Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз!

0
31390

Махамбет шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытқа бұрып, қоғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын бай­манап, хан­патшаға қарсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ, тереңірек ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын. Тәуелсіздікке, бостандыққа үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен тасқа ұрды. Ашық айтты. Тартынбай сөйледі Поэзияның құдіретті қуат күшіне арқа сүйеп, алыстан сермеді. Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз тәуелсіздікке қолжеткізген тұста, Махамбет жырларының қадір­қасиетін қайта қарауға, қайта талдау,басқаша бағалау міндеті алда тұр. Махамбет туралы тұжырымды ой­пікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісін, Махамбет поэзиясының ақиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлы­сынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес. Ғалым Қажым Жұмалиевтың дерегіне сүйенсек, Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанда туғандығын, Батыс Қазақстан ол кезде, Бөкей, немесе, ішкі Орда деп аталғандығына көзіміз жетеді. Жайық пен Еділдің екі арасында өткен өлке еді дейді ғалым. Тайманның­Исатайы да, Өтемістің Махамбеті де Беріш руының перзенті. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын
өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи
шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын,
ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап
күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың
бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси
лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы,
саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі — үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу,
белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы
көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет
поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының
шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен
байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы
батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына
артқан адамның бірі — Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты
қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы
тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен
салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің
негізгі ерекшелігі — оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек
жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой,
нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл
үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс
туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет
өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр — мазмұнның түрі болуы қажет
деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереулі атқа ер
салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері — мазмұнына түрі сай, жалынды
үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің
мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған
отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып
келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады.

Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға. Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Сондықтанда Махамбет ақын: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір­біріндеп сөксе де Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, – дейді. Бұл әділет жолына бір жола бет бұрған адамның сөзі. Жүрек толқынысы. Осындай мағыналы да, саналы да ерлікке кімдер жарамайды, кімдер қолқанат бола алмайды?! Олар: Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын, Күнінде көз көрінім жер шалғысыз… Айырдан туған жампоз бар, Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, Асылын айуан десең нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Күндердің күні болғанда Жарамды бір теріге алғысыз, – жандар болмақ. Махамбеттің осы екі жырының мәні – ақынның көз қарасын айқындаған. «Толарсақтан саз кешіп… қабағын шытпас ер керек, біздің бүйткен бұл іске» деп тұжырымдаса, «аруанадан туған мая бар, асылын айуан десе нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар. Күндердің күні болғанда, жарамды бір теріге алғысыз…» деуі – тәуелсіздік жолындағы өрелі істерге бастайтын тағылымды туынды екенін көрсетеді. Алда Қазақ Елінің тәуелсіздігіне – жиырма жыл толғалы отыр. Бір қарасаң үлкен жас та емес, ұзақ жыл да емес. Жиырма жылдық атқарылған ұланғайыр істерге көз салсаң қария ғұмырындай біраз айтарлықтай ұлы істер атқарылған. Тәуелсіздікті айтқанда, Махамбеттің жырлары жадыңа оралады. Дүниежүзінде екінші Шекспир атанған Португалия ақыны Луиш ди Камоэнс Махамбет­сынды тәуелсіздік үшін күрескен ақын. Португалия өзінің Тәуелсіздігінен айрылған 1580 жылдың 10 маусымында Луиш ди Камоэнс дүниеден өтеді. «Мен, тіпті, өзімнің туған Отанымда көз жұмғалы жатқан жоқпын, мен сол тәуелсіздігінен айырылған туған Отаныммен бірге өліп жатқандай сезінемін» деген ақынның жалынды сөзі ұлтының жүрегіне ұялап, Португалия елі қайта тәуелсіздік алғанда, ақынның асқан дана сөзі үшін Луиш ди Камоэнс қайтыс болған күнді – Португалияның Ұлттық Күні деп белгілейді». Сол ақынның жүрегімен үндескен Махамбет: Абайламай айрылдым, Ар жақтағы елімнен, Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін, Кем болмады өлімнен, – дейді. Туған халқының тәуелсіздігінен айрылу, тәуелсіздік үшін күрескен Исатай­сынды нарқасқа асыл ерден айрылу – ажалдан кем соқпаса керек. Махамбет Өтемісұлы – халқының қамын жеген, мұңымен бірге мұңданған, қайғысымен бірге қабырғасы қайысқан қазақтың ұлы ақыны. Ол өзінің ереуілдес серігі, қандос досы, Исатаймен бірге 1836­38 жылдары Қазақстанның батыс аймағында кеңінен өріс алған отты майданда халық көтерілісін басқарып, бай­шонжарларға қарсы күресіп, азаттық үшін, ұлтының тәуелсіздігі үшін бар жүрегімен майдан салды. Ел тілегінің жоқшысы Махамбеттің өршіл де отты жыр­толғаулары бұхара халықтың тәуелсіздік жолындағы күресінің айбынды қаруына айналды. Ақын өлеңдері қазақ халқын жігерлендіріп, ерлікке шақырды. Оның өткір де отты сөздері алмас қылыштың жүзінен кем түскен жоқ. Махамбет шығармашылығындағы келелі образдардың бірегейі – Исатай батырдың бейнесі. Исатайдың тәуелсіздік үшін күресі, сол жолындағы ерлігі мен қаһармандығы, батырлығы мен азаматтығы Махамбеттің өлең­толғауларына өзек болып, өміршең әдеби туындыларды әкелді. Махамбет Өтемісұлы ақын, әрі күйші болған адам. 1836­38 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің басы­қасында болып, әрі көсемі, әрі жалынды жыршысына айналған алмас жүзді ақын. Бала кезінен әрі мұсылманша, әрі орысша оқып, зердесін кеңейткен тұлға. 1824­28 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс туралы ғалымдарымыз кеңес өкіметі кезінде саясатқа орай шаруалар көтерілісінің тасасында қалдырды. Бұл көтеріліс тәуелсіздіктің басы еді, әділет үшін майданның алғашқы қадамы еді, ұлт бостандығының тұңғыш бой көтеруі еді. «Исатай Тайманов көтерілісі» атты А.Ф.Рязановтың, «Торғай облысы» атты Добросмысловтың, «Ішкі орда және Исатай Тайманов көтерілісі» атты дүниелер деректілігімен бағалы. Солай бола тұрса да тәуелсіздік рухындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи бағасын беруде біржақтылық басым болғандай. Оған, әрине, авторлар кінәлі емес, уақыт, замана, саяси қоғамның өтпелі кезеңі әсер етуінен деп, бағалаған орынды. Бұл орайда Қажым Жұмалиевтың Қазақ ССР ғылым академиясы арқылы 1948 жылы жарық көрген «Махамбет /1804­1846 жж» атты монографиясының құндылығы ерекше. «Мен едім» деген өлеңінде ақын көкке атылған найзадай тік шаншылып: Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Ел құтқарар ер едім, Жандаспай ақыры бір тынбан, – деуімен­ақ, ақын өзінің кім екендігін, не үшін күрескендігін айқын дәлелдеген. «Ел құтқарар ер едім» деуі де сондықтан. Асылында, біз бұрын Махамбетті аясы тар ұғымда зерттеп, оның көсегесін көгерте алмай келгеніміз рас. Махамбет ақын шаруалар көтерілісін бастап, хан­сұлтандарға қарсылық көрсетумен тынған жоқ. Ақын хан­сұлтандарға қарсылық күресімен туған халқына деген әділеттілік үстемдік құруы үшін күресті. Махамбет Өтемісұлы – Тәуелсіздіктің ұлы жыршысы. Тәуелсіздіктің басы болған ақын. Бұл күнде ақын дегеніне жетті. Қазақ елі – Тәуелсіздіктің туын көкке көтерді. әлем қазақ халқын таныды. Мемлекет екенін мойындады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ