Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу және сипаттау (сабақ жоспары)

0
1519
Гомотетия және оның қасиеттері

8 сынып
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды киімнің жіктелуі мен сыртқы түрінің сипатталуы туралы негізгі мағлұматтар беру.

Дамытушылық: оқушылардың икемділік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға өз міндетін тиянақты орындауға үйрету, тапсырманы мұқият орындауға тҽрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту, сарамандық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, манекен, бұйым-кҿйлек

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (1-2 мин)
1. Оқушылардың сҽлемдесуі.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)
1. Сән ұғымы дегеніміз не?
2. Қазақстанның сҽн индустриясы қалай дамуда жҽне атақты дизайнерлерді атаңдар.
3. Қандай стильдерді білесіңдер?
4. Костюм ұғымын түсіндіріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ. (15 мин)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, дҽптерлеріне жазғызу.
Интерактивтік тақтада киім үлгілері (слайдтар) көрсетіледі.

Оқушының мәліметі: Әйелдердің жеңіл киім түрлеріне – көйлек, жейде, халат, костюм-көйлек, кәзекейлер, белдемшелер жатады.

  • Әйелдердің жеңіл киімінің сыртқы түрі мынадай белгілермен анықталады:
  • Негізгі материалдар түрі – жүн, жібек, мақта, кенеп жҽне жасанды талшықты материалдардан тігілген бұйымдар
  • Жас ерекшелігі – жас, орта жас жҽне егде жастағылар
  • Силуэт түрлері – қынама, жартылай қынама, тік, трапеция
  •  Түймеліктердің түрлері – бір жақты қаусырмалы, екі жақты қаусырмалы
  •  Жең пішіні – қондырма, реглан, біртұтас, құрастырмалы
  • Жаға түрлері – қайырма, шаль, тік
  • Конструктивтік сызықтар

Көйлектер бір силуэтте, модельдері ҽр түрлі болуы мүмкін, ол жеңінің, жағасының, кҿкірекшенің, белдемшенің пішіміне байланысты болады.

Көйлектер жеңсіз немесе жеңдері қондыра тігілген, тұтас пішімді, реглан, жартылай реглан болуы мүмкін. Жең ұзын, жартылай ұзын, қысқа, тар, кең болады. Кейбір көйлектердің жеңін желбіршектермен, бүрмелермен, қатпарлармен жҽне басқа әрлегіш бөлшектермен өңдейді. Жең ұштарын манжеталармен өңдеуге болады.

Жағалар қондырмалы немесе алдыңғы бойы мен артқы бойы тұтас пішілген қайырма, тік, шаль жаға деп бҿледі. Мойын ойындысы дөңгелек, сопақша немесе басқаша әр түрлі фигуралы болуы мүмкін. Қалталар кҿйлектің көкірекше мен белдемшеде орналасуы мүмкін. Олар жапсырма жҽне оймалы  болады.

Түймеліктері – ілгек, батырма, сырмамен алдынан, артынан, иық немесе бүйір тігістерінде өңдейді. Көйлектерді әрлеу тҽсілдерін белбеу, кестелер, қатпарлар, бүрмелер, тігістер, шілтерлермен тағы басқада әрлегіш материалдар қолданылады.

Көйлектер қолдану мақсатына қарай үйге киетін, күнделікті, салтанатты жағдайларға киетін көйлектер болып бөлінеді. Үйге киетін көйлектер мақта, штапель маталардан қарапайым пішімді қолайлы етіп тігіледі.

Күнделікті киетін көйлектерді мақта, жібек, капрон, жүн маталардан тігеді. Олар жағалы жеңді,
жеңсіз, қалталы жҽне қалтасыз. Силуэті бойынша тік және қынамалы болады.
Жалпы сипаттамада бұйымның аталуы, пішіні, түймелігі, силуэті, жең пішімі, жаға, қалталар, әрлеу түрі кҿрсетіледі.

1-модель жас жҽне орта жастағы әйелдердің жүн матадан тігілген, жартылай қынамалы силуэтті, етегі сәл кеңейтілген, артқы мойын ойындысы тұсында сыдырма түймелігі бар, қайырма жағалы жҽне қондырма жеңмен тігілген көйлек. Көйлектің алдыңғы бойы тұтас, иық тігісінен басталып, мықын сызығына дейінгі бедерлері бар, әр жағына төрт төрттен сәндік түймелер қадалған.

Артқы бойы орта тігісті екі бөліктен тұрады, екі жағында иық тігісінен басталатын бір-бірден бүкпесі бар. Жеңінің ұзындығы бір тігісті, жең ауызы сәл тарлау, шынтағында бүкпелері бар. Екі бөліктен тұратын жаға, жағасының жиегі дөңгелектене келген, ұш жақтары тұқыл немесе тік. Көйлек сирек инешаншым арқылы екі тігіммен өрленген.

ІV. Жаңа сабақты бекіту. (15 мин)
Топпен жұмыс. Екі мата қиығынан бұйым жасау.

І. «Құралай» тобы
ІІ. «Кенже» тобы

V. Бақылаулар: (5 мин)
1.Техника қауіпсіздік ережесін сақтауды бақылау.
2.Технологиялық нұсқаның сақтауын бақылау.
3.Бұйымның орындалу технологиясын салыстыру.

VІ. Үй тапсырмасы. (5 мин)
1.Үйге киетін киім үлгісін салу, мата түрін жапсыру, сипаттама беру.
2.Күнделікті киетін киім үлгісін салу, мата түрін жапсыру, сипаттама беру.
3.Салтанатты жиынға киетін киім үлгісін салу, мата түрін жапсыру, сипаттама беру

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Абай Құнанбаев – ұлы ақын (сабақ жоспары)
  2. Шоқан Уәлиханов — дарынды ғалым (сабақ жоспары)
  3. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы (сабақ жоспары)
  4. ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)
  5. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  6. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  7. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  8. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ