Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!

0
1828
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру елді, жерді Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастары қалыптасып  елді, жерді Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштарлықтары дамиды.

Сабақ кезең-дері
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

тар

Ұйымдас-тыру кезеңі

 

Сабақбарысы:
1. Топқа бөліну
Барыс, бүркіт, жылқы суреттерін таңдап, сол арқылы үш топқа бөлінеді.
2. Сурет құпиясы
Слайдтағы құпия сөз арқылы тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтайды.
3. «Бейнебаян» /1 мин/

Топқа бөлінеді.

Бейнебаян тамашалайды.

 

 

Жаңа сабақ

Тақырып бойынша жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоры-тынды

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата — бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанда Призидент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конститутциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне, 27 жыл толыпты. «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады»,- деп елбасы сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандай емес пе?! Данагөй бабаларымыз: халықтың өмірі мемлекеттің өмір сүруінің мән — мағынасына айналғанда ғана адамдар рухани тірекке табан тірейді деп тегін айтпаған ғой. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік — жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман — мұратының салтанат құруы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, еліміз тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді қуаныш кернейді. Бұл – шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен тек оның еркін азаматы ғана сезіне алады. Тарихын қастерлейтін ұрпақ сіздерсіздер!
Олай болатын болса, сынақтан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Шарларды атып, ішіндегі сұраққа жауап береміз. Шар жарылмаса кезекті келесі топ алады. Дұрыс жауап қоржындарыңызды жұлдызшамен толықтырады.
Әнұранның авторлары
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қай жылы 10 жыл толды?
Тарихтағы «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» жоңғар шапқыншылығы қай жылдары болды?
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт — азаттық көтеріліс
«Кіші октябрь» саясатының зардабы
Амангелді Иманов бастаған ұлт — азаттық көтеріліс қай жылы болды?
Музыкалық сұрақ (әуені арқылы әнді тауып, бір шумағын айту)
Үш кемеңгер дүлділім,
Сақтаған ел бірлігін (үш биді ата)
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар (жалғастыр)
«Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады» — кімнің сөзі?

 

Мойындарыңыздағы суреттің артқы жағына қандай көшбасшы екендеріңізді және тәуелсіз елімізге тілегімізді жазамыз.

 

Сұрақтарға жауап береді

 

4. «Көшбасшы тұлғалар»
Тарих беттерінде тәуелсіздік жолында жүректері «елім», «жерім» деп соққан көшбасшыларды еске түсіріп, флипчартқа жазуларыңыз қажет. Әр топ өздерінің жазған көшбасшыларын дауыстап оқиды. Ең көп жазған топ 3 жұлдызша, келесі топ 2 жұлдызша, келесі топ 1 жұлдызша алады.

5. «Болашаққа қадам…»
Бір топ сазермек, екінші топ бояу қарындаш, қағаз, үшінші топ түрлі — түсті қағаздан коллаж жасаулары қажет.
/Музыкалық үзіліс: Сәуірбаева Әсемнің орындауында «Туған жер» әні/

6. «Мен — қандай көшбасшымын? Менің тәуелсіз еліме тілегім»
Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Жұлдызшаларыңызды санаңыздар. Мойындарыңызда ілініп тұрған кейіпкерлердің бейнесі қазақ болмысына жақын бүркіт, барыс, жылқы. Олардың бейнесін қайдан кездестірдіңіздер? Сіздер оларды өздеріңіз таңдап алдыңыздар, яғни оларда бар мінез сіздерде бар. Солай ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаға келіп, шеңбер болып «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» барлық оқушы хорымен айтады.

проектор,

слайдтар,

видео фильмдер, сөзжұмбақ, флипчарт,

түрлі-түсті фломастерлер, жапсырма қағаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ