ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)

0
1147

Сабақтың мақсаты: 
– ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;

Зерттеу сұрағы:
”Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?

Оқулық
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті. 157–162 беттер.

Тірек сөздер: зар заман, Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат
Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы, айтыс өнері.

Ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.1-
2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
3. История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010.
4. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы” (М.Жолдасбекұлы,
Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). – Астана, 2001.
5. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. – Алматы, 2016.

Көрнекілік
Дулат Бабатайұлының суреті, Шортанбай Қанайұлы суреті, Мұрат Мөңкеұлы суреті, Шөже Қаржаубайұлының, Нысанбай Жаманқұлұлының, Әбубәкір Керделі Шоқанұлының суреті

Мақсатты айқындау
Мұғалім оқушыларды қазақтың батырлар жырларын және айтыскер ақындардың шығармаларын бағалауға бағыттайды.

Дамытушылық маңызы. Бүгінгі күндері қазақ өнерінде халыққа көрсетіліп жүрген туындыларда халықтың ауызша жырларының қалай пайдаланылғанын анықтап оқытушы оқушыларды қазақтың ауызша жыршылық өнерін бағалауға тәрбиелейді. Сонымен қатар айтыс ақындарының бұрынғы үлгілерімен қазіргі күндері қолданыстағы айтыс өнерінің тарихи сабақтастығын ұғынуларына көмектеседі.

Тәрбиелік маңызы. Мұғалім оқушыларды жыраулардың және айтыскер ақындардың шығармаларымен таныстыру арқылы олардың санасында қазақтың дәстүрлі өнер үлгілеріне деген ерекше құрметті және мақтаныш сезімін қалыптастыруға күш салады.

Сабақтың деректік материалдары
Оқытушы оқушыларға қазақ әдебиетінің ауызша шығармашылығында жырланған тарихи тұлғалар туралы жырлардан үзінділер таратып береді. Осы үзінділермен танысқаннан кейін оқушылардың бірінші тобы Исатай Тайманұлы, Бекет және Есет батырлар, Кенесары мен Наурызбай және т.б. ауызша шығармашылықта қалай жырланғанын сипаттап қысқаша эссе жазады.

Оқушылардың екінші тобы айтыс өнеріне байланысты қазақ ауыз әдебиетінде
қандай айтыскер ақындардың болғанын анықтап, олардың шығармашылығы
туралы өз пікірлерін білдіреді. Оқушылардың үшінші тобы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқында айтыс өнерінің қандай түрлерінің таралғандығын анықтайды.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Халық жырауларының және айтыскер ақындардың өнері туралы әңгімелегенде оқытушы осы рухани мұралардың бүгінгі қазақ өнерінің іргетасы және рухани негізі болып табылатынын әрқашан есте ұстауы керек.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ