Көтерілістің барысы, батырлары, жеңілуі және тарихи маңызы (сабақ жоспары)

0
1458

Оқыту мақсаты:

– ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру.

Зерттеу сұрағы:

Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде халық батырлары қандай рөл атқарды?

Тірек сөздер:

Наурызбай батыр, Ағыбай батыр, Иман батыр, Жанайдар батыр, Жәуке батыр, Сұраншы батыр, Байзақ батыр, Сыпатай батыр, Жоламан батыр, Бұқарбай батыр, Байсейіт батыр

Оқулық

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 111-121 беттер.

Ресурстар

Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан(Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы,
2016.

Көрнекілік

Астана қаласындағы Кенесарының ескерткіші (оқулықтың 115-беті). Жанайдар батырдың Қарағандыдағы, Ағыбай батырдың балқаш қаласындағы, Жоламан Тіленшіұлының суреті, Сұраншы мен Саурықтың Алматы қаласындағы ескерткіші, Бұқарбай батырдың ескерткіші (оқулықтың 115- 120 беттері).

Мақсатты айқындау

Кенесары Қасымұлын көтерілісте қолдаған халық батырларының бейнесін ашу. Кенесарының қырғыз манаптарымен қарым-қатынасының қасіретті салдарларын анықтау.

Дамытушылық маңызы. Кенесары көтерілісіне қатысқан халықтық батырлардың бейнесі және ерліктері бүгінгі қазақ халқының жас ұрпағын ерлікке, отаншылдыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отырғанын оқушыларға түсіндіріп, мұның бүгінгі тәуелсіз қазақ елі үшін зор маңызын айқындау.

Тәрбиелік мақсаты. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан тарихи тұлғалардың және қазақтың ең соңғы ханының мемлекетшілдігінің, ерліктері мен батырлықтарының негізінде оқушылар бойында отаншыл, халықшыл қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың деректік материалдары

Кенесары туралы халық арасында тараған Нысанбай және т.б. жыраулардың дастандарынан үзінділер оқу.

Оқушылардың тағы бір тобына Ресей империясының Кенесарыға байланысты мұрағат құжаттарынан үзінділер оқып беру.

Кенесарыға байланысты оның көтерілісіне қатысқандардың естеліктерін пайдалану және осы көтеріліске байланысты І.Есенберлиннің «Көшпенділер» эпопеясынан үзінділер пайдалану. Бұл құжаттардың бәрі оқушыларды мұғалімнің бірнеше топқа бөліп жұмыс жасатуын қажет етеді.

Сабақ түрі мен әдісі

Аралас. баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабылетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Оқытушы сабақты қызықты ету үшін көтеріліске қатысқан қаһарман тұлғалардың, батырлардың бейнесін ашу қажет екенін ұмытпауы керек.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ