Атом құрылысы. Химиядан тест тапсырмалары

0
5783

Осы тест тапсырмалары бойынша студенттер мен оқушылар оқу бағдарламасының материалына кіретін химиядан білім деңгейлерін тексере алады.  Мақсаты — химиядан  аралық және ағымды бақылауға, сонымен қатар емтиханға дайындалуға көмек көрсету. 

  1. 4d деңгейшенің алдында келесі деңгейше толтырылады:

1) 5s;
2) 5p;
3) 4f;
4) 4s.

2. 4f деңгейшенің алдында келесі деңгейше толтырылады:

1) 5s;
2) 5d;
3) 6s;
4) 6d.

3. 4p деңгейшенің алдында келесі деңгейше толтырылады:

1) 4s;
2) 4d;
3) 3d;
4) 5s.

4. Атомдықорбиталь- ол:

1) төрт кванттық сандардың жиынтыгы;
2) кеңістіктегі атом орналасатын ықтималдығы мол аймақ;
3) кеңістіктегі электрон орналасатын ықтималдығы мол аймақ ;
4) электронның жүру траекториясы.

5. Электронныңатомдағы күйі келесі кванттық сандармен сипатталады:

1)
2)
3)
4)

6.Сутегі атомы ядросының массасы:

1) 1,32·10-31 кг;
2) 1,67·10-27 кг;
3) 6,02·10-23 кг;
4) 3,01·10-23 кг.

7.Сутегі атомы ядросының заряды:

1) 3,2·10-19 Кл;
2) 1,6·10-19 Кл;
3) 96500 Кл;
4) 1·10-19 Кл.

8. Электронға ынтықтылық деп:

1) электронның атомға, молекулаға немесе радикалға қосылғанда бөлінетін энергияны айтады;
2) электронды атомнан, ионнан, молекуладан аулақтандыруға қажетті минимальді энергияны айтады;
3) электронның бір орбитальдан басқасына өту үшін қажетті энергияны айтады;
4) атомдардың немесе молекулалардың соғысуы үшін қажетті артық энергияны айтады.

9.№11натрийдің электрондық формуласы:

1) 1s2 2s2 2p6 3s2;
2) 1s2 2s2 2p6 3s1;
3) 1s2 2s2 2p6;
4) 1s2 2s2 2p5.

10. Бас кванттық сан n=2-ге тең болғанда электрондық қабаттағы электрондардың максимальді саны тең:

1) 2;     2) 4;      3) 6;     4) 8.

11. Бас кванттық сан n=3-ке тең болғанда электрондық қабаттағы электрондардың максимальді саны тең:

1) 18;     2) 8;      3) 6;     4) 32.

12. Атомдар тұрады:

1) протондар мен нейтрондардан;
2) молекулалардан;
3) атомдық ядролар мен электрондардан;
4) нуклондардан;

 

Әдебиеттер тізімі: 

  1. А.А.Тұманова, Қ.С.Идрисова . Химиядан тест тапсырмалары
  2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – А.: Мектеп, 2001.
  3. Коровин Н.В., Масленникова Г.Н., Мингулина Э.И., Филиппов Э.Л. Курс общей химии.- М.: Высшая школа, 2000.
  4. 3. Харин А.Н., Катаева Н.А., Харина Л.Г. Курс химии. — М.: Высшая школа,1983.
  5. 4. Глинка Н.Л. Общая химия. — Л.: Химия, 1999.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ