Алтын күз (оқушылар арасындағы сайыс)

0
2296
Freepik.com

Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту. Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу, түсіндіру.

Коррекциялық мақсаты: Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл байлығын жетілдіру, сұрақ-жауап әдістерімен ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, қол икемділігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, таза ұстауға, еңбектене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Күз көрінісі бейнеленген суреттер, жемістер мен көкөністер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, ғажайып сәт, сұрақ- жауап.

  1. Қызықты сәт (математикалық сайыс)
  2. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  3. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы

Сабақтың барысы:

— Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге

-Жарайсыңдар, балалар орнымызға отырайық.

1.-Жақсы балалар біз сабағымызды бастаймыз.Сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге құрастыруға сурет беремін. Сіздер сол суретті құрастырасыздар. Жарай ма? Бір-бірімізге көмектесеміз.

-Қане балалар,суретті кім құрастырды? Бәріміз құрастырдық ия? Енді балалар алдарыңдағы құрастырған суреттің үлкенін тақтаға кім құрастырып береді? Қане қол көтерейік? (тақтаға шығып бір бала орындайды)

-Міне, балалар біз бәріміз бірігіп сурет құрастырдық, ия? Енді балалар қараңдаршы суретте кімдер бар? Балалар не теріп жүр? Балалар, тағы не бар суретте? Ағаштар? Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай? Балалар бұл қай мезгіл? Дұрыс айтасыздыр күз мезгілі! Жарайсың!

-Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Алтын күз»

2. Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу (слайдпен жұмыс)

3.Балалар қане тіл жаттығуын жасап алайық. Сосын сабағымызды ары-қарай жалғастырамыз.
Ой-ой-ой күн салқын ғой
Ыз-ыз-ыз келіп жетті күз
Ма-ма-ма апорт тәтті алма
(сұрақ-жауап арқылы суретпен жұмыс)

4. -Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

5. Жапырақтармен жұмыс. (слайдпен жұмыс)

«Күз» мезгілінің көрінісін бейнелеу

 Қауіпсіздік ережесі: Желімді үстімізге жағуға, ауызға салуға болмайды.
 Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.

Ғажайып сәт: — Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.

«Алтын күз»: — Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.

Мен сіздерге жемістер мен көкөністер ҽкелдім. Сіздер маған араласып кеткен жемістер мен көкөністерді айырып пішінін, түсін, дәмін айтып беріңізші.

«Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар. Мені басқа балалар күтіп отыр. Сау болыңыздар!

— Алтын күз! Сен біздің денсаулығымызды үнемі ойлап бізге көптеген дәруменді тағамдар сыйлайсың.
Рахмет саған! Сау бол!
 Сау болыңыз!

 Бекіту сұрақтары:
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
— Біздер қалай киінеміз?
— Жаңбыр көп жауа ма?
— Бізге қонаққа кім келді?
— Жапырақтардың түсі қандай болады?

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
-Балалар өте жақсы дұрыс! Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Көп-көп рахмет. Міне сіздерге «Алтын күздің» арнаған сыйын тарту етемін. «Алтын күз» өзінің осындай жомарттығы мен молшылығымен ерекше болатынын әрдайым ұмытпаңдар.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Керіскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ