Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз!

0
19152

Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен — ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да
«Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.

Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.

Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.

Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,

Баяғы өзің өскен жерден келдім.

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,

Иіскеп бір сүйейін деген едім?

Құланның жонда көрдім шоқырағын,

Қайыңның жаста көрдім жапырағын.

Қарамай кетіп қалып әкең сорға,

Бір уыс көп көрді ме топырағым.

(Ғарифолла Құрманғалиев. Мұхиттың әндері. Алматы. «Дастан» дыбыс жазу студиясы, 2001 ж.)

Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.
Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ