Ауасыз тіршілік жоқ

0
7624
САБАҚ: Мектеп: № 42 ЖББМ, Алматы қаласы,Әуезов ауданы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышева Н.Б.
Сынып: 7 «А» Қатысқан оқушылар саны:12 Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы
Ауасыз тіршілік жоқ
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Мәтіндегі және графиктік кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілері арқылы ақпаратты интерпретациялау. Жалғаулар мен шылауларды еске түсіріп, үндестік заңына орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбі:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбірі:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Ауаның тіршілік үшін, табиғат үшін пайдасын біледі.Ауасыз тіршіліктің жоқтығын ұғынады.Зерттеу арқылы ауа және оның қасиеттері туралы біледі.
Осыған дейін меңгерілген білім Ұлы дала табиғаты
Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Дереккөздер
Сабақтың басы

5 минут

Ой шақыру.

Жұмбақтың шешімін табыңыз.

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.(Ауа)

Немесе «Ол бар жерде бар ма, жоқ па,білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.»  (Ауа)

Ауа деген не?  География пәнінен өткендеріңіз бойынша анықтама бере аласыздар ма?

Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы.

Топтанайық

1-топ. Сын есімдер тобы:

Ауа қандай? Ауаның қасиеттері

1. Көзге көрінбейді
2. Түссіз
3. Дәмсіз
4. Иіссіз
5. Жылуды сақтайды және т.б.

2-топ. Зат есімдер тобы;  Ауаның құрамындағы химиялық элементтер: газ,сутек, көміртек,  аммиак, метан

3-топ. Етістік тобы: жұтамыз, тыныстаймыз, ластаймыз, тазартамыз, өмір сүреміз.

Барлық  топқа тапсырма. Сөйлем құрау:  Ауа деген не? Анықтама: Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.

Сонымен  біз бүгін не туралы өткелі тұрмыз?

Сабақтың тақырыбын, күннің ретін жазыңыздар.

Сабақтағы мақсатымыз:

Бағалау критерийіміз:

Сабақтың ортасы

30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану:

Тыңдалым. Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 % . Оттегі — O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.

Сондықтан да жоғарғы шекараны дәл белгілеп айту қиын, шамамен 2-3 мың км шамасында бітеді. Төменгі қабатта ауа тығыз әрі ауыр болады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр.

 

Топтық жұмыс. Әр топ алдына флипчарт тасталады.

Мәтінді тыңдап, атмосферадағы элементтердің пайызын  диаграммаға салыңыз.

Топтар диаграммаларын келесі топқа беріп, екі жұлдыз бір ұсыныс бойынша бағалап шығады.

Бағалау критерийі:

·         элементтердің пайызын  нақты көрсете алған;

·         диаграмманы үйлесімді қолданған

Айтылым:

Тыңдалған ақпарат бойынша сұрақтарға жауап іздеңіз.

Құрлықты құрайтын қанша континентті білесің?

Жеті құрлықтағы  жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік етуіне ауа мен климат қалай әсер етеді?

Тіршілік бастапқыда суда басталып, біртіндеп жер бетіне көшті» дегенді қалай түсіндіңіз?

 

Жазылым. 5-тапсырма.

«Ауадағы  тіршілік көздері» деген тақырыпқа класстер құра

Тілдік бағдар

Қазақ тіліндегі жалғауларды атаңыз.

Көптік жалғаудың жалғауларын атаңыз, мысал келтіріңіз.

Тәуелдік жалғау мен жіктік жалғаудың айырмашылығы қандай?

Ұқсастығы неде?

Мысал келтіріңіз.

6-тапсырма. Тыңдалған мәтіндегі  сөздердің қандай жалғауда түрленіп тұрғанын анықта. Оларды кестеге салып, қолданыстағы мағынасын түсіндір.Әр жалғауға 3 мысалдан келтіріңіз.

Мәтіндегі сөздер көптік тәуелдік септік

 

Сабақты бекіту:

«Ауа» сөзіне синквейн құру
1. Ауа
2. Мөлдір, түссіз
3. Өзгереді, ластанады, көрінбейді
4. Таза ауа денсаулыққа пайдалы
5. Атмосфера

 

https://www.youtube.com/watch?v=kKTRWI4KIVk

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі

Үйге тапсырма: «Ауасыз тіршілік жоқ» эссе жазу.

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ