Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні

0
5164
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақ тақырыбы: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні Мектеп:№6
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:-
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 8.1.5.1 — тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау;

8.2.2.1 — түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

тірек сөздер мен автор көзқарасы арқылы негізгі ойды анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана біледі

Кейбір оқушылар орындай алады:

мәтін бойынша нақты мәліметтерді жинақтайды, өзара еркін пікірлеседі

Бағалау критерийі
  • тірек сөздерді орынды қолданып, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
  • мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады
  • мәтін бойынша нақты мәліметтерді жинақтайды, өзара еркін пікірлеседі
Алдыңғы оқу: Наурыз бата -тілектері
Тілдік мақсат Жаңа сөздерді дұрыс қолданады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесемін.

Топқа бөлемін.

Топтар бір-біріне тілек айтады.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын:

Топтың суреттеріне қарап, сабақтың тақырыбын табады.

Сабақтың мақсаттарымен, критерийлерімен таныстыру.

Топтарға бағалау парақтарын таратамын.

Үй тапсырмасы. «Үш сұрақ» әдісі.

Дескриптор

  • Үш сұрақ қояды;
  • Алған білімдерін қорытады;

Нaурыз мейрамы туралы не білесіңдер?

Наурыз мейрамын қандай халықтар тойлайды?

Наурыз мерекесі туралы бейнекөріністі тамашалайды.

«Жүрек жылуы»

«Үш сұрақ» әдісі

Ортасы

20 минут

Мәтінмен жұмыс.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

Наурыз мейрамы басқа елдерде қалай тойланады екен?

Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына 15-20 күн алдын ала дайындала бастайды. Яғни, арықтарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін әктейді. Әр махалла (көше, ауыл) Наурыз мерекесін өз көшесінде тойлайды. Мейрам қарсаңында Наурызкөжеге ұқсас «сумаляк» немесе ханпалау әзірлейді. Бұл — бидай қайнатылып, мақтаның майын қосу арқылы дайындалатын тағам. «Сумаляк» өмірді, молшылықты білдіреді.

Түрікменстанда «Новруз» мейрамы ресми түрде 1992 жылдан бері аталып келеді. Бұл елде дастарқан басына бидайдан жасалған тағам түрлері, халва және ұннан жасалған ас түрлері қойылады. Дегенмен түрікмендер үшін ең басты тағам бидай сабағынан дайындалған «семене» болып есептеледі.

Сөздікпен жұмыс. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды.

әктеу- белить

әзірлейді — готовят

молшылық — изобилие, достаток

ресми — официальный

бидай сабағы — стебель пшеницы

есептеледі — считается

Мәтінді оқып, аударады.

«Сұрақтар тізбегі» мәтін бойынша сұрақтар қояды.

«Нақтылық — талант» әдісі. Мәтінді үш сөйлеммен сипаттап береді.

Дескриптор

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды;
  • Мәтінді оқып аудару барысында жаңа сөздерді дұрыс қолданады;
  • Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап береді;
  • Мәтін бойынша алған мәліметтерді үш сөйлеммен сипаттап береді.

Жазылым. 7-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді мағына жақындығына қарай сәйкестендіріп, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңдар.

1. 22 наурызда күн мен түн теңеседі, сол себепті бұл күнді Жаңа жыл деп атаған.

2.2010 жылы БҰҰ 21 наурызда «Халықаралық Наурыз күні» деп белгіледі, өйткені мейрамды жоғары деңгейде тойлау – бүкіл түркітілдес халықтың міндеті.

3. Наурызда барша халық мол ырыздық күтеді, себебі Жер бетіндегі тіршілік жанданады, төрт түлік мал төлдейді.

Дескриптор

— жай сөйлемдерді мағынасының жақындығына қарай сәйкестендіреді;

— себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемге айналдырады.

«Ойлан, жұптас, талқыла»

әдісі

Соңы

15 минут

 

5-тапсырма. Мәтіндегі әр халықтың Наурыз мерекесін тойлаудағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша салыстырыңдар.

Дескриптор

  • Мәтін бойынша мәліметтерді жинақтайды;
  • Мәліметтердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырады.

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір
Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер

Бағалау. Топтық, жеке, қалыптастырушы

Үйге тапсырма: 140- бет, 4-тапсырма.

1-деңгей.

«Наурыз мерекесі» тақырыбына әңгіме құрап келу

2-деңгей.

Мәтіннің мазмұнын айту.

3-деңгей.

Диалог құрап келу.

Жазбаша:

8-тапсырманы жазу. Қосымша ресурс көздерін пайдаланып, Наурыз туралы ақпаратты толықтырады.

Кері байланыс. «Тазалық»

Қосымша ақпарат
Саралау — оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау — оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс -Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
  • «Үш сұрақ» әдісі

«Сұрақтар тізбегі» әдісі

«Нақтылық — талант» әдісі

Венн диаграммасы

Әдебиет

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:

 

Мамаева Айнура Асановна
Тараз қаласының №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ