Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз!

0
29129

Қазіргі қазақ әдебиетінде, сөз жоқ, елеулі, татымды туындылар бар. Олар оқушының кырағы көзінен қағыс қалып жүр деп айта алмаймыз. Сондай жаңа шығарманың біреуін біз де сөз еткелі отырмыз. Ол — белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»  («Жазушы»  баспасы, 1976 жыл) атты романы. Жазушылық жолын очерктерден бастаған, бұл салада бірнеше кітап шығарып, жұрт көзіне тұскен Ә.Нұршайықов кейінгі жылдарда романға қол ұра бастады. Оның «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романы оқушы қауымның ілтипатына бөленіп, әйгілі кітаптардың біріне айналды. Ал, сөз болғалы отырған «Ақиқат пен аңыз» -антордың жаңа ізденістерінің, үлкен жанр құпиясын меңгеруде ТЫҢ қадам жасағандығының нышаны.
«Ақиқат пен аңыз» романында халқымыздың даңқты перзенті, ¥лы Отан соғысының қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік сапары сөз болған. Бұл тақырыптың өзіндік қиындығы да бар СДІ. Өйткені Қазақстанда негізі жасақталған, Москва түбіндегі шаііқастарда сан түрлі ерлік көрсеткен панфиловшы 8-гвардия дииизиясының тарихи оқиғалары мен адамдары, соның ішінде, Бауыржан Момышұлының жеке басының батырлығы жайында бұдан бұрын да жазылған. Бұл қатарда, әсіресе, А.Бектің «Нолокалам тас жолы», «Панфиловшылар алғы шепте» атты повестерін атап өту керек. Осы шығармалар ¥лы Отан соғысы гақырыбына арналған туындылар арасынан ерекше бағаланып, көптеген шет ел тіліне аударылған, жер жүзі колеміне жайылған. А.Бек кітабының орталық тұлғасы ретінде Ьауыржанның есімі де жаһанның шартарабына мәлімденген еді. Кейін Б.Момышұлы «Москва үшін шайқас» кітабында совет жауынгерлерінің фашистерге қарсы соғыстағы қайсарлығын, биік саналылығын, темірдей тәртіптілігін жарқырата ашып көрсеткен.Шығарманың  басты  жетістігі —  аты  аңызға  айналған замана қаһарманының жарқын, тұтас тұлғасын жасауында. Біз Бауыржанның    ірі    азаматтық    келбетін    оның    әрбір    іс-әрекетінен,  сөзі  мен  мінезінен  айқын  аңғарып  отырамыз.

Кейде естелік түрінде, енді бірде қаһарманның қазіргі қалпын суреттеу арқылы оның бейнесі толыса түседі. Бауыржанның маііданда,     жау    қоршауында     қалған     шақта    көрсеткен іаиқырлық, табандылығы да, жазушының сұрауына берген қысқа, орнықты жауаптары да шым болаттан құйылғандай батыр келбетін айқындайды. Мұндай тізбек эпизод пен оқиға шыгармада мол. Қаһарманның ұрыс даласында омыртқасына оқ   гірелгенде госпитальға кетпей,  оқты табанда алмаспен алдырғаны, өзіне тиесілі үйді «солдаттың анасы — Россияның аиасы» деп ұлы майданда өлген кемпірге бергізуі, айтыста оза шыққан орыс қызы Надежда Лушниковаға сыйға ұсынылған жай сағатты алдырмай, өзі алтын сағат сатып әперуі, жас кезінде    төрешіл    мекеме    бастығының    табансыздығына ызаланып, жұмысты тастап кетіп қалуы сияқты толып жатқан коріністер Бауыржан мінезін нанымды мүсіндейді.

Ә.Нұршайықов романын шын мәніндегі ерлік эпосы деп атауға болады. Шығарманың қан тамырымен ағып жатқан бас мұрат — елге, Отанға, антқа, дәстүрге, достыққа опалылық, жанқиярлық өнегесі. Мұнда бір Бауыржанның емес, нағыз үлгі тұтуға тұрарлық, есті, арлы алуан адамның да суреті бар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ