Қашықтық олимпиадалар-білім сапасының кепілі

0
111
Қашықтық олимпиадалар-білім сапасының кепілі
smart

C:\Users\Turar\Pictures\img382.jpg Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы халыққа жолдауы бойынша Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту және «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын қолдау мақсатында бүгінде түрлі қашықтық олимпиадалар,турнирлер мен конкурстар өткізіліп жатыр.

Еліміздегі білім саласының қарқынды дамуы үшін осындай қашықтық олимпиадалардың бүгінде маңызы артып отыр.Алайда осындай олимпиадалардың жақсы жақтары мен мүмкіндіктерін жоққа шығарып,кері пікірлер білдіріп жатқандарды интернет желілерінен кездестірген кездерім болды.Енді бірі олимпиадаларға қолдау білдірсе,енді бірі қарсылықтарын жасыра алмайды. Олардың пікірінше оқушыларға ұстаздары мен ата-аналары көмектесіп оқушылар түрлі мәліметтерге сүйеніп,жалған білім дәрежесін көрсетіп отырады екен.

Осындай көзқарастағы әріптестеріме тәжірибелі ұстаз ретінде мен де қарсы пікірімді білдіргім келеді.Себебі еліміздің жасап жатқан түрлі мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып,оқушылардың өзбетінше жұмыс жасауына,ізденуіне жол ашуға болатынына өз тәжірибемде көз жеткізіп жүрмін.Үш жылдан бері қашықтық олимпидаларға,конкурстарға қатысу арқылы өзіндік тәжірибиемді көпшілікпен бөліскім келеді. Бұрындары оқушылардың білім сапасын тексеру үшін тест сұрақтарын өзіміз құрастырып,оның көшірмесін көбейтіп оқушыларға ұсынатын едік.Бұл әрине ұстаздардың уақытын көп ұрлайтыны белгілі.Ал қазір кез-келген пән бойынша,тарау,сынып бойынша тест тапсырмаларын онлайн түрде тапсыруға мүмкіндік көп.Қашықтық олимпиадаларды сынып ішіндегі дарынды оқушыны анықтау кезінде, пән апталықтарының қорытындысы ретінде бірнеше сынып оқушыларын жарыстыру кезінде,жас мамандар мен ұстаздар арасындағы байқауларда қолдануға болады.

Ең алдымен қашықтық олимпиадаларға қатысудың барлық ережесін дұрыс меңгеріп алып,ұйымдастырушылық қабілетіңізді арттыруыңыз қажет немесе басқа ұйымдастырушының іскерлігіне,шеберлігіне жүгіну керек.

Олимпиаданың әділ өтуіне ең алдымен өзіңіздің жауапты екеніңізді де ұмытпаған жөн.Себебі алдыңыздағы шәкіртіңіздің біліміне ешкім күмән келтірмеу үшін,баланың көңіліне қаяу түсірмеу үшін осы байқаудағы әділ төреші өзіңіз екендігін естен шығармаңыз.Байқаулар мен олимпиадалардың өткізілу ережесі әртүрлі болғандықтан,ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жолға қою арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.

Мысалы былтырғы оқу жылында оқу жылында 1-сынып оқушыларын онлайн турнирге қатыстырып,оқушылардың бірнешеуі арнайы дипломдарға ие болды. Мектепке келе салып,әлі толық оқып үлгермеген оқушылар қалайша қатысып үлгерді деген сұрақтар кез-келгендеріңіздің көкейлеріңізде тұрғаны анық.Оқушыларды онлайн турнирге қатыстыру кезінде бәрі әділ болу үшін сыныпқа сабақ бермейтін жас маманды әділ-қазылыққа шақырдым.Ол мұғалім компьютердегі сұрақтар мен жауап нұсқаларын оқушыларға оқып беріп ,оқушының берген жауабын еш өзгеріссіз белгілеп отырды.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушылар тиісті марапаттарын алды және пәнге деген қызығушылықтары артты.Тіпті ата-аналар тарапынан да қолдау көрсетіліп,оларда осындай жарыстарға жиі қатынастыруымды сұранды.

Кей кезде сыныпта төлейтін жарнасына қарамай,баланың біліміне қарамай жаппай қатысам деп өтініш білдіретін ата-аналардың саныда көбейіп кетеді.Мұндай кезде не істеуге болады?Кейбір сайттарда тапсырманы алғаннан кейін 7 күнге дейін уақыт беріледі.Осындай сайттардан тек бір тапсырмаға ғана жарна төлеп,тапсырманы алғаннан кейін ол тапсырма бойынша бүкіл сынып оқушылары арасында жарыс өткізем.Яғни берілген тапсырманы дұрыс орындаған бір оқушының ғана тапсырмасын сайтқа қайта жүктеп,марапаттауын аламын.Осы әдіспен барлық пәндерден оқушыларды ай сайын қатыстырып отыруға болады.Бұл- әрі әділ және басқа оқушылардың терең дайындалуы керектігіне көз жеткізетін жаңа тәсіл.

Дарынды оқушылардың білімін шыңдайтын олимпиадалардың қатарына ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиадасын жатқызуға болады.Былтырғы оқу жылында тек ұстаздарға мүмкіндік көп болса, биылғы оқу жылында оқушыларға арналған пән олимпиадалары ашылды.Болашақта бастауыш сынып оқушыларына да осындай мүмкіндік болатынына сенімім мол.

Qaztest.kz сайтындағы «Қазақстан тарихы» мен «География» пәндерінің олимпиадасына оқушылардың назары қатты ауды.Әсіресе Сатыбалдиев Талғат жетекшілік ететін 6 «ә»сынып оқушыларының жарысқа қатысуы белсенді болды.16-қараша күні осы сыныптың оқушыларын координатор ретінде белгілі бір уақытқа жиып, онлайн тестті өткіздім.Тест тапсыру кезінде оқушылардың бойынан жеңіске деген құлшынысты байқадым.Ал жеңіс көп еңбектенуді қажет етеді.Оқушылар білмей қалған сұрақтарына келгенде көп іздену керектігін түсінді.Төмен нәтиже көрсеткен оқушылар «мен міндетті түрде дайындаламын», «мен өзімнің білімімді тағы да бір далелдеймін»деп өздерін қамшылаумен болды.Осы жарыстан кейін олардың үйлеріне бара салып,кітаптың бетін ашатыны анық.Бір күн болса да бала осылайша білім алса,ол әрине ұстаздар мен олимпиада ұйымдастырушыларының жеңісі болады деп ойлаймын.

Qaztest.kz сайтының оқушылар мен ұстаздарға арналған төсбелгілері де көпшіліктің көңілінен шығып жүр.Осындай төсбелгіні тақсам деген әрбір баланың білімге құштарлығы артатыны сөзсіз.

Жақында Qaztest.kz сайтындағы Республикалық «Үздік педагог»олимпиадасына біздің ұстаздарымыз да белсене қатынасып, өздерінің білімді ұстаз екенін көрсете білді.Ұстаздардың олимпиадаға деген қызығушылықтары жоғары болды.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша біздің педагогикалық ұжымымыз «Үздік ұжым»кубогін иеленді.Ұстаздарға осындай мүмкіндіктер жасап,шығармашылық шабыт сыйлаған Qaztest.kz сайтының ұйымдастырушыларына алғысымыз көп.

Заманның талабы болса да қашықтық олимпиадаларға үрке қарайтын ұстаздар да жоқ емес.Еліміздің болашағы біз бен сіздердің қолдарыңызда тұрғанда заманауи үлгідегі білім берудің көшінің соңында қалып қоймай, заманауи құрылғылармен жұмыс жасап,білім сапасын арттырайық әріптестер!

Түркістан облысы,Төлеби ауданы,Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің «зерттеуші-педагогі», бастауыш сынып мұғалімі
Қыдырбаева Ғалия Кісетайқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ