Астана жайлы 8 дерек

0
895

Қазақстанның елордасы Астана-әлемдегі ең заманауи қаланың бірі. ХІХ ғасырда шағын ауыл ретінде құрылған елорда уақыт өте келе өсіп, Орта Азиядағы ең ірі мегаполистердің біріне айналды. 1997 жылдан бастап оған «Астана» атауы берілді. Бүгінде елордамыз жыл өткен сайын қарқынды дамып, қаланың барлық жерінде жаңа үйлер мен көк тіреген ғимараттар бой көтеруде.Келесі кезекте біз сіздерге Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы жайлы тың ақпараттармен бөлісетін боламыз.

№1 дерек

Мемлекет басшысы 2017 жылғы наурызда Қазақстандық БАҚ-қа өкілдеріне берген сұхбатында: «Елордаға қандай атау беруді біраз уақыт ойланып жүрдім».-деп еске алады. Алғашқыда Елбасының ойына: Есіл, Сарыарқа,Қазақстан деген қала атаулары келген. Бірақта, ол бұл атаулардың ешқайсысын жаңа елордағы лайық деп таппаған. Осылайша, бір күні түнде Елбасының ойына «Астана» деген атау келеді. Сол заматта ол ойына келген жаңа атауды жазып алған екен.Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, Президент бұл атауды талқылау кезінде көп ойланған. Және де жан-жақты бұл атау елордаға сәйкес келетіндігін айтқан. Біріншіден, Астана атауы қазақ және басқа тілдерде де елорда атауын білдіреді екен.Және де  «Астана» атауымен байланысты ешқандай    тарихи  атау болмағандығы себеп болған .

№ 2 дерек

Қазақстанда жасанды жүректі ауыстырып салу операциясы алғаш-Астана қаласында өтті. Операция 2017 жылдың соңында, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Юрий Пяның басшылығымен болды. Онда жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінен зардап шеккен 60 жастағы пациентке терминалдық кезеңде жасанды жүректі имплантациялау жүргізілді.

№3 дерек

Астана халқының саны соңғы жылдары 3,8 есе өсті. Егер 20 жыл бұрын қалада 275 мың адам өмір сүрсе, қазіргі уақытта 1 миллионнан астам тұрғын бар.Оған қоса, Астанада ерлерге қарағанда әйелдер көп. Статистикаға сәйкес, елордада 539,5 мың әйел және 500 мың ер адам тұрады.

№4 дерек

Астанадағы ең көне ғимарат-қазіргі Сәкен Сейфуллин мұражайы. Мұражай осыдан 172 жыл бұрын, яғни 1846 жылы салынған. Алғашында, ғимарат сатып алынған тауарлардың есебін жүргізу үшін жертөлесі бар кеңсе есебінде салынған. Ал, ХХ ғасырда онда Зорка балабақшасы орналасқан. 1988 жылы 20 ақпанда, Сәкен Сейфуллин қайтыс болғаннан отыз жыл өткен соң, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өкімімен ғимаратта мұражай ашылған. Жалпы, Астанада осыдан 100 жыл бұрын салынған тоғыз ғимарат бар.

№5 дерек

Шатыр және сфералық пішіндегі әлемдегі ең ірі ғимараттар Астана қаласында орналасқан. Олардың ішінде шатыр секілді салынған ең үлкен ғимарат -Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығы болса,ең үлкен шар тәріздес ғимарат — «Нұр Әлем» немесе ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аумағында орналасқан Болашақ мұражайы екен. Бұл екі ғимаратта қаланың көркіне көрік қосып тұр.

№6 дерек

Астанадағы Океанариум — мұхиттан үш мың километрден астам қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз мұхитарал.

№7 дерек

2006 жылға дейін Астана өзінің туған күнін 10 маусымда атап өткен. 1998 жылы Астананың Тәуелсіз Қазақстанның елордасы ретіндегі халықаралық тұсаукесері де сол күні тойланған. Кейіннен, Қазақстан Президенті Жоғарғы Кеңестің 1994 жылғы 6 шілдеде қабылданған Ақмоланың жаңа мәртебесін бекіту туралы тарихи шешімін мәңгіге қалдыруға шешім қабылдады. Осылайша, 6-шілдер Астана күні болып тойланып келеді. Сондай-ақ, 6 шілде күні Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің туған күнін атап өтеді.

№ 8 дерек

Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын «Байтерек» монументі Астана қаласында салынды. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м. Негізгі есікке бастайтын әшекейлі темір бетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан.

«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді.Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ