ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)

0
4766
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты

– халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себепсалдарын анықтау;

Зерттеу сұрағы

Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

Оқулық

Орта Азия хандықтарының басқыншылығына қарсы қазақ көтерілістері. 106–111 беттер.

Тірек сөздер:

Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Хиуа хандығы, жазалаушы отрядтар, казак отрядтары, Есет Көтібарұлы

Ресурстар

1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. –
Т.1-2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.

Көрнекілік:

Жанқожа Нұрмұхаметұлының көтерілісі таралған аудандарды көрсететін карта.

Мақсатты айқындау

ХІХ-ғасырдың 50-жылдарында Орта Азия хандықтарының Қазақстанға деген басқаншылық саясатты күшейе түскенін, әсіресе Хиуа хандарының өктемдігі халықтың қаналуының күшеюіне және наразылықтарына алып келгенін, оған қарсы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаметұлы бастаған көтерілістің басталғанын, бұл көтеріліс халықтың қолдауына сүйене отырып, қуатты күшке айналғанын және бұл көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету.

Дамытушылық маңызы. Хиуа хандығының басқыншылық әрекетіне қарсы халық наразылығын сипаттай отырып, бұл көтерілістің Қазақстандағы кейінгі кезеңдерде орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарына ықпалын айқындау.ъ

Тәрбиелік маңызы. Жанқожа Нұрмұхаметұлының халықшыл, батыр тұлғасын үлгі ете отырып, жастарды туған халқына қызмет ету сезіміне баулып, тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары

Мұғалім өзі дайындаған жоспардың негізінде Хиуа ханының ұлы Мұхаммет Рахым Аллахұлдың Жаңадария және Қуаңдария аудандарындағы қазақтар арасында әскери қамалдар тұрғызуын басқыншылық ретінде сипаттайды, бұл әрекетке қарсы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаметұлының бастаған көтерілісінің себептерін, барысын және тарихи маңызын атап көрсетеді.

Оқушылыр екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Алғашқы топ Хиуа хандығының картасына олар басып алған жерді түсіреді.

Екінші топ Жанқожа Нұрмұхаметұлының тұлғасын сипаттайтын эссе жазады.

Сабақ түрі мен әдісі

Аралас, баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабақты өту барысында келесідей назарда ұсталатын басты мәселелер:

1. Хиуа ханының және Ресейдің Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы
қазақтарға қарсы саясаты.
2. Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстан аймағындағы отаршылдық
әрекеттері.
3. Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхаметұлы бастаған халық көтерілісінің басталу себептері, барысы.
4. Көтерілістің жеңілуі және маңызы.

Бағалау мүмкіндігі

Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:

1. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерiлiсiн 1836–1838 жылдардағы қозғалыспен салыстырыңдар.
2. XIX ғасырдың ортасындағы Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстандағы халық  көтерiлiстерiнiң негiзгi себептерi қандай болды?
3. Жанқожа мен Есет батырлар бастаған көтерiлiс туралы әңгiмелеңдер.
4. Діні, тілі және дәстүр-салттары жақын халықтардың арасын аша түскен
себептер қандай?
5. Қоқан бектерiне қарсы қазақтардың көтерiлiсi қандай сипат алды?

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
Мұғалім оқушыларға төмендегі тапсырмаларды орындап келуді тапсырады:

1. Хиуа хандығының басқыншылық әрекеті
2. Жанқожа Нұрмұхаметұлының халық батыры ретіндегі тұлғасы
3. Ол бастаған көтерілістің басталуы және жеңілуі
4. Көтерілістің тарихи маңызы
5. Оқулықтың 125-бетіндегі «Біліміңді тексер» тапсырмасын орында.
6. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерiлiсiн 1836 — 1838 жылдардағы
қозғалыспен салыстырып, олардың себептерін және ерекшеліктерін көрсететін
арнайы кесте жасаңдар.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ