Зергерлік — мол мұра

0
4223
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

Өнер — басты тәрбие құралы

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Зергерлік – қолөнердің ежелгі түрі

2.2 Зергерлік әшекей бұйымдар

3. Зергерлік әшекей бұйымдарға байланысты әдет-ғұрып, наным-

сенімдер

ІІІ. Қорытынды

Балам өнерлі болсын десең,

Аталық айтар ісің болсын.

Кіріспе

«Зергер» парсы тілінен ауысқан «зәргәр» сөзі.

Парсы тілінен аударғанда алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді. Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп болған.

Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке тағатын сәндік бұйымдары жиһаздық заттар, ағаш сәндік бұйымдары, музыкалық аспаптар, ат тұрман әдзелдері жатады. Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтайтын – мыс, әр түрлі кездейсоқ пәле-жаладан қорғап жүреді – мыс деп, бойтұмар болатын әшекей заттарды жасатуға құмар келетін. Зергерлік бұйымдардың көпшілігі ұзақ уақыт осындай бойтұмарлық роль атқарады. Бертін келе олардың о бастағы астары мәні жойылып, негізінен декорациялық қызмет атқаратын болды. Әшекейлер арқылы тұтынған кісіге жақсы ырыммен сәттілік тілеудің кейбір түрлері бұйымның нұсқасы мен өрнегі арқылыда меңзелген.Менің бұл зерттеп отырған тақырыбым – зергерлік бұйымдар жиынтығы. Бұл тақырыпты назарға алғандығы мақсатым – зергерлік бұйымдар технологиясын насихаттау, оның өміршеңдігін таныту, жас ұрпақ зердесіне сіңіру үшін мектеп қабырғасынан-ақ меңгерту.

Зергерлік бұйымдар технологиясы мектептердің сыныптарына арнаулы пән ретінде енгізбегенімен арнаулы пәндер еңбек, бейнелеу өнері секілді меңгертуге болады.

Үйірмелер ашу арқылы да өнердің аталмыш сапасына оқушыларға мол түсінік, терең мағлұмат беру мүмкіндігі зор. Мұндай игі істердің жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық өнерін, салт-дәстүрін меңгертуге атқаратын қызметі білімдік тұғырдан да, тәрбиелік тұрғыдан да маңызды болмақ. Жалпы, балалардың өз халқының өнерін сүюде, оны мақтаныш тұта білуде бұл бұйымдардың зор мәні бар.

Зерттеудің мақсаты: зергерлік бұйымдар технологиясын насихаттау, оның өміршеңдігін таныту, жас ұрпақ зердесіне сіңіру үшін мектеп қабырғасынан-ақ меңгерту.

Міндеттері:

-Зергерлік қолөнердің ежелгі түріне сипаттама жасау.

-Зергелік әшекей бұйымдарға талдау жасау.

-Зергерлік әшекей бұйымдарға байланысты әдет-ғұрып,наным-сенімдер.

Негізгі бөлім

Зергерлік қолөнердің ежелгі түрі

Зергeрлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зeргерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергeрлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, білектеу, көркем шекіме, канфаренье, бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн, сынкәптәу, жылтырату және т.б тәсілдер қолданылады. Зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар – таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт саймандары, әйелдердің алтын бас киімі, жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Сол кездегі зергерлер әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі Алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген.

Сақ. Ғұн, ұйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құйю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан мүсін жасаумен бірге оның бетіне асыл тас орнату әдісінде меңгерген. Өрта ғасырда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезде ат әдзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, беделдеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары жасалған. ХҮІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында, яғни металды әшекейлеу өз алдына қолөнерлік өндіріске айналған кезде Қазақстанда зергерлік өнердің дамуы жоғарғы деңгейге жетті. Зергерлік шеберлік әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған.

Бұйымдар жасауға күміс, ақық, бирюза, маржан, лағыл, меруерт сондай-ақ түрлі-түсті шыны, смальтада пайдаланылды. Қазақстанның әрбіраймақтарында зергерлік өнердің жергілікті мектептері қалыптасқан. Қазіргі заманғы зергерлік өнерде жұмыстарының көпшілігі әр түрлі техникалар көмегімен жүзеге асырылады. Сығындау, өрнектеу қалыптары, әралан жонғыш, сызғыш, оймыштағыш құрал-саймандар, электрмен жұмыс істейтін машиналар көбейді. Соның нәтижесінде жаппай тұтынылатын көпшілік қолды зергерлік бұйымдар топтап шығарылатын болды. Әсіресе Қарағандылық

А.Қошқарбергеновтың сүйектен ойып, қырық түрлі оймыш өрнектер салып жасаған күмістеген асадалы, А.Абылаевтің алтын, күміс бұйымдары, Қ.Дүйсенқұлованың күміс ері, Солтүстік Қазақстандағы Қ.Смағұловтың сақиналары мен жүзіктері, Семейдегі Б. Нұржановпен, Павлодардағы А. Есалиевтің нәзік шеберлікпен жасаған бұйымдары қазіргі заманғы отандық зергерлік өнерінің дамуының жаңа белестері болып табылады. Зергерлік өнер дәстүрі Қызылордалық шебер М.Төлегенов, суретши зергерлер И.К. Брякин, Ғ. Жалмұханов, Д. Шоқпаров, В. С. Савченков, Г.И. Иванов шығармаларында одан әрі дамыды.

2. Зергерлік әшекей бұйымдар

2.1 Зергерлік әшекей бұйымдарға байланысты әдет-ғұрып, наным- сенімдер.

Зергелік әшекей бұйымдар тек байлық пен сәндік үшін ғана емес, ол киім-кешек мәдинетіндегі ажырамас атрибуты, брегей кешенді құрайтын аксесуарлар қатарынан берік орын аладыы. Олар киім-кешектің ғұрыптық фунциялық ерекшеліктерін, қолданыстық сипатын арттыра түсетін бөліктер. Зергелік бұйымдардың ұлттық киімдердің ерекшеліктері мен түрлеріне тәуелділігі олардың өзіндік ұлгісі мен пішімін қалыптастыруындағы заңдылық болатын. Қолөнердің өзге түріне қарағанда зергелік істің өзіндік ерекшелігіне қарай кәсіби сипаты болған. Қазақ зергелерді көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін зергелік, әсемдік бұйымдар жасаған. Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі 6 түрге бөлінеді:

  1. Басқа
  2. Мойын және кеудеге
  3. Иыққа
  4. Белге
  5. Қолға
  6. Аяққа тағылатын бұйымдар.
Әр түр өз ішінде бірнеше типтерге, топтарға бөлінеді.

Мысалы: басқа тағатын әшекейлерге маңдайлық, төбелік, желкелік, шекелік, құлаққа тағатын, шашбаулық, мұрынға тағатындар жатады. Зергерлер жасаған басқа да тұрмыста қажет түрлі дүниелер ғасырла бойы адамдардың тіршілік керекіне жарап ғана қоймай өздерінің әдемі өнернектерімен сан қырлы, терең сырлы бояу, бедерлерімен талай ұрпақты таңқалдырып, тәрбиелік, танымдық қызметін өтеп келеді.

Қымбат әшекей бұйымдары – сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқы мен медальон, диадемалар мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік қатаң қадиғасы болған.

Қазақ аруларының басына үкілі сәул киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамның жоғары болғанын куәлайды.

Зергерлер негізінен қоғамдық барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағын ғана емес, сондай-ақ, діни – идеологиялық, әдеп-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріліп отырған.Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын ьылсым күші бар, қасиетті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептеген. Көп халықтар металл денге саулық, іске сәттілік алып келетін қасиеттері бар деп есептеген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған. Анасын, әйелін, қызын ардақтап, қастерлеп қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған.

Осылайша қыз-келіншектерді ажарландыра түсу үшін оларға арнап сан алуан түрлі зергерлік әшекей бұйымдар да осы металдардан жасалған. Таза алтыннан жасалған сәндік бұйымдар өте қымбатқа түсетіндіктен оны тек ауқатты адамдар жасатқан. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайданланған. Көптеген елдер күмісті ақша есебінде қолданған. «Күміс ақша, — деп жазды саяхатшы Р.Карутц, — әйел адамның сәндік бұйымдарына пайданалады. Ер адамның қалтасындағы әмияннынан бұрын, олар ел кезіп сақина, білезік жасап жүрген зергерлердің қолына жетеді».

Зергерлер қолынан шыққан әшекей бұйымдар да көбіне баскиімде кеңінен көрініс табады, соның ішінде әсіресе сәукеледе. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайына тағатын асыл тасты күміс әшекей – маңдайшасы, сәукеле қозасы – шытақ, екі жағынан тігілген маржаннан салпыншақ, бет жақтауы мен артқы құлағы болады. Сәукеленің төбесіне жібектен желе тағылып, оған үкі қадалады, сыртында ұзын ақ жібек жаулығы болады. Бұған қса көз моншақ, үкіаяқ, жыланбас т.б. әшекей бұйымдар тағылады.

Тек сәукелеге тағылатын ғана емес, әйел баскиім әшекейлері сан алуан: жақ моншақтар бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдердің бас киімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қастарына түсіре, тізбеллі шоқ жасап, шілтірлеп тағылады. Алтын, күмістен жасалған жақ моншақтарды зергерлер жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды. Кимешектің өңіріндегі кестелермен жарыстыра тізіп бастырған түрлеріде кездеседі.

Шоқ – баскиімге тағатын алтын әшекей, асыл тас. Ал бұрама шоқ, үкілі шоқ – асыл тасты бас киім әшекейлерінің күрделі түрлері. Асыл тас қондырып жасаған бұйымдар сән-салтанантты, оның иесінің қоғамдағы орнын, жәррежесін білдірген. Қазақ тұрмысында шоқ белдеу, шоқ қондырған баскиім ертеде тектілікті, лауызымды дәрежесін көрсеткен.

Шашбау. Қазақ халқы әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептеген. Қиылған, алынған шашты аяқ астына тастамаған, жинап таза жерге жасырған. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, ұшына шолпы не шашбау байлаған. Ертеректе Орта Азия мен Қазақстанды қоныстаған өзбек, тәжік, түркімен, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында шолпы міндетті тағымдардың қатарында болған. Мұндай шаштын ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы шашқа бекітетін сәндік бұйымдардың бірнеше түрлері бар. Шашбау — өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған ызылған бауы бар сәндік бұйым сәнлік бұйым.

Шашбау көбінесе күмістен қақталып соғылады да, түрлі-түсті асыл тас орнатылған, моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен немесе қымбат, берік матадан ызылып жасалған алтын, күміс жіптермен өрнектеліп ұшына кұміс теңгелерден шұбыртпа зер шашақтармен «сөлкебайлар» тағылады. Бұның шолпыдан өзгешелігі – ол бұрыммен қоса өріліп, теңгелері мен күмістері тағымы шаш ұшына байланады. Сұлулар мен бойжеткендерге арналған халық өлеңдеріндегі «сылдырап шашбаудың мен алтын сырғаң, көрінер қыздар сұлу шашбауымен, бұрымын кейін сілкіп тастауымен» деген осыдан шыққан.

Шашбау жасалған материалына қарай алтын шашбау, күміс шашбау, тіллә шашбау деп аталса, жасалу, әшекейлеу әдістеріне қарай үзбелі шашбау, шашақты шашбау т.б. түрде айтылған. Шашбаудың ең қарапайым түрі жай лента немесе ызылған шүберек, атына заты сай шашбау – «шаштың, бұрымның бауы деген сөзден туындап тұр. Шашбау, шолпы сәндік бұйым, әрі бұрымның ұшын бекітеді, әрі өз салмағымен адам қозғалған сайын шаштың түбін жайлап тартып, бұрымның өзара өсуіне өз ықпалын тигізеді, әрі массаж жасайды. Ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды.

Шолпы. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Себебі бұрымға тағылған шашбаудағы алтын, күміс теңгелер де шашбау теңселген сайын жал-жұлт еткеннен кейін шолпы аталса керек. Ол көбіне ақталған күмістен үш бұрышты етіп жасалынады да, ортасына асыл тас орнатылып, шынжырлап тұмарша, қоза, қоңырау, күміс тиындар тағады. Шолпының асыл тас қондырылған түрін көзді шолпы дейді. Қозалы шолпы – сәндікке қоза орнатып жасалған шолпы. Сондай-ақ шолпының қоңыраулы шолпы, сылдырмақ шолпы дегендей түрлері де бар.

Сырға. Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Кейбір елдерде сырғаны кейбір ерлер де, тіптен малға да тағады. Ол неолит заманында сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған. Б.з.б. ІІ-дан алтын, күмістен асыл тас орнатылып жаслған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастаған. Көрші қарақалпақтарда мұрынға сырға тағу кең таралған және кейбір өңірдегі қазақтарда кездеседі және оны арабек немесе әребек деп атайды.

Қазақта ертеректе қыз баланы қырқынан шығара салып, құлағының сырғалығын тары дәнімен уқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жібек жіп өткізіп, тұйықтап байлап қоятын. Құлақтың тесігі бітеліп қалмау үшін кейінірек кішігірім күміс сырға тағатын. Ол «жас нәрестеге тіл-көз тимесін» деген тілектен туындаса керек. Бұрын ер баласы тұрмай жүрген немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп қартайғанда көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әр түрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен оны ұл емес қыз, деп құлағына сырға тағып қоятын болған. Баланың буыны бекіп ер жете бастағанда ғана оны құлағынан шешіп алған. Ел арасында мұндай ғұрып ХХ ғасырдың басына дейін сақталып, тіпті сирек те болса ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейін де кездесіп қалып отырған.

Қазақ халқында атастырылған қыздың құлағына сырға тағу рәсімі бар. Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақ немесе жолаушы ілулі тұрған сырғаны көрсе: «бұл үйдің бойжетіп келе жатқан немесе бойжетіп отырған қызы бар екен, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмапты, қыздың басы бос екен», — деген ой түйген.

Жасалған материал мен жасалу тәсіліне қарай алтын сырға, күміс сырға, қарала сырға, лажылы сырға, шытыра сырға, қолқа сырға, қозалы сырға, үзбелі сырға, күмбезді сырға, қоңырау сырға, ай сырға, айшықты сырға, ақық сырға, иықты сырға, иінді сырға, лағыл сырға, гауһар сырға, тұмарлы, салпылдақ, омыраулы, қозалы, облы, жапырақты сырғалар, шілтерлі сырға, шұбыртпа сырға, тағы сол сияқты кете береді. Аты айтып тұрғандай зер сырға – алтын сымынан нәзік те, әшекейлі етіп жасаған сырға түрі, сояу сырға – сүйектен жасаған сырғаның түрі. Бұған қоса асыл тастардан көзі бар сырғалардың түрі көп: маржан сырға, меруерт сырға, лағын сырға аталған тастардан көз қойылған сырғалар.

Салпыншақты сырғалардың да түрі көп: қозалы сырға – шар тәрізді метал салпыншақты сырға, сирақты сырға – бірнеше салпыншағы бар бар түрі, тамшылы сырға – майда қозалары мол, салпыншақты сырға, құрылымы күрделі сырғалар, жұмыр сырға – іші қуыс, төбе сырға, сабақты сырға – өзі үлкен салмақты, салпыншағы мол сырға түрлері, үш буынды сырға, үш шолпылы сырға – үш салпыншақпен әшекейленген сырғалар, ал сырғаның салпыншағы аса мол, көп әшекейлі болса, оны қырық буынды сырға деп атаған.

Зергерлік өнерінде бұйымдардың сыртқы пішінін, бет-бедерін ай, күн, жұлдыз сияқты аспан шырақтарына ұқсас космогониялық өрнектерімен безендіру жиі ұшырасатын құбылыс. Бұл халықтың өте ерте замандардан қалыптасқан сенім-нанымы, әдет-ғұрпы, салт-санасына байланысты туған. Қазақ сырғаларының құпиясы символикаларымен күшие түседі. Олар күн, ай, бұрама формалы болып келеді. Үш бұрышты тұмарша тәріздес сырғаларды жасы үлкен адамдар әлі күнге дейін киелі санайды.

Ерекше нақышпен жасалған ерекше дара сырғалардың түрлері де киіммен қоса тұтынғанда адамның ажарын ашып, әр беріп тұрады. Ондайлар қатарына бетіне күмістен қойылған шошақ әшекей, томпақ көзі бар кейде оның бетіне бүршік, сірке салынған күмбезді сырға, салпыншақтарын шұжық тәріздендіріп жасаған шұжық сырға, күміспен күптелген үкі аяғынан жасалған шар тәрізді салпыншақтары бар үкі аяқ сырға. Ал салпыншақтарына қоңырау шалар бекітілген қоңырау сырға нұсқасының шеңбері кең, салпыншақтары мол, күміс қоңырау шалары бар сырға сыртқа жарасымдылық берумен бірге сыңғырлаған нәзік дыбыс шығаратын сырға сирек те болса кездеседі.

Бабаларымыздың эстетикалық талғамының зор болғандығы сондай, сфырға таққан әйелдер төңірегіне қаншама шуақ шашып, өзін қоршаған ортаға эстетикалық-рухани байлықтың дәнін себетініне, әдемілікке, әсемдікке баулитынына жете мән бергенге ұқсайды.

Алқа – әйел адамдар мойынына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. Кейбір түркі халықтарында, мәселен, татарларда, құлаққа тағатын сырғаны да алқа деп атайды. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанымен бертін келе оның түр сипаты өзгеріп, тұмарша түрінде әр түрлі үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан. Ол кейде меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегі тізілгенасыл тастардан, кейде алтын, күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырылып, ою өрнектеліп, салпыншақты етіп жасалынады. Қазақ тілінде алқа тек мойынға тағатын омырау әшекейі емес, бірнеше мағыналарда айтылады. Кей жерде алқа қыздардың мойынынан бастап төсін жауып тұратын алжапқышқа ұқсас дөңгеленкіреп келген киімді түсінген. Мойынның арт жағынан күміс түймемен түймеленетін бұл алқа кейде «шалғыш алқа» деп те аталған.

Тұмар – мойынға салатын зергерлік әшекей бұйымның бір түрі. Тұмар түрлері әшекейлер сияқты палеолит дәурінен пайда болған. Ол кездегі адамдар аңдардың тістерінен, сүйектерінен сақина, моншақтар жасаған. Бұл заттар иесіне аңның ептілігі мен айласын береді, барлық қауіп-қатерден сақтайды деп санаған. Зергерлік бұйымдардың формасы, бүтіндей бөліктері, өрнектері де сол наным-сенімге байланысты болған. Мұндағы әшекейлі татар мен күмістер күрделі функцияларды атқарған.

Сақтар заманында моншақ тастар, жыланбас, ұлу қабыршақтары тұмар ретінде танылған, өйткені археологиялық қазба жұмысын жүргізген кезде олардың табылатындығы көңіл аудартады. Қол өнері дами келе қасиетті саналатын құстардың, жан-жануарлардың бейнесін тұмар ретінде ағаштан, сүйектен, металдан жасап таққан. Отырар қаласының орнын қазу кезінде табылған бойтұмарларға зер салсақ, олар – серке, аққу, қаз тәрізді, жылан басының бейнесі бар бойтұмарлар. Сол сияқты қасқырдың азу тісін, киіктің бақайшағын, қойдың асығын, құс сүйектерін де тұмар етіп таққан.

Тілімізде тұмар түрлеріне байланысты қалыптасқан мынадай атаулар бар:

Жастық тұмар – төрт бұрышты, түсті металдан жасалған көркемдік бұйым.

Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жалтырақ заттардан істелген тұмар.

Лағыл тұмар – лағыл таспен безендірілген тұмар.

Сіркелкі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.

Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар.

Жүзік – саусақ сұғатын шеңбері таза алтын не күмістен соғылып, саусақ сыртына қараған бетіне асыл тастан көз салынған әр түрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым. Шеті ою-өрнектермен безендіріледі. Ол соғу, қалыптау, ширату тәсілмен жасалады.

Жүзік сақинадан да күрделірек болады. Оның саусақ сыртына түсетін алақанына ширатылған металл сымнан, сіркелеу, лажылау, бағдарлау тәсілдерін қолдана отырып, күрделі өрнектер салу арқылы, күмбездеп, шытырлап немесе панжарлап, түрлі асыл тастардан көз орнатылады. Сондықтан жүзік алақанының беті өте сәнді, әрі әсем әшекейленгендіктен «жүзік» деп аталса керек. Яғни, бет, жүз, ажар дегеннен шығады. Ал сақина сөзіндегі «сақ» түбірі берік, мықты, мығым деген мағынаны береді. Палеолит дәуірінде сүйектен, неолитте тастан, қола дәуірінде еталдан жасалған.

Балдақ – жүзіктің көзі жоқ, бірыңғай түрі. Ерлер көбінесе жүзіктің балдақ түрін салған. Әдетте ешқандай әшекейі жоқ алтыннан, күмістен сомдап соғылған немесе құйылған жай шығыршық тәрізді сақинаны қазақтар балдақ деп атайды. Балдақ сақинаны неке суы құйылған тостағанға салып, үйленетін адамдар алма кезек неке суын ішіп, тауысқан соң, ыдыстың түбіндегі балдақ сақинаны бір-бірінің оң қолының 4-ші саусағына кигізеді. Әйел адамдар саусағына сақина, жүзіктің бірнешеуін тақса, ер адамдар саусағына жалғыз балдақ қана салады. Ер мен әйелдің өзара қолдағы балдағын алмастырып алуын шын сүйіспеншіліктің белгісі санайды.

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды. Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» деген сөз содан қалған. Тіліміздегі «сақинаны сәнге салмайды, — ол тазалыққа таразы», «сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді.

Алайда бұл тұжырымдар негізсіз емес. Өйткені бұл бұйымдар көбіне күмістен жасалады. Ал таза күмісте ір түрлі ауру қоздырғыш микробтарды өлтіретін қасиет бар. Себебі халқымыздың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғарып байқаған.

Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек, жаялығын жуар алдында оған сол үйдің үлкендері «қолыңа сақина салып ал, ол тазалыққа тән болады» — деп ескертіп отырған. Олай болса, нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу тәсілі оларды оған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.

Білезік – әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі сәнді бұйым. «Білезік» сөзінің шығу төркіні – біле жүзік – біле үзік – білезік. Білезік қымбат металдардан жасалады. Көлемі, пішімі, әшекейі әралуан болады, асыл тастардан көз орнатылады, алтын немесе күміс жалатып, дажылап, эмаль бағдарлап та соғады. Арзан білезіктер мыс, қола, жез, мельхиордан жасалады. Білезіктер жасалған материалы мен түр-тұлғасына қарай алтын, күміс, сом білезік, жұмыр білезік, сағат білезік, құйма білезік, топсалы білезік, бес білезік т.б. түрлерге бөлінеді.

Сыртқы түріне, өрнегіне жасалған елдің мәнеріне тән, көздеріне байланысты әр жердің білезіктері түрліше аталады. Білезік бір қолға, кейде екі қолға да тағылады. Білезікатер жай және топсалы білезік болып бөлінеді. Сондай-ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалғандары «бес білезік» деп аталады. Білезікке асыл тастардан көз орнатылып, бетіне «ирек», «мүйіз», «құс қанаты», «бөрі құлақ» сияқты күрделі өрнектер салынады. Білезіктер күрделі әрленген көбінесе ұлттық нақыш бойынша безендіріледі. Шеттерін сіркелеп, үш бұрышты фигуралар және ширату, өру техникасымен түрлі өрнектер салынады. ХХ ғасырдың басында жасалған білезіктер жұқа таспалардан тұрады.

Екі қатар үш бұрышты өрнектер салынып, үш бұрыштардың арасында сызықтар түсіріледі. Ойып, қарайту әдісімен соққан білезіктерге ең көп салынатын өрнектің бірі – қошқар мүйіз, оны байлықтың, дәулеттің өсуінің белгісі деп санаған. Бес білезік бауыр сырты жалпақ етіп жасалады, кейде топсасы болады. Металл шынжырмен бес сақинасы бес саусаққа киіледі. Ондай шынжырмен шыжымдалған бес сақинасы бес саусаққа киіледі. Ондай білезікті білекке салардан бұрын сақиналарды саусақтарға киіп алады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, қазақтың халық өнерінің жете дамыған түрлерінің бірі – зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Осынау өнердің қыр-сырын жас ұрпаққа үйрету борышымыз. Жалпы балалардың өз халқының өнерін сүюде, оны мақтаныш тұта білуде бұл бұйымдардың зор мәні бар. Оларға эстетикалық тәрбие беруде мектепте зерделік бұымдар басқа қолөнер өнімдеріне қарағанда көп қолданылады.

Ұсыныс.

«Өнер -жастан» деген халық даналығына сүйене отырып, осынау өнердің қыр-сырын жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан үйрету қажет.

1. Үйірмелер ашу арқылы да өнердің аталмыш саласынан оқушыларға мол түсінік, терең мағлұмат беру мүмкіндігі зор. Үйірмеде бисерді, моншақтарды қолдану арқылы зергерлік бұйымдар технологиясын меңгереді.

Тынығады

Зергерлік бұйымдар

жасай отырып оқушы өмір танымын кеңейтеді

Бірлеседі

Ұйымшылдыққа үйренеді

2. Кішкентай бүлдіршіндерді жас кезінен өз ұлтының өнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін ұлттық киім киген қуыршақтар жасалса. Ұлттық киім киген қуыршақ жасап, біз балаға ұлттық киім және әшекей бұйымдарының түрлерін көрсетеміз. Қазақтың ұлттық киімін киген қуыршақ «барби» және басқа шетел ойыншықтарының орнын алса дұрыс болады. Сәбилердің тәрбиесі ойыншықтан басталатыны мәлім, сондықтан біз өзіміз өз ойыншықтарымызды жасап шығарып, балаларды сапасыз, еш қандай тәрбие бермейтін, өмірге қауіпті ойыншықтан сақтауымыз керек.

Бұл жердегі проблема: қазақтың ұлттық ойыншықтарының аздығы және тек сувинер түрінде, бағасы өте қымбат.

Қарама – қайшылығы: дүкендерде ойыншықтың түр-түрі (қуыршақтармен) толып тұр.

Мақсатымыз: қазақтың ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдарын кигізіп қойған қуыршақ (ойыншықтардың) санын көбейтіп, біз сәбилердің өнер танымдылығын байытамыз.

3. Сондай-ақ балаларға арналған бояма кітапшалардың (раскраска), кеспе әріптер жинағының ішіне мысалы: Ә (әшекей бұйым) деп, оларға не жатады? (алқа, сырға, білезік) т б деп, білімдерін кеңейтуіміз керек. Қазақи тәрбие, қазақи білімді балаға жас кезінен беруіміз керек.

Егер біз балаларға жас кезінен бастап мәдениетті орта жасасақ (ойыншықтар, кітаптар, жалпы білім) онда балалар өзінің қай ұлтқа жататынын біледі. Осындай тәрбие арқылы Отанын, ұлтын, елін сүйетін, жаңалыққа құмар, халқына адал қызмет етуге дайын ұрпақ өсіреміз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ