Ас-тұзға қатысты ырым-тыйымдар

1
21647

        тұзды бейберекет шашпайды«астың иманы- тұз» деп қарайды. тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. жерге төгілеген тұз еріп жоғалғанша со тұзды жерге төккен адам тұздай ашты тұрмыс кешіреді деп ырымдайды.
тұзды бейберекет шашпайды«астың иманы- тұз» деп қарайды. тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. жерге төгілеген тұз еріп жоғалғанша со тұзды жерге төккен адам тұздай ашты тұрмыс кешіреді деп ырымдайды.

тәңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тюге тиіс, «тәңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама», « тәңертеңгі асты тастасаң жұбайың сені тастайды» деген тәмсіл бар. тәңертеңгі ас үстінде келген адам қанша асығып жүрсе де жақсылық үшін оң тізесін бүгіп, астан ауыз тиіп аттанады. адам жастан үлкен болсада астан үлкен емес, «ас- адамның арқауы», тәңертеңгі ас бір күндік өмірдің бастамасы. тәңертеңгі асты тастамай, көңілді отырып ішсе, сол күнгі жұмыс оңға басады, сол күні көңілің жәйбырақат қуанып өтесің деп ырымдайды.

асты оң қолымен алып жейді, сол қолымен алғанды ерсі көреді. оң қолымен тамақ жеу, оң қолымен амандасу, есіктен оң аяқпен кіру, оң аяқпен шығу- осының бәрі ісім оң болсын деген ақ ниеттің ырымы.

егіннің тұқымы үшін біреу қарызға дән сұраса ренжімей береді, дәнді адам емес, қара жер тілеп жатыр деп ырымдайды, тіпті түк жоқ деген күнде де бір уыс дән ұстатады, қарыз сұраушыны «егін әлей болсын» деген тілек айтып жылы шірәймен шығарып салады. мұнысы үйден дән арылмасын, дән тасып, елдің де қажетын қанағаттандырсын, қамбаға дән толсын дегені.

қырманға астық бастырар алдында, диқан атаны еске алады да, бір шәйнам дәнді ауызына салып: «дән дәмді болсын, ішер көбейсін, диқан ата қолда» деген тілек айтып барып іске кіріседі, мұнысы қырмандағы дән шашылмасын деген ырымы.

ерлі-зайыпты адамдар әсте тәңертеңгі асты ішіп отырғанда ұрыспайды, таңғы тірлік басталады, күн шуағымен өмірге бақыт келеді, ырыздық тасыған, көңіл шалқыған күн туады деп тәңертеңгі асты ойнап-күліп отырып ішеді. сонда қабақтар жадырап, жақсы күн болады деп ырымдайды. бұл отбасының берекесі үшін жасалған ырым.

нанды баспайды, аса қасиетты есептейді, нан басқанды, өзегі талып өртенеді, ашығады, арықтап өледі деп ырымдайдайды. бұл сырапшылдыққа қарсы жасалған ырым.

кетік, жыртық ідспен қонаққа ас бермейді, сыбаға силамайды, ыдыстың кетігінен қонақ қораланады, карін төгеді деп ырымдайды. әмәлсіздән кетік ідіспен ас ішуге тура келсе, кетігін ол бас бармағымен басып отырып ішеді.

дастарқан оң бетымен жәйіладі, дастарқан қос қабатталған болса, қонақ келгенде тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жәяді, тұйық жағын есік жаққа қаратпайды, «дастарқан оң болмай, ішінде жол болмайды» деп ырымдайды. дастарқан- береке-бірліктің, ырыс-тірліктің белгісі, әрқандай реніш дастарқандағы дәммен дәнекерлеседі, татулыққа әкеледі деп біледі.

түнде беті ашық қалған асты жемейді, мұндай ас бұзылады деп ырымдайды.

қонаққа тартылған бастың тұмсық жағын жол ашып тіледі де ең үлкен қонаққа қаратып қояды, қонақ алдына келген асқа ақ батасын беріп, ең әлдімен басты қолына алады, оң құлағын кесіп, ол үйдегі ең кіші балаға береді, бастың айналасынан бір-бір жапырақтан кесіп, айнала отырған қонақтарға және үй иесіне ауыз тигізеді. онысы бала сөз тыңдайтын болсын, тіләзәр болмай, елгезек болсын, бәріміздің басымыз қосылып жүрсін деп ырымдағаны.


қатар тартылған екі табақтың адамдары ет турап алуға пышақ сұрасып алса, етті турап болған соң пышақты құр қайтармайды, пышақтың ұшына май шаншып алғыс айтады, пышақ-ердің қаруы, ақ май пышақ жүзіндегі, ұшындағы қылауды қайтарады деп ырымдайды.

қазан-ошақты теппейді, аттамайды, сабаламайды, даңғырлатпайды, далаға қаңсытып тастамайды. олай істесе қазанның қарасы, ошақтың киесі атады деп ырымдайды. қазанды құр қоймайды, тым болмағанда бір қасық май тамызып қояды, бұл « қазан қаңсымасын» дегені, қазан майлы болса- көңіл жәйлі болады, қазан толы болса-уайым жоқ болады деп ырымдайды.

тамақ шәйнап отырып сөйлемейді, тамаққа сілекей шашырайды, тамақ арам болады, дастарқанда дәмдес болып отырғандар ренжиді, сескенеді, ұшынады деп нанады.

алдында тұрған астан асырып түкірмейді, сіңбірмейді, тамаққа қарап түшкірмейді. ондай істесе астың қасиеты қашады, ас айниды, тамақ ішіп отырғандар ұшындады деп біледі де жаман дағдыға қатаң тиым салады.

ас құятын ыдыстардан аттамайды, оларды табалдырыққа қоймайды, олай етсе ас азаяды, аяқ тартылады деп ұйғарады.

қазан қақпағын жерге төңкеріп қоймайды, жиегіне арам нәрсе жабысса, тамақ іриді, адам ауыруға шалдығады деп біледі.

ас-тұзды төгіп-шашпайды, оған кесірлі, кепият сөздер айтпайды, «нан тептілік» істемейді. ашаршылық көрмейік, дәм-тұз үзілмесін, тоқтықтың қадырыне жетейік деп айырықша қастерлейды


1 ПІКІР

  1. ас тузды уидин тобесине бурышка илип коиыпты себеби неде терис угым емеспе

ПІКІР ҚАЛДЫРУ