Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.

0
7073

 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бағыңды сына!

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлы соңында қалдырған әдеби мұрасының біраз бөлігі – арнау өлеңдер. Бұл шығармалар оның өз заманындағы белгілі бір кісілерге арналып айтылған. Олардың қай-қайсысы да тарихи деректілігімен, айрықша мазмұнымен, көркемдік қуатымен ерекшеленеді. Мұраттың арнау өлеңдері әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен, «Қыз» деген өлеңі, Атырау өңіріндегі көнетоз қарттардың айтуынша, Адай қызының тойына арналған көрінеді. Ал «Еліне жазғаны» деген хат түріндегі өлеңді мазмұнына қарап, Маңғыстауда дүниеге келген шығармалары қатарына жатқызуға болады. Ақын ауылда қалған азаматтарға өлеңмен сәлем жолдау арқылы елге деген сағынышын жеткізеді. Дұға де Мәкен, Сыйғыт, Шеруенге, Тойсойған, адыра қалғыр, ит Қарабау, Ат мініп, киім киген жерім еді. Есіме Беріш жігіті түсіп кетсе, Көзіме қай-қайдағым көрінеді… Бұл өлең 1924 жылы Ташкентте Халел Досмұхамедұлы жариялаған нұсқасында 1880 жылы жазылғаны көрсетілген. Оның үстіне хаттағы: «Жетер ме Маңғыстаудан айтсам сәлем, Қоныста-ай еркелеткен қылаңдарға», — деген жолдардың өзі Адай жұртының арасында туған өлең екенін айғақтап тұр. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық өмірбаянын айшықтай түсетін мұраның бірсыпырасы – би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері мен жиын-тойлардағы жырлары. Бұл өлеңдерден ақынның мінез-құлқы, өскен ортасы, өмір сүрген кезеңі жайында мол мәлімет алуға болады. Өлеңдерінің дені өзінің туып-өскен жерінің азаматтарына арналған. Ақынның бірер өлеңі би-болыстарды әжуалауға арналған. Мұраттың айтысқа түскенде жеңіске жеткізетін ащы әзілі мен мысқылы осы шығармаларынан да анық байқалады. Жыр жүйрігі өзін олармен тең дәрежеде ұстап, ойына оралған сөздерін емін-еркін айтатын болған. Елдің қамын емес, тек билікті ғана ойлайтын болыстар Мұрат өлеңдерінің нысанасына іліккен. Айтыс ақындары қашанда той-думанның көркі болған. Алқалы топ арқалы ақындарға тойбастар айтқызып, жаңа түскен жас келіннің бетін ашқызған. Атақ-даңқы қалың елге жайлған Мұрат та Атырау, Маңғыстау өңірінде өткен тойларды жырмен бастаған, ойын-сауықтың сәнін келтірген ақын. Тойбастар орындау құрметіне ие болу үшін Жаскелең ақынмен айтысып, оны тізе бүктіргені белгілі. Мұрат Мөңкеұлының екі тойбастар өлеңі ғана сақталған. Бұл өлеңдерді басқа шығармаларына қоса Берік Қорқытов 1947 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің бірінші курсында оқып жүрген кезінде Мұраттың баласы Дәулетқалидың аузынан жазып алған. Қорыта айтсақ, Мұрат Мөңкеұлының арнау өлеңдерінде оның ақындық қуаты, шығармашылық шеберлігі, адами болмысы айқын көрініс тапқан. Сондықтан мұны ақын мұрасының маңызды бір бөлігі ретінде қарастырған жөн.

 

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз 

Оздырдың салтанатты еліңнен қыз, 

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, 

Реңкің сары алтындай көрінген қыз.

 Шәй ішіп самаурыннан сәске түсте 

Керіліп әзер тұрасың төріңнен қыз. 

Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,

 Көшкенде салтанатың көрінген қыз. 

Дәулеттің қалың қара арқасында 

Асқан жоқ қатар — құрбың өзіңнен қыз. 

Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан қыз, 

Сүйегің жаратылған асылдан қыз. 

Лебізің, сөзің — шырын, маржан — тісің, 

Кеткісіз келген адам қасыңнан қыз. 

Адамның жалғаншыда арманы не, 

Сенімен дүниеде қосылған қыз. 

Сөйлесең сүт шығады тіліңнен қыз,

 Құрбыңа салтанатың білінген қыз. 

Басыңнан бұл дүние өтеді деп, 

Қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз. 

Қамқа бөрік, камзол, бешпет, алтын ілгек, 

Ақ көйлек зер шашақтан киінген қыз, 

Қызығын дүниенің сізде көріп, 

Ата — анаң үйде отырып сүйінген қыз. 

Шалықта ата — анаңның дәулетіне, 

Бір күні жөнелерсін үйіңнен қыз. 

Әуелде атаңа еріп анаң келген, 

Ойласаң осы жерден білінген қыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ