М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.

0
16035

Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан., бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты, адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқылы жеткізуге болады. Сондықтан да сөз құдіретінің мән-мағынасына терең бойлап, мың сөзден бір сөз таңдап, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын — қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі.
Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ болары сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев та біз үшін мәңгі тірі. Жылдар өтер … әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек!
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали. Ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен. Үйдің тұнғышы болғандықтан, Мұқағали Тиын әжесінің тәрбиесінде болған.
… Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса… нені көрем?- деп Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Әжесін білетін қарттар Мұқағалиды «Тиын әжесіне тартқан» дейді екен.
Екінші оқушы. Ол он жасқа келгенде әкесі Сүлеймен соғысқа аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза табады. Анасы Нағиман балаларын өзі асырап бағады, тоқсан бес жасқа келіп қайтыс болды. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали он-он бір жасынан өлең жаза бастайды. Ал он төрт-он бес жасында қазақ әдебиетінен бастап орыс әдебиетін, оның ішінде Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсіне оқиды. Шетел әдебиетінен Гейне, Гете, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалайды.
М.Мақатаев поэзиясында өмір құбылыстарын көз алдына қаз – қалпында еш қоспасыз түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем суреттейді.
Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, өлеңдерінде өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой – қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сенде құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ