«Ауылдың болашағы- елдің болашағы» атты ғылыми жобалар байқауы өткізіледі

0
4702
Ұстаздық еткен жалықпас

«Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасының негізінде «Ауылдың болашағы- елдің болашағы» атты  ғылыми жобалар байқауы өткізіледі.

Оқушылардың бұл  мектепаралық ғылыми жобалар сайысын  Түркістан қалалық білім бөлімі 2017 жылғы 10 мамырда «Martebe.kz» республикалық білім порталының ақпараттық демеушілігімен, сондай-ақ журналист Қарашаш Есенбайдың жетекшілігігімен өткізуді жоспарлап отыр.

Ғылыми жарыстардың негізгі мақсаты мен міндеттеріне:

* Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыру;

* Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу;

* Жастарды ауылды көркейтуге, өсіруге үлес қосуға шақыру жатады.

Ғылыми жарысқа өз жобасын 8-11 сынып оқушылары ұсына алады. Жұмыстар командалық болуы мүмкін және ондай жағдайда оған  екі оқушыдан артық қатыса алмайды.

Байқауға қойылатын талаптар:
Жобаның авторы өз бетінше зерттеу жұмысына дағдыланып және  оны өз білімін жетілдіре отырып орындауы қажет.

Оқушылардың ғылыми жобалары мен слайдтық (стендтік) жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес жасалуы керек.

Ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша үміткерлер I, II және III дәрежелі дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Оқушылардың ғылыми жобаларының мазмұнына  қойылатын талаптар:

1. Байқауға 8-10 сынып оқушыларының аяқталған зерттеу жұмыстары қабылданады.

2. Байқауға қатысуға әр мектеп үш оқушы ұсына алады.

3. Байқауға мына бағыттарды қамтитын жұмыстар қабылданады.

— Ауылдың мәдениетін дамыту;

— Ауыл өнеркәсібін дамыту;

— Ауыл экономикасын көтеру;

— Ауыл шаруашылығы саласын жандандыру;

— Шикізат өндірісін жолға қою;

— Жастардың рухани білімін жетілдіру;

— Білім саласы реформаларын ауыл деңгейіне бейімдеу (қосымша білім беру орталықтарын ашу, тілдік курстар ашу, жастарды түрлі тәжірибелерге қатыстыру, білімді жастарды жұмысқа тартуды ұйымдастыру).

4. Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің нөмірлері белгіленіп, көрсетілген  аралықта жазылуы тиіс.

5. Зерттеу жұмысына берілген  жетекші пікірінде зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы міндетті.

6. Сайысқа қатысушы үміткерге өз жобасын қорғауы үшін 10 минут уақыт беріледі.

Жұмыстың жабдықталуына қойылатын талаптар:

1. Жұмыс мәтіні толық комьютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, Сол жақтан 2 см жол қалдыру) сондай-ақ:

* алғашқы бет;

* мазмұны;

* аннотация – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;

* кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері;

* негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;

* қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

* пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

2. Алғашқы бетте көрсетіледі:

* жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;

* жұмыстың тақырыбы;

* бағыты;

* орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, облысы, қаласы);

* жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

* сайыстың өтетін уақыты.

Слайдты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Слайдтың алғашқы бетіне көлденеңінен қатысушының атын, сыныбының, мектебінің, қаласының атын орналастыру қажет;

2. Слайдтағы материалда нөмірленген кестелер, фотосуреттер, сауалнама нәтижелері, диаграммалар енгізіліп, жұмыстың мазмұны, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресімделуі тиіс;

3. Мазмұнды дайындау кезінде жоба авторы алған нәтижелерін көрсетуге, ұсыныстарының өзектілігіне негізгі назарды аудару қажет.

Ғылыми жетекші алынған нәтиженің нақтылығы мен дұрыстығын, орындалған жұмыстың қандай да бір кітаптардан, диплом жұмыстарынан, магистрлік диссертациялардан көшірілмегенін қамтамасыз етуі міндетте. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек. (Оның ішіне зерттеу, сауалнама жүргізу, ұсыныстарды айту, жобаны іске асыруға демеуші табу кіру мүмкін).

Ұйымдастырушы тараптың жүлде қорында:

1 — орын біреу

2 — орын екеу

3 — орын үшеу

6 ынталандыру сыйлығы бар.

Қосымша ақпараттар үшін 8 701 113 96 09 нөміріне немесе karashashyessenbay93@gmail.com электронды поштасына хабарласуларыңызға болады.

Ғылыми жұмыстар сайыстан бір күн бұрын ұйымдастырушыларға ұсынылуы міндетті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ