Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

0
2674
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көктуларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей … жыл болып қалыпты. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Тақпақтар

Нұрәділ: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда.

Биікке іліп қояды.

Медина: Әнұраным жанұраным,

Айтар әнім айтар сөзім,

Туған жерім сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Раян: Талай боздақ өткен жер,

Маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздікке қолы,

Қиындықпен жеткен жер.

Әсима: Ұлан байтақ неткен жер,

Дәнді дақыл еккен жер,

Жеттік міне арманға,

Қазақстан ерікті ел.

Айгөлек пен Қайсар тобының әнші бүлдіршіндерінің орындауында : «Салдат болам мен ертең» өлеңі.

Орындайтындар: Салтанат, Дастан, Әсима, Ернұр, Айару, Дархан.

Тақпақтар:

Аружан О: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн.

Алмас: Егеменді ел болдық

Ел намысын сақтайық

Ержан: Қазақстан байлығым,

Бөтен елге сатпайық.

Сартай Қ: Тәуелсізік жолында

Талай талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім елтаңбам

Наз: Енді қанат жайалық

Қыран құстай самғайық

Туымызбен тұғырлы

Бірге желек қағайық.

Келесі кезекте би бүлдіршіндеріміздің орындауында «Сарбаздар» биі.

Орындайтындар: Жақсылық, Фариза, Алмас, Аяна, Раян, Медина, Дархан, Гүлсезім, Бекжан, Әсима, Ержан, Аружан Н.

Жургізуші: Тәуесіздік 11 әріп құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

11 әріп не мағына береді

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл

Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады.

1 – Рамазан Т- Білдіреді тірлікті

2 – Елжас Ә – әдептілік елдікті

3 – Ернұр У- Уайымсыз уақытты.

4 – Бақдәулет Е – Егемен елдікті

5 —  Аяна Л – дейді лағып епірді.

6 – Фариза С – сенімсіздік секілді ең

7 – Сартай І – ілтипат пен ізетқой

8 – Айару З – зиялылық тілекқой

9 – Аружан Н.  Д – шақырады достыққа.

10 – Санжар І – іліндік боп сақтыққа.

11 – Фариза К – көз алартпа көршілерге қол сұқпа.

Би: «Қаражорға»

Орындайтындар: Салтант – Дастан, Айару –Ернұр, Дархан – Наз, Сағыныш – Фариза.

Осымен тәуелсіздікке арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Дайындаған: Бегешова. А.

МКҚК «Айналайын» балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ