Жалпы мемлекеттік қаржы

0
1949
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Мемлекет бірқатар факторларға байланысты қоғам дамуының таңдалған үлгісі, саяси құрылым, туындаған дәстүрлер, сыртқы факторлар экономикалық өмірге араласады.

Мемлекеттің экономикалық қызметі төмендегідей қызметтерінен байқалады:

  1. Экономикалық дамудың барысына әсер ететін құқықтық базаны анықтау.
  2. Монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау.
  3. Табыстар мен байлықты қайта тарату.
  4. Экономиканың тұрақтануы.
  5. Ресурстарды қайта тарату.

Осы қызметтердің әрекеті қаржылар категориясымен тығыз байланысты.

Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні олардың мемлекеттің қаржы ресурстарын, оның кәсіпорындарын және алынған қаражаттарды мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметерін орындауға қалыптастыру үшін қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты таратумен және қайта таратумен байланысты ақша қатынастарын көрсетеді.

Ақша қатынастарының субъектілері:

  1. Үкімет және басқару органдары.
  2. Кәсіпорын, ұйым, мекеме, азаматтар.

Мемлекеттік қаржы үшін ЖҰӨ өсуімен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың артығымен өсуі сипатты болып табылады.

Мемлекеттік қаржы қызметтері қаржы қызметтеріне ұқсас тарату және бақылау. Алайда, мемлекеттік қаржыны толығымен сипаттау үшін тарату қызметінің құрамында келесі қызмет буындарын бөлуге болады:

  1. орналастыру;
  2. қайта тарату;
  3. тұрақтандыру.

Мемлекеттік қаржының өз мақсатын орындайтын ерекшеленген звенолары бар. Мемлекеттік қаржы құрамына кіретіндер мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындармен ұйымдар қаржысы.

Мемлекеттік басшылық деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржы жалпы мемлекеттік және жергілікті деп бөлінеді.

Мемлекеттік сектордың қызмет етуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделеді.Меншіктің жіктелуіне байланысты мүліктің мемлекеттік заңды тұлға және мемлекеттік қазына түрлері бар.

Мемлекеттік заңды тұлғалар мүлігі – заңды түрде ерекшеленген және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет етуіне негіз болады.

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Республикалық қазына келесілерден тұрады:

  1. республикалық бюджет қаражаттары;
  2. мемлекеттің алтын валюта қоры;
  3. мемлекеттің меншік құқығынан ерекшеленген мүлік түрі (жер, оның қойнаулары, өсімдік және жануарлар әлемі);
  4. республикалық меншікке жататын ерекшеленбеген мүлік түрі (қожайыны жоқ, кәмпескеленген, мемлекетке берілген) – қазыналық.

Жергілікті қазына келесілерден тұрады:

    1. жергілікті бюджет қаражаттары;
    2. коммуналдық меншікке жататын ерекшеленбеген мүлік.

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуның таңдап алған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:

  1. экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
  2. монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
  3. табыстар мен байлықты қайта бөлу
  4. экономиканы тұрақтандыру;
  5. ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді, айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.

Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуле айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және өсуді ынталандыру жөіндегі шараларды қамтиды.

Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта рыноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:

  1. бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
  2. ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.

Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтердің бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндірушілер немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс «жанама нәтижелер» немесе «құйылымдар» деп аталады және бұл шаруашылық үрдістердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.

Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.

Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:

  1. қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға деткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
  2. Құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.

Екі жағдайда да өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.

Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтерді нақты пайдаланушылар тек рынокттық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызметтің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтерге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.

Құйылым пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған.

Сұраным тұтынушылары құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсетуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс XIXғасырдағы неміс экономисі Вангеррдің заңы – «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тіс. А.Вангер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

  1. экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;
  2. техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
  3. көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

Сөйтіп, Вангердің заңы рыноктық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін және экономикалық үрдістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді.

Мемлекет қаржысы үшін көп жәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті қолайлы. Сондықтан ол бөлу мен бақылау функцияларын орындайды.

Түрлі фиксалдық құралдар арасында бөлгіштік қосалқы функция көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:

  1. табысы төмен үй шаруашылықтарын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық – трансферттік тәсімі арқылы;
  2. баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын ұй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
  3. ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

    Дереккөз: internet-konkursy.com 

    Ұқсас материал: 

    1. «Жас қаржыгерлер» сайысы
    2. Қаржы және валюта нарығы
    3. Мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi
    4. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ