Азаттығым абыройым мен үшін!

0
2275

Армандадық тәуелсіздік жемісін,
Артқа тастап зарлы күндер елесін
Ең бақытты сәттеріммен пара-пар
Азаттығым абыройым мен үшін!

Тәуелсіздік… Азаттық… Бостандық…
Кезінде арман болған ұғымдар еді, ал бүгін сол арманның орындалғанына жиырма бес жыл толып отыр. Күні кеше ғана қантөгіске толы сәттер болды, әрине, барлығы да Отан деген ұлылық үшін! Мен ақ таңы бар азат елде өмір сүремін. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Төніп тұрған бұлттың ішінен менің Қазақстанымдай ешбір ел шыға алмады. Өз ұлтымды, жігерлі жастарымды, құндылықтарымды басым жерге жеткенше сыйлап өтемін. Қаһарман батыр атамыз Б.Момышұлы «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу сатқындық» деп дөп түскенді. Осы тұста 1986 жылғы көтеріліс еріксіз ойға оралады. Сол көтерілістен сескенген өзге ұлттар қазақтың қайсарлығына тіс батыра алмады. Орыс бодандығында жүріп, «қазақтығымызды» ұмытуға шақ қалған сәтте азаттығымыз тұғырынан келіп орнады. Өздігімен келген жоқ, батырларымыздың өрлігімен, ерлігімен келді. Бұл тұста көмек көрсеткен көрнекті өкіл Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев жайында айтпай кету күнә болар. 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
    1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды. Бүгінде ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз жетерлік. Хронологияға салсақ 1991 жылы тәуелсіздігімізді алдық, 1992 жылы тәуелсіздіктің айғағы ретінде рәміздерімізге қол жеткіздік, 1993 жылы төл теңгелеріміз айналымға енді. Айта берсек тізбектеліп кете бермек. Алысқа бармай-ақ кешегі күнге қарасақ хандығымыздың 550 жылдығы. Өз басынан жау түгілі сөз асырмаған қазағымның бүгінгі таңдағы осал тұсы тілі болмақ. «Тілі өлген ел, тірі өлген ел» деген даналы сөз әр қазақтың санасында болса, жағдай басқаша болар ма еді? Мүлде мүшкіл деуге де келмейді. Біріқ тарихтағы шеншендердей сөйлейтіндер санаулы ғана. Бұл мәселе қазақ құлағына жауыр болған тақырып деп қарамау керекпіз. Керісінше, өзге тілге құмарланып, өз тілінде шұбарланып сөйлеудің қатерлі екенін ұғындыруға ықпал жасауымыз керек. Мұндай ауқымды тақырып тек тілші мамандарды ғана емес, барша ұлтты алаңдатуы шарт.
    Тәуелсіз елдің жеткен жетістіктерінің бірі «үш тұғырлы тіл». Бұл мәселе төңірегінде сан мыңдаған пікірлер қалыптасты. Біреулер, «қажетсіз дүние, балалар мәңгүрт болады» десе, енді біреулері «қанша тіл білсең сонша адамсың, ертеңгі күні жастар шет елдерде өздерін көрсетіп, әлемдік деңгейге қымсынбай шыға алады» деп дал болады. Ал кейбір жеңіл ауыздылар жалған өсек таратыпта үлгерген. Баршасына айтарым, Елбасы 25 жылда әр шешімді соңына дейін ойланып қабылдаған, мүмкін алаңдауларыңыз орынды болар, бірақ, асыра сілтеушілікке салынбайық
   Әлгінде ғана Елбасы дедім. Елбасы-бір халықтың асыраушысы, тұтқасы. Қазақстан Республикасының Ұлы Көшбасшысы дара тұлға. Жеткен жетістіктеріміз тұңғыш Президентіміздің еліне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ететін көшбасшымызға бір шумақ жыр жазуды жөн деп білемін.
Елін сүйген Елбасы дара тұлға,
Еңбегін айтпай кету үлкен күнә
Алып шаһар Астанамды тұрғызуы.
Тәуелсіз елім үшін нағыз мұра!
Боранды күнде бұтағы сынбаған талдай, Тәуелсіз елдегі жастар мәселесі қалай?
25 жылдың ішінде қандай жастар тәрбиеленді?
Жастар қауымы өте білімді, алғыр, белсенді, десе де қыңырларды да кездестіруге болады. Бес саусақтың өзі бірдей емес қой. «Нашақорлыққа салынған, уахабистік әрекетте жүрген, сатқындар кімдер?» десе «жастар» деп жауап беруге әзір тұрамыз. Жалғаса береді ме? Неге баршамызға бірлесе жұмыс жасамасқа? Көшеде біреу ішімдікке сылқия тойып жатса, басымызды ала қашуға тырысамыз, ал оны кімнің түсінгісі келеді? Түсінуге тырыспаймыз , «неге мұндай халге түстің?» деп те сұрамаймыз. Жаны қиналғандар жеңіл жол іздейтінін біле тұра, маскүнем деп кете береміз. Мұның бәрі біздің күнәміз. Дер кезінде күйзелістегі адамдарға көңіл бөле алсақ, ондай мәселелер аз болар еді.
Дін мәселесі бүгінгі күннің хиты. Ауқымы өте кең дүние. «уахабист» «сәләфид» деп тым жас ұл-қыздарды теледидардан көрсетіп жатқанда, таңдайымыз қағылып қана қоямыз. Ал оған барар жол менің ойымша қаржы, материялды немесе рухани жағдайы. Оны алып діни сауатсыздыққа тыға беруден бұрын қателікті қоғам өзінен іздеуі керек. Біреулер жүр, ай сайын шетелдік брендтегі көлікті мініп, табаны жерге тимей. Әрине егер қара жерді басып, қарапайым халық арасын ұға алмаса, кейбір «болмайтын нәрсе» деп қараған дүниелерінің ауқымды екенін қайдан білсін?
Ел боламын десең, бесігіңді түзе дегенді жиі естиміз, ал бесікті кім түзетеді, егер ажырасу мәселесі көп қозғалып жүрсе?
 Мемлекет бәрін өз орнымен атқаруда. Біз қарапайым халық мемлекетке «Өй үкіметтің істегені, өңкей ақымақтар, қалталылар отырып алған» деп күйе жаға алмаймыз. Егер сондай болса, ол қарапайым халық арасынан шығып жатқан құбылыс. Біз әр нәрсені өзімізден бастап үйренуіміз хақ! Не дегенмен мемлекеттің қайнар көзі – халық!
Міне, көрдіңіздер ме, 25 жылда мол табысқа ие болдық. Ұлы сөздің ұяты жоқ, елімнің кемшілігін жаныма батқандықтан айтып отырмын. «жыламаған балаға емшек жоқ» деген даналарым. Еліміздің батырларымен келген тәуелсіздікке еге болып отырудың өзі бір төбе.
Қорыта келе өзіме – өзім сауал қойдым. «Мен елім үшін не істей аламын?». Әзірге барынша оқып, филологияның салаларына ықпал жасай аламын. Менің арманым жұмсақ креслода отыру емес, Тәуелсіз елдің ағашында отырсам да ел мәдениетін жақсарту. Сөніп қалған тақырыптарды көтеріп, шешімін табу. Ұстаздық жолға түсіп жатсам, халық қамына баса назар салатын шәкірттер тәрбиелеу. ЮНЕСКО көлеміндегі романдар жазып, тіл құдыретіне назар аударту.
Сөз соңында үндеу айтсам: Жастар андай, жастар мұндай деуді доғарайықшы. Аға буын қайда жүрсе, көш сонда ілеседі емес пе? Қандай жағдай болмасын бірлігімізді жоғалтпайық! Жастардың киімі жаман деп еуропа стилінен алшақтатып жүргенде, корей стиліне бірден көшкенімізді өзіміз де ұқпай қалдық емес пе? Бәрі де көзді ашып жұмғанша болады. Мәселен, сондай нәрселерді өзінен бастаған әпкелеріміз оюлы киімді үлгі етіп еді жастар арасында ол қымбат бағаға ие болды.
Құрметті жастар қауымы, ел ертеңі біздің қолда екенін ұмытпайық! Біреуге еліктейміз деп өз құндылықтарымызды, таланттарымызды жоғалтып алмайық!
Азат елде өмір сүреміз деп, санамызды бәрінен азат етіпей, пайдалы дүниелермен толықтырайық. Тәуелсіздік ертеңін жарқын етейік. Азаттық менің ғана емес, жүрегі қазақ деп соққан көк бірілер ұрпағының абыройы!
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» Н.Назарбаев атамыз өзінің кәміл сенімін халық арасында әрқашан айтып жүреді.
Біз кешегі өткен тарих қатпарындағы мұз жастанып, қарды көрпе қылған батыр бабаларымыздың басына төнген қауіптің бірін де көрмеген бақытты буыннан боламыз. Біз — тәуелсіз елдің ұланымыз! Азат жеріміз, егемендігіміз соның жемісі. Жалғыз ағаш қанша жуан болса да орман болмайтынын ескерейік!
Жасай бер Тәуелсіздік! Азаттық! Бостандық!
Жадыра Тоқтыбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ