«Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)

0
2956
Гомотетия және оның қасиеттері

Оқыту мақсаты: 
— қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы:
“Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?

Тірек сөздер:
Зар заман, Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы,
Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы.

Оқулық
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті және тарихи жағдай

Ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.-Т.І-2. —
Астана, 2013.
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым). — Алматы, 2012.
История Казахстана.Энциклопедический справочник. — Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана, 2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы, 2016.

Көрнекілік
Дулат Бабатайұлының суреті, Шортанбай Қанайұлы суреті, Мұрат Мөңкеұлының суреті, Әбубәкір Керделі Шоқанұлының суреті

Мақсатты айқындау
Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Мұрат Мөңкеұлының, Әбубәкір Керделі Шоқанұлының неліктен «Зар заман» ақындары қатарына жататанын анықтап, оның халық мүддесін көздеген шығармашылығымен оқушылырды кеңімен таныстыру

Дамытушылық маңызы. «Зар заман» ақындары шығармаларының бүгінгі тәуелсіздік жолына түскен халқымыздың мүддесіне сәйкес шығармалар туғызғанын түсіндіру.

Тәрбиелік маңызы. «Зар заман» ақындары шығармалары негізінде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім сабақ жоспарына сәйкес оқушыларға «Зар заман» ақындарының
негізгі шығармаларын бөліп беріп олардың мазмұндары бойынша эссе жаздырады.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:
1. «Зар заман» ақындары
2. Дулат Бабатайұлының шығармалары және олардың маңызы
3. Шортанбай Қанайұлы шығармалары және олардың маңызы
4. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары және олардың маңызы
5. Әбубәкір Керделі Шоқанұлының шығармалары және олардың маңызы

Бағалау мүмкіндіктері.
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма беріледі. 

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М


ПІКІР ҚАЛДЫРУ