Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса, менің Елбасым!!!

   1-желтоқсан — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн.  1991 жылы қыстың бірінші күнінде тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы өтті.
 
Республика президентінің қызметі 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің мәжілісінде белгіленді, сонымен қатар бұл қызметке Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.  Ол 98,7% дауыс жинады.

Он күннен кейін президент Қазақ КСРО-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды.  Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады.

2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы »заң қабылдады.  Құжатқа сәйкес 1 -желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып жарияланды.  Осылайша, бұл мереке елімізде 2012 жылдан бері атап өтіліп келеді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы еңбегін атап өту және тану мақсатында белгілен күн болатын . Ал қазіргі таңда Елбасымыздың сіңірген еңбегі елге аян. Нұр-сұлтан  қаласының өркендеп дамуына бірден- бір себепкері Елбасы.

Бұл күні мерекелік және салтанатты іс-шаралар еліміздің барлық облыстарында, Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында жоспарланған.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ,барлық іс-шаралар онлайн форматта және Елбасымыздың мәлімдеп өткен сұқбаты Қазақстан ұлттық арнасында 1- желтоқсан сағат 20:00 — де берілетін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары онлайн концерттер, көрмелер мен конференцияларды тамашалай алады.

Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар процесс.  Мәселен АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпы ұлттық деңгейде аталып өтеді.

Бұл мереке АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне арналған. Бұл американдықтардың ертеден тойланып келе жатқан мерекелерінің бірі.

Біздің дамып өсіумізге қаншама мүмкіндік жасап берген Нұрсұлтан Назарбаев атама алғысымды білдіремін .

Менің есімімді де жәйдан жай қоймаған деп ойлаймын бұйыртса атамыз секілді ел басқарамыз кім білсін сондықтан аянбай еңбек етіп ,білім тәжірбесін артыру керекпін . Елбасының қарапайымдылығы мен зор адамгершілігінің белгісі менің жан дүнемде бар деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев
Тұран университетінің студенті

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ