Отаным, Тәуелсіз Қазақстаным

тәуелсіздік
????????????????????????????????????

Біз,қазақ еліміз, бастан не көрмеген,
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

 Мен – тәуелсіз ел азаматымын.Мен үшін ең биік мадақтау,ең биік лауазым. Адам өмірге келер алдында ұлтын,ана тілін,туған жерін таңдай алмайды.Қандай болса да кіндік қаны тамған жері болып қала бермек. Ал, менің жолым болды. Ұшқан құстың қанаты талатындай кең,қойнауы бай.Аңызға толы,тарихи аймақтары да жетерлік. Бұл – менің Отаным!Менің тәуелсіз Қазақстаным!

Тәуелсіз еліміз жас та болса биіктерден көріне білді.Сан мәрте көк байрағымыз өзге құрлықта биік желбіреді.Мұндай жетістіктер әрбір қазақстандықтың көңіліне қуаныш ұялатқаны анық.

Осындай үздік нәтижелерге әрдайым жету үшін елімізге нақты мақсаттар мен айқын жоспарлар қажет.Ол жоспарлар арқылы болашаққа нық қадам баса аламыз.Бірақ,өткенімізді,тарихымызды білмей,болашақты жоспарлау әсте мүмкін болмас.

Тарихымыз тәуелсіздікке жету жолында талай оқиғалардың куәсі болды.Солардың бірі,әрі бірегейі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Мыңдаған жастардың өмірін қыршыннан қиған құпияға толы ызғарлы желтоқсан.

Ойларындағы асқақ армандары айтылмай кеткен қыздар мен жігіттер.Олардың шын мәнінде бастан қандай ауыртпалықтар өткергені біз үшін құпия болып қала бермек.Желтоқсан лебінің бүгінде ұмытылғаны да жасырын емес.

Сол бір суық кезең – бастан өткерген әрбір адамның санасында өшпестей болып ізін қалдырғаны анық.

Тарих – бізге қалдырған бабалар аманаты.Сондықтан да,осы оқиғаға дейін және осыдан кейінгі күресулерді естен шығармауымыз керек.

Бейбіт заманымыздың қадірін түсіну үшін,дархан даламыздың талай тарихи кезеңдерді бастан өткергенін ұмытпауымыз қажет.Сонда ғана тәуелсіз еліміздің көк туы тек қана биікте желбірейтін болады.

 

Гүлманат Райымбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ