Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

0
4670
Гомотетия және оның қасиеттері
Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Мақсаты:

І. Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықша туралы мағлұмат беру, сызықшаның бастауыштан кейін қойылатын жағдайлары туралытүсіндіру.

ІІ. Оқушылардың ойөрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл дағдысын жетілдіру.

ІІІ. Оқушыларды ұйымшылдыққа,таза,сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгеру.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау, баяндау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, қима қағаздар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.

б) Сабаққа назарын аударту.

І Топқа бөлу

I Болашақ тобы

II Еңбекқор тобы

III Білімділер тобы

II Психалогиялық дайындық

«Көп ізденсең, көп оқысаң, білімді боласың!»

Тыңдаңдар қыздар!

Тыңдаңдар ұлдар!

Қолдарыңды созыңдар,

Алақанды ашыңдар.

Қайсымыз «5» алудан қашпаймыз.

Ендеше үй тапсырмасын орындағандардан бастаймыз.

III Үй тапсырмасын тексеру.

53-жаттығу. Ребусты дұрыс шешу, мақалдың мағынасын ашу. Мағынасын түсіндіру, бастауыш пен баяндауышты табу, не үшін сызықша келіп тұрғанын айту.

«Ел іші- алтын бесік»

IV Үй тапсырмасын пысықтау

1 – топ : Бастауыш дегеніміз не?

2 – топ: Баяндауыш дегеніміз не?

3 – топ: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай кезде сызықша қойылады?

(сұраққа жауап беру) (Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға асық беріп бағалап отырамын.)

V Жаңа сабақ

Енді,оқушылар біз бүгін осы тақырыпқа байланысты жаттығулар орындаймыз. Кітаптағы 54- жат тығуға қарайық. Дәптерді ашып,күн жұлдызы мен көркем жазуды жазу.

54-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқы.Мақалдарды бастауыштан кейін сызықша қойып жаз. Баяндауыштарды тауып сұрақ қою.

1.Ауылым- алтын бесігім.

2.Ақын-ұлттың жүрегі,

Шешен- көптің тірегі,

Батыр- көптің білегі. (мағынасын түсіндіру) ( Тасырманы дұрыс орындаған оқушыларға асық беріп бағалап отырамын.)

3 топқа тапсырма: 55- жаттығу. Парақшаға жазылған өлең. Өлеңді бастауыштан кейін сызықша қойып жатқа жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сызу.

Отан- туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз,

Отан- ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

(Тапсырманы орындап болған соң,асық беріп бағалап отырамын.)

VІ Сергіту сәті

(Қимылмен орындау)

56 – жаттығу.

3 топқа тапсырма:( Ауызша орындау)

1-ші топ: Мәтінді оқиды.

2- ші топ: Мәтінді бірінші сурет бойынша әрі қарай жалғастырады.

3- ші топ: Мәтінді екінші сурет арқылы әрі қарай жалғастырады.

Оспан қандай оқушы? Сұрағына жауап бер. Жауап болатын сөйлеміңнің бастауышы мен баяндауышы зат есімнен болсын.

Оспан- ұқыпсыз бала. Оспан- салақ.Салақтық- жаман ауру. ( Тапсырманы орындап болғасын, асықпен бағалау.)

3 топқа тапсырма: Үлестірмелі қима қағаздар беру

58- жаттығу. Сөйлемдерді оқып,бастауышы зат есімнен баяндауышы етістіктен жасалғандарын- қоңыр себетке,бастауышы да,баяндауышы да зат есімнен жасалғандарын көк себетке жина.

1-ші топқа: Аян- биші. Күн қызарып батты.

2-ші топқа: Әнші қыз келді. Қарбыз-көкөніс.

3- ші топқа:Бөдене жақынға ұшады. Сазан- балық.

(Тапсырманы орындап болғасын, асықпен бағалау)

Ең соңғы тапсырма: 59- жаттығу. Сызық бағытымен екі әріп тастай отырып, мақал құрастыру. Құраған мақалыңның мағынасын түсіндіру.

«Жақсы ата-орман, Жақсы бала- қорған»

(Тапсырманы орындап болғасын,асықпен бағалау)

VІI Сабақты бекіту

Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
  2. Бастауыш дегеніміз не?
  3. Баяндауыш дегеніміз не?
  4. Мысал келтір.
  5. Сөйлем құра.

VІІI Сабақты қорыту

Сонымен, оқушылар бастауыш пен баяндауыш арасына қай уақытта сызықша қойылады екен

IХ Үйге тапсырма

75-бет,57-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөйлемді бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болатындай етіп қайта құрастыр.

X Бағалау

Топтардың қанша асық жинағанын санау.Көп асық жинаған топ жеңіске жетеді. Топтар бойынша қай оқушы сабаққа өте жақсы қатысқанын айтып өту.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ