«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары

0
3187

Төмендегі тест тапсырмалары  оқу материалын жүйелеу және біршама оңай есептерді шығарғанда негізгі түсініктер мен заңдарды қолданып білуді үйретеді. 

1.Қышқылдық оксидті таңдаңыз:

1) К2О;
2) Al2O3;
3) P2O5;
4) Cr2O3.

2. Негіздік оксидті таңдаңыз:

1) NO;
2) СaO;
3) Fe2O3;
4) SiO.

3.Амфотерлі оксидті таңдаңыз:

1) Сr2O3;
2) BaO;
3) SiO;
4) N2O5.

4.Орта тұзды таңдаңыз:

1) BaSO4;
2) Ba(HSO4)2;
3) (BaOH)2SO4;
4) Ba(OH)2.

5.Амфотерлі гидроксидті таңдаңыз:

1) Ca(OH)2;
2) Cr(OH)3;
3) Sr(OH)2;
4) Mg(OH)2.

6.Негіздік гидроксидті таңдаңыз:

1) NaOH;
2) Cr(OH)3;
3)Al(OH)3;
4) Pb(OH)2.

7.Күкіртті қышқылының тұздары аталады:

1) сульфаттар;
2) сульфиттер;
3) сульфидтер;
4) гидросульфаттар.

8.Фосфин деп фосфордың келесі затпен қосылысын атайды:

1) күкіртпен;
2) оттегімен;
3) қышқылдық қалдықпен;
4) сутегімен.

9.Хлорлы мыстың қышқылдық тұзы аталады:

1) гидрохлорид;
2) гидрохлорит;
3) гидроксохлорит;
4) гидроксохлорид.

10.Темір(III)оксиді жатады:

1)    қышқылдық оксидтерге;
2)    тұз түзбейтін оксидтерге;
3)    негіздік оксидтерге;
4)    амфотерлі оксидтерге.

11. Қате аталған тұзды табыңыз:

1) мыс хлориді;
2) темір сульфаты;
3) натрий ортофосфиті;
4) алюминий нитраты.

12.Формуласы қате жазылған тұзды таңдаңыз:

1) FeCl3;
2) CuSO4;
3) NaCl2;
4) Cr2(SO4)3.

Әдебиеттер тізімі: 

  1. А.А.Тұманова, Қ.С.Идрисова. Химиядан тест тапсырмалары
  2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – А.: Мектеп, 2001.
  3. Коровин Н.В., Масленникова Г.Н., Мингулина Э.И., Филиппов Э.Л. Курс общей химии.- М.: Высшая школа, 2000.
  4. 3. Харин А.Н., Катаева Н.А., Харина Л.Г. Курс химии. — М.: Высшая школа,1983.
  5. 4. Глинка Н.Л. Общая химия. — Л.: Химия, 1999.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ