«Тәуелсіздік және Жұбан ақын» (мерекелік сценарий)

0
1554

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, бейнетаспа, кітап көрмесі,шарлар.

  1. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы».
  2. Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Биыл міне, еліміздің сан мың жылдар бойы ақ найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған тәуелсіздігімізге 29 жыл толып отыр.

Елбасымыз Н.А.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауында 2016 жыл «Тәуелсіздік жылы» деп жариялаған болатын. Міне, бүгінгі өткелі тұрған «Тәуелсіздік және Жұбан ақын» атты шарамызға қош келдіңіздер! Шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Мемлекеттік әнұран орындалады

Бәрімізге белгілі осыдан 29  жыл бұрын тәуелсіздігімізге қол жеткізгеніміз. Сонау атабабаларымыз аңсап өткен ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келген кең байтақжерімізді бүгінгі ұрпақ мына сіздерге аманаттап отыр. Сол елімізді, атамекенімізді қорғап, патриоттық сезімді ояту мақсатында бұл шара сіздерге өткелі отыр.

Тәуелсіздіктің жолында Ұлтазаттық көтеріліс, Алаш азаматтарының көтерілуі және де 1986 жылы қазақ қыздарымыз бен жігіттеріміздің менің елім, жерім деп ұрандап алаңға шыққан Желтоқсан көтерілісі міне, бүгін де бәрімізге куә. Қазақ еліне, қазақ жеріне бір қазақ азаматының бұйырмай, Колбин деген шет жақтан келген азаматты билік басына қоюы қазақ зиялыларының, соның ішінде «Мен қазақпын» деп қорықпай ұрандатқан Жұбан ақынымыздың орны ерекше.

Шарамыздың да «Тәуелсіздік және Жұбан ақын» деп аталуы бекерден-бекер емес. Екеуі егіз ұғым. Екеуі бірін-бірі толықтырып, байланыстырады. Жұбанның мінберге шығып, Колбинның алдында «Сенің ұлтыңның балалары менің ұлтымның қыздарын шашынан сүйреп, менің ұлтымның балаларын күрекпен соғатындай біздің халық сізге не жазып еді. Мұндай қорлықты, мұндай сұмдықты көргенше Ұлы Отан
соғысында өліп кеткенім жақсы еді» деп назын білдірген еді.

Міне, құрметті оқушылар тәуелсіздігімізді айта отырып, тәуелсіздігімізді жырлай отырып, ұлы ақынның, батыр ақынның ерлігін отансүйгіштігін, батылдығын насихаттай отырып, әрбір қазақ «Мен қазақпын» деген ұранды ұстану керек деп ойлаймын. Олай болса, жерлес ақын апамыз Ақұштап Бақтыргерееваның Жұбан ақынға арнаған «Ерлікті көзбен көрген күн» атты өлеңін 9 «А» сынып оқушысы Жұбанышева Қарлығаштың оқуында тыңдайық.

1-жүргізуші:
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихының нәтижесі.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын ұраным.
Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім қолдан түспес құралым.

2-жүргізуші:
Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.

Ұлы даланың жас перзенті — қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті
күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол, тайғақ кешулер жатыр. Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.

1-жүргізуші:
-Иә, Қазақстан — Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы» дегендей, өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатайып келеді.

Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне, бүгінде 25 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы, елтаңбамыз,төл теңгеміз, дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!

2-жүргізуші:

1991ж.1-ші желтоқсанда тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев болып сайланды.
16-желтоқсанда ҚР «Тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланды»
1992ж. қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады,
4-маусымда Елбасымыз мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранымыз туралы ҚР заңына қол қойды, 28-қаңтар ҚР тұңғыш «Ата Заң» қабылданды.

1-жүргізуші:
1993ж. төл теңгеміз дүниеге келді.
1994ж. қазақ халқының екінші қыраны Талғат Мусабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995ж. 30 тамызда ҚР жаңа « Ата Заңы» қабылданды.

2-жүргізуші:
Тәуелсіздік – болашақтың бағдары,
Асулардың асқары.
Тәуелсіздік – адалдықтың белгісі,
Үлкен істің бастауы.
Ендеше, оқушыларды тәуелсіздік туралы өлең шумақтарымен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:
1986 жылы 16 желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды
қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің
тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар»,
«Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.

2-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Желтоқсанның ызғарындағы боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялаймыз….

Желтоқсан туралы өлең шумақтары

1-жүргізуші:
Ән: «Жаса, жаса, қазақ елім!» орындайтын Шайдрахман Шыңғыс.

2-жүргізуші:
1986 жылы желтоқсанда қазақ зиялыларының ішінде «Мен қазақпын» деп қорықпай ұрандатқан, ел мен ұлттың намысын қорғауда ерекше ерлік көрсеткен қазақтың қайсар да данышпан ұлдарының бірегейі ақын Жұбан Молдағалиев болды.

1-жүргізуші:
Келесі кезекті 8 «А» сынып оқушысы Асмамбетова Арина Жұбан ақынның өмірі мен
шығармашылығымен таныстырады.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған.Мектептен кейін Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

Одан кейінгі жылдары: «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» журналы редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.

Тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы жарық кһрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым. Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII—ХӀӀӀсъездерде) болып сайланды. Ж.Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1920 ж. 5 қыркүйекте Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.
1940 ж. Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.

1940 — 1947 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.
1948 — 1952 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің орынбасары болады.

1949 ж. «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.
1950 — 1951 ж. «Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.
1984 — 1985 ж.«Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.
1986 ж. Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.
1989 ж. Ақын қайтыс болады.

2010 ж. Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.

2-жүргізуші:
Жұбан Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген
шығармасы — «Мен — қазақпын» поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.Бұл өлең жолдарында ақынның қазақтық, азаматтық,патриоттық намысын бірден танимыз.

Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.

«Мен — қазақпын» поэмасынан үзінді оқитын 7 «А» сынып оқушысы Уәли Айбек.

1-жүргізуші:
Жұбан ақынның туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. Ал 1914 жылы жазылған «Сағындым, Жайық» өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді. Мұнда ақын туған, өскен жерге деген сағыныш сезімін өзен, толқын, «күмістей ақ балық», т.б. нақты дәл берілген суреттер арқылы оқырманның көз алдына келтіреді.

Жайықтың әсем көрінісі өрнектеледі.

«Сағындым, Жайық» өлеңі оқитын 9 «А» сынып оқушысы Уналов Ерлан.
«Қазақ биі» Исмагулова

2-жүргізуші:
Жұбан Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмалары сан қырлы поэзия байлығына айналып, ауқымды оқырмандар қауымының игілігіне жарады.
2000 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен 31 тамыздан бастап Батыс Қазақстан ғылыми- әмбебап кітапханасына Жұбан Молдағалиев есімі берілді.

1-жүргізуші:
Міне, бүгінгі шарамызға Батыс Қазақстан ғылыми-әмбебап кітапханасынан өкілдері келіп отыр. Ендігі сөз кезегін Сара Кушалиевнаға береміз.

2-жүргізуші:
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!

Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ біздердің қолымызда. Ендеше, бүгінгі «Тәуелсіздік және Жұбан ақын» атты шарамыз да өз мәресіне жетті.

Ән: «Атамекен» бәріміз бірге орындаймыз.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ