Асыл мұра- туған жер

0
2971

Туған жерім,тұңған тарих көзіне,

Ата-бабам берік болған сөзіне,

Білген сірә, кең даланың төсінде,

Қазақ жұртым не керегін өзіне.

Қасық қанын қиып асыл бабамыз,

Ат үстінде аман қалған даламыз.

Қан кешкенде ұлан байтақ төрімде,

Өркендемек сіздің  арқаң балаңыз.

Қиын қыстау күнді өткізген бір шақта,

Сол жерлерді айналдырдық гүл баққа.

Асыл мұра- туған жерім гүлденбек,

Ерен тұлға отырғанда, бұл тақта.

Елім менің еңсең биік қашанда,

Сенің арқаң мен биікке басам ба?

Сені әлемге танытамын көрде тұр,

Білім атты кең сарайды ашам да.

Ұландарың ертеңі үшін тынбайды,

Әсемдікті сендегі әркез жырлайды.

Шын жүректен шыққан әсем тілекті,

Құлындарың бұл күн саған арнайды.

          Аншаева Ақнұр  Болатқызы

                                                       Қызылорда облысы,Сырдария ауданы

                                                       № 36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің     

                                                      4-сынып оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ