Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)

0
9264
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:

1. Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету;

2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту;

3. Оқушыларды тапқырлыққа, даналыққа жҽне ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер, мақал-мҽтелдер, тіл мерекесіне арналған безендірулер;

  1. Қызықты сәт (математикалық сайыс)
  2. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  3. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің бастауыш сынып ӘБ-де «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.

Ойын 3 айналымнан тұрады:

1 – айналым: «Кім көп біледі?»
2 – айналым: «Мақал – сөздің мәйегі»
3 – айналым: «Кім тапқыр?»

Бұл сайысқа әр кластан 1 оқушыдан қатысады. Ендеше, ортаға бүгінгі сайыстың қатысушыларын шақырайық.

Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай топтың жауаптары кәдік шықты.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дегендей, Құрметті ұстаздар, сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алайық.

Әділ – қазы алқалары:

Жүргізуші: Алдымен мақал — мәтел мен жұмбақ дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:

Мақал — мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мҽтелдің айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.

Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.

Мысалы: Тұрғанмен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі. (Жұмбақтың жауабы: күн)
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін жҽне ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше, біз бүгінгі сайысымызды бастайық.Олай болса іске сҽт!

1 — айналым: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мҽтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде қатысушылар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады).

2 — айналым: «Мақал – сөздің мәйегі. (тақтада мақал — мҽтелдің басы беріледі, қатысушылар мақалды жалғастырады)

№1 – оқушыға:
1. Кітап – білім бұлағы,…. (білім – өмір шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,…. (ақылы көпті дау алмас)

№2 – оқушыға:
1. Ақыл – азбайтын кен,…. (білім – тозбайтын тон)
2. Жолдас қадірін жорықта білерсің,… (дос қадірін соғыста білерсің)

№3 – оқушыға:
1.Қына тасқа бітеді… (Білім басқа бітеді).
2.Оқусыз білім жоқ… (Білімсіз күнің жоқ).

№4 – оқушыға:
1. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да… (Қарызыңды өтей алмайсың)
2.Туған жердің қадірін…(Шетте жүрсең білерсің).
3.Оқу білім азығы…(Білім ырыс – қазығы).

№5 – оқушыға:
1. Ананың сүті- бал… (Баланың тілі- бал).
2. Сөздің көркі- мақал… ( Жүздің көркі- сақал).
3. Ұлдың ұяты әкеге…(Қыздың ұяты шешеге).

3 – айналым: «Кім тапқыр?»
Шарты: Жүргізуші жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

Жүргізуші: Ал балалар, олай болса, 3-ші айналымды бастаймыз.

№1 – оқушыға:
Жұмбақ: Асыраған

Ел жұртты – Жез мұртты. (бидай)

Мақал: Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

Жұмбақ: Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)

№2 – оқушыға:
Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді, Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

№3 – оқушыға:
Жұмбақ: Желден желігеді

Судан шегінеді. (От)

Мақал: Отан оттан да ыстық.

№4 – оқушыға:
Жұмбақ: Жылт — жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

Мақал: Судың да сұрауы бар.

№5 – оқушыға:
Жұмбақ: Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)

Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.

Жүргізуші: Осымен негізгі үш айналымды артта қалдырдық. Ендігі кезек әділ-қазылардың қорытынды сөздерінде (Әділ-қазылар жалпы қорытынды ұпай санын шығарады).

Құрметті көрермендер, әділ-қазы алқасы өздерінің әділ шешімін шығарғанша көрермен жанкүйерлер арасында сайыс жүргізейік. Ол үшін әр кластан екі оқушыдан шығарып, мақал айтысын ұйымдастырамыз. (ортаға шақырылған 10 оқушы екі топқа бөлініп, өзара мақал айтып жарысады. Бірі айтқан мақалдан екінші қатысушы бір сөзді қолданып басқа мақал айтады).

Әділ-қазыларға сөз берейік (Қатысушылардың ұпайлары жария етіліп, марапатталады).

Аталар сөзіменен өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған.
Даналар өсиетінен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен, уақыттарын бөліп, бүгінгі сайысқа қатысушыларды дайындаған класс жетекшілеріне және қатысушыларға, кҿрермендерге үлкен алғысымызды айтып, қорытындылаймын.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ