынша әлеемде нешінші орында? (9)
5 санына қарама-қарсы сан (-5)
Екі теріс санның көбейтіндісі (оң сан)
12 он есе арттыр (120)
Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
Таңбалары әртүрлі сандардың бөліндісі (теріс сан)
Бір бұрышы 90º тең үшбұрыш қалай аталады. (тік бұрышты)
Тұңғыш президент күні? (1-желтоқсан)

III топқа

Жеңіс күні? (9-мамыр)
Екі оң санның көбейтіндісі (он сан)
қысқаша көбейту формуласы саны? (7)
Тогызды бес есе арттыр (45)
Он екі айдың басқаша атауы (жыл)
Тубір астындағы 64 нешеге тең? (8)
Әлемде неше құрлық бар? (6)
Бір айда неше апта бар? (4)
Күн мен туннің теңелетін күні? (22 наурыз)
Ең кіші екі таңбалы сан? ( 10)

Үшінші кезең «Қөңілді математика» сайысы:Бұл сайыста 2000 тг, 4000 тг және 6000 тг 16 сұрақ қойылады? Топ мүшелері қол көтеру арқылы жауап беріп ұпай жинайды.
Есептің құндылығы – 2000 теңге.

1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
2. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?
(тең)
3. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса салмағы қанша болады? (3кг)
4. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)
Есептің құндылығы – 4000 теңге

1. Арман, Аян, Айбек ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Айбек, Арманнан, ал Аян Айбектен кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Аян, Айбек, Арман)
2. Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математика сабағынан бақылау жұмысынан қандай баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. иӘсемнің бағасы “3” емес, Анардың бағасы “3”-те, “5”-те емес, сонда әркім қандай баға алған.
(Әсем – 5, Анар – 4, Ардақ — 3)
3. 3 әкесі мен 6 ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Әр қайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай болғаны?
(1 ата, 2 әкесі, 4 баласы)
4. Магазиннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде кілең 3 теңгеліктер бар. Ал сатушыда кілең 5 теңгеліктер ғана бар. Тығырықтан шығар жол бар ма?
(3*8=24)
Есептің құндылығы – 6000 теңге.

1. Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болады. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу, қайықтар нешеу?
(15 адам, 4 қайық)
2. Аулада тауықтар мен қозылар жайылып жүр. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың аяқтарының саны 40. Аулада неше қозы неше тауық жайылып жүр?
(4 қозы, 12 тауық)
3. Көрейін сенде қанша ақыл мен ес,
Балапан көжек санын өзің тапшы
Аяқтар 94, басы 35
Барлығы 55 (Балапан-23, көжек-12)
4. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6м көтеріледі. Ал түнде 4м төмен түседі. иЖұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады?
(5 күнде)

Ал шәкірттер алды артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтарың қалмасын.
«Сандары бар мақал- мәтел » сайысын,
Озық ойлы шәкірт болса жалғасын,-деп сайысымызды жалғастырайық, Келесі сайысымыз «Математика мақал- мәтелде» деп аталады.

1. Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі білім ал).
2. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына).
3. Екі жақты қас болмас, (екі жаман дос болмас).
4. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз).
5. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар).

6. Бес бармақ жиналса, (жұдырық болады).
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды).
8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді).
9. Бір түйір дәнде, (бір тамшы бар).
10. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
(Төртеу түгел болса, төбедегі келеді).

11. Алты аға бірігіп әке болмас,
(Жеті жеңге бірігіп шеше болмас).
12. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі).
13. Қырық кісі бір жақ, (қыңыр кісі бір жақ).
14. Ерке бала (екі жылар).
15. Бес саусақ (бірдей емес).

16. Жеті атасын білмеген, (жетімдіктің белгісі).
17. Құтты қонақ келсе, (қой егіз табады).
18. Бір тал кессең, (он тал ек).
19. Жалқаудың екі досы бар:
(Бірі-ұйқы, бірі-күлкі).
20. Он бала бір әкеге жүк болмайды.
(Бір әке он балаға жүк болады).

21. Бір жаңа дос, (жүз туыстан артық).
22. Ағайын – алтау, (ана – біреу).
23. Алдыңа бір қарасаң, (артыңа он қара).
24.Досыңның мың болғанына мақтан,
(Дұшпаның жалғыз болсада сақтан).
25.Мыңның қамын бір ойлар,
(Біреудің қамын мың ойлар).

Келесі сайысымыз «Жорға» деп аталады.Сайыстан оза шапқан топ жеңімпаз атанады.Кейбір сұрақтарда сыяқы немесе банкрот жасырылған.Демек топ қоржынына ұпай қосылуы немесе керісінше алынып тастауы мүмкін.

Тақырыптар Бағалары (тг)
Анықтамалар 5 000 10 000 20 000 30 000
Математикалық жұмбақтар 5 000 10 000 20 000 30 000
Теңдеулер мен теңсіздіктер 5 000 10 000 20 000 30 000

Анықтамалар:
5 000: Заттарды санау немесе біртектес заттардың реттік нөмірін анықтау үшін қолданылатын 1,2,3,4… сандарын қалай атайды? (Натурал сандар)
10 000: «БАНКРОТ»
20 000: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты d санын қосқанда шығатын (a_n) сандар тізбегі қалай аталады? (Арифметикалық прогрессия)
30 000: Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынның нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық? (Функция)

Математикалық жұмбақтар
5 000: СЫЯҚЫ
10 000 : Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

20 000: Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде/теңсіздік/

30 000: Оң сандарға қол шатырдай
Калпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)

Теңдеулер мен теңсіздіктер:
5 000: (13)
10 000: (3)
20 000 :СЫЯҚЫ

Дереккөз: matematik.kz

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ