Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.

0
14923

Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құрал-дарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсы бір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдердің тілі қарапайым, нақты.
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі туралы да осыны айту дұрыс. Басты идеясы алдыңғы өлеңдермен үндес, сарындас болғанмен, кейінгі өлеңде ақынның жастар алдындағы ағалық ниеті, ұстаздық ғибраты тікелей оқу, білім, ғылым төңірегінде ғана болмай, өмірдегі адамгершілік іс, достық пен татулық, адалдық секілді әлеуметтік-этикалық биік қасиеттерді үлгі етіп, өсиет қылады. Адамгершілік, кісілік туралы «ойларды шешендік, ақылгөйлік түрінде әсіресе баса айту — бұл Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті».

Тақырып пен идея, мазмұн тұрғысынан алып қарағанда, аудармада Абайдың осы ниеті, осындай ұстаздық ғибраты мен көзқарастары ашылуының маңызы жоғары. Өлеңнің алғашқы шумағын алып, онда берілген жайлардың орыс тіліне аударылу, орыс тілінде берілу деңгейіне назар аударайық:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат .

Осы тармақтарындағы әр ой анық, оны жеткізіп тұрған тілдік құралдар, түрге пішін беріп тұрған бейнелеу құралдары да жара-сымды. Мазмұн мен пішін арасынан ешқандай жарықшақ табылмайды, бәрі де сұлу келісіммен үндесіп тұр. Ақын өлеңнің бастапқы тармағында жігіттерге екі түрлі, біріне-бірі қарама-қарсы екі құбылысты қатар пайымдауды ұсынады: ойын және күлкі. Ауызекі сөз барысында ойын мен күлкі бір-бірінен ажыратылмай, екеуі өзара шектес, мәндес құбылыстар ретінде айты-латыны рас. Ақын осы екі құбылыстың ара-жігін ашып, олардың әрқайсысының мәні мен мәнісін ажыратып сипаттайды. Олардың мәнін ашу мақсатында ақын бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы, антонимдік қатынастағы екі сөзді таңдап алған: арзан — қымбат.

Өлеңнің мағыналық өзегі мен құрылым жүйесі үшін «ойын-ның арзан» болуы қаншалықты шешуші болса, соған орай «күлкінің қымбат» болуы сон-шалықты маңызды. Бұл секілді антонимдік қатынаста тұрған сөздердің мағыналары ақын-ның айтайын деп отырған негізгі ойының сал-мағын арттырып, өлеңнің поэтикалық қасиетін күшейте түсетіні сөзсіз. Ақынның осы ойы өлеңнің келесі тармағында және бір жұп құбылыстармен негізделеді. Ол құбылыстар — сыр мен сымбат. Өлеңнің басты идеясы мен тақырыбын, мазмұны мен пішінін тану үстінде осы екі тар-мақта түзілген түр мен өрілген ойдың өзара қатынасы, байланысы, сабақтастығы айрықша мәнді. Өлеңнің ішкі болмысына, нақты мағы-насы мен эмоциялық мазмұнына, поэтикалық тұтастығына бастайтын арна осы екі тармақтан басталады. Ақынның ішкі сырына, ақындық-азаматтық нысанасына барар жол осы екі тар-мақтың көркемдік-эстетикалық табиғатынан тамыр тартады.Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.

Жалпы, қазіргі таңда нағыз жігіт жоқ, жігіт дегендер азып, сонау Баукеңдермен бірге келмеске кетті деп пессимистік ойға беріліп жүргендер көбейіп кетті (әсіресе нәзік жандылар тарапынан). Ал енді біреулер саусақпен санарлық жігіттер бар екенін айтып көңілді орнына түсірсе, бағзы біреулер «Ой, ондай жігіттер, мыннан, пішен, тек қыздар көре алмайды» деп желпіндіріп қояды. Шындығында қалай өзі, нағыз марқасқалар ортамыз да ма, әлде… Бұл да болса ойланатын сұрақ. Менің ойымша, Абай ақынның  жігіттердің бейнесін ашқан сәтті образына тән тұлғаны біздің зананда кездестіру, бұл бір сирек құбылыс сияқты.

 

Бітіруші түлектер үшін сайт редакциясы Martebe.kz ақпараттық білім порталында жарияланған эсселер тізімін назарларыңызға ұсынады. Тақырыптарды басу арқылы, эссе жазылған бетке өте аласыз.

  1. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  2. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз!
  3. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  4. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  5. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
  6. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  7. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  8. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз!
  9. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз!
  10. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз!
  11. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз!
  12. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
  13. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз
  14. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз!
  15. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз!
  16. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
  17. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз!
  18. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз!
  19. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз!
  20. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз!
  21. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз!
  22. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз!
  23. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз!
  24. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз!
  25. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз!
  26. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз!
  27. Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
  28. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
  29. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз!
  30. Ыбырай Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз
  31. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз!
  32. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыру
  33. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!
  34. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз!
  35. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!
  36. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!
  37. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз!
  38. Сәбит Мұқановтың зар заман ақындары туралы зерттеуі
  39. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларындағы идеялық ерекшеліктер
  40. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
  41. Мұрат Мөңкеұлның «Қыз» өлеңі
  42. Қашаған Күржіманұлы: Оразалы байға
  43. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
  44. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны
  45. Үкілі Ыбырайдың “Қалдырған” әні
  46. Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
  47. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
  48. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
  49. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
  50. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ой
  51. Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзіне талдау
  52. «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
  53. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
  54. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
  55. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
  56. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
  57. Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
  58. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  59. Ілияс Есенберлин шығармашылығы
  60. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  61. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  62. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі
  63. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды…
  64. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
  65. Мұқағали Мақатаев. «Дариға-жүрек» поэмасы
  66. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  67. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
  68. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
  69. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
  70. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
  71. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
  72. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ